Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.02.2015
0
407
0

Түбірлердің формулаларын қолданып квадрат теңдеулерді шешу

Республика Казахстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Математика пәнінің мұғалімі
Шалабаева Алма Билимовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадраттық теңдеуді шешуде формулаларды тиімді пайдалану  

                     дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту,

                                математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  Алған білімдеріне жауапкершілікпен  қарауға,  өз мүмкіндігіне 

                      сенуге, үлкен жетістікке  ұмтылуға үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық, есептер шығару.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Қолданылатын технология: деңгейлеп-саралап оқыту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, анаграмма, тест тапсырмасы,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

                                   2. Үй тапсырмасын тексеру.

 

Ауызша: Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқыңдар.

  1.      ах+ вх + с = 0 теңдеуі ... теңдеу деп аталады, мұндағы а, в, с - берілген сандар, х-айнымалы, а нөлге тең емес.
  2.      х2 = а теңдеуінің  а > 0 болғандағы түбірлері х1 = ...; х2 = ... .
  3.      ах+ вх = 0 теңдеуі ... квадрат теңдеу деп аталады, а нөлге тең емес.  
  4.      ах+ вх + с = 0 теңдеуіндегі в ... коэффициент деп аталады.
  5.      х2 + px + q= 0 теңдеуі ... квадрат теңдеу деп аталады, мұндағы а = 1.
  6.      ах+ вх + с = 0 теңдеуінің түбірлері мына формула бойынша есептеледі:

     D = ...;    х1/2 = ...;

7.  ах+ вх + с = 0 теңдеуінде  в = 2n болғанда D= ...

8.  х2 + px + q = 0 теңдеуінде  p = 2k  болғанда D = ...

 

      Өзіңді тексер: (кестені толтыр)

 

теңдеу

толымды

  толымсыз

келтірілген

келтірілмеген

х2 + 5х – 3 = 0

 

 

 

 

2 + 5 = 0

 

 

 

 

2 – 4х = 0

 

 

 

 

5х -7х2  +2 = 0

 

 

 

 

2 = 0

 

 

 

 

 

 

3.  Тақтамен жұмыс: (3 оқушы тақтада орындайды)

    I деңгей: № 133 (2) 

     II деңгей: № 138 (2)

    III деңгей: № 145 (1)

 

 

4. Кітаппен жұмыс: (орындарында)

     № 137 (1)

     № 138 (1)

     № 145 (2)

 

 

5. Сергіту сәті. Анаграмманы шешіңдер:

 

  •          таиимдкисрнн   (дискриминант)
  •          ңеетду                (теңдеу)
  •          фэкоцинетиф     (коэффициент) 
  •          үртіб                   (түбір)

 

6. Өзіндік жұмыс: Теңдеулердің түбірлерін табыңдар және коэффициенттерінің

                                  қосындысын табыңдар.

     1 нұсқа                                                        2 нұсқа

 

  1.      2х2 – 5х + 3 = 0                                          1. 5х2 – 8х + 3 = 0
  2.      х2 – 2х – 3 = 0                                            2. х2 + 3х + 2 = 0
  3.      Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
  4.      Үйге тапсырма: № 137 (3), 138 (3), 139 (1, 5, 7).
Оқушыларды бағалау. 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения