Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.02.2015
0
458
0

Эрудит» математикалық – танымдық интеллектуалдық ойыны

Республика Казахстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Математика пәнінің мұғалімі
Шалабаева Алма Билимовна

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Эрудит – 2014» деген лента, жеңімпазға берілетін сайыстың аты жазылған плакат. «Қызықты деректерге арналған» ұяшықтары бар плакат. Ойыншылар көтеретін нөмірлер.

Барысы:

1. Ойынның мақсатымен таныстыру.

2. Ойынның шартымен таныстыру.

3. Ойыншылармен таныстыру.

4. Жеңімпазды анықтау.

Ойынның шарты:

1 тур. Сен білесің бе? Математика тарихынан сұрақтар беріледі. Кім бұрын жауап берсе 5 ұпай алады.

2 тур. «Менің сүйікті авторларым». Әр ойыншыға бір сұрақтан қойылады, кітаптың авторын дұрыс тапқан ойыншы 10 ұпай алады. Жауап бере алмаса білетін ойыншы жауабын айтады. Оған 10 ұпай.

3 тур. «Қызықты деректер». Ұяшықтарда сұрақтар бар плакат ілінеді. Ойыншы өзіне ұнаған ұяшықты таңдап алады. Дұрыс жауап 10 ұпай. 

4 тур. «Ізгі дәстүр». Әр сайыскер сандарға қатысты ұлағатты ұғымдар айтады. 10 ұпайдан 20 ұпайға дейін беріледі.

5 тур. «Кім көп біледі». «А», «Ш», «П», «С», «К» дыбыстарынан басталатын сөздерді көп білетін ойыншылар жауабына қарай ұпай алады. 5 пен 10 ұпай алады.

Ойыншыларды таныстыру.

Жүргізуші. Біреудің жүрегінің түгі бар,

                   Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

                    Бәрінен де ең бастысы – барлығының,

                    Қатты істейтін миы бар.

Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

         Ғылымның сырын ұғына,

         Шығыңдар білім шыңына.

         Ұқыптылық пен зеректік,

         Жеткізер сіздердей өренді.

         Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.

1 тур: «Сен білесің бе»?

Сұрақтар.

1. Қазіргі қосу (+), азайту (-) таңбаларын XVI ғ. алғаш қолданған итальян ғалымы. (Леонардо-да-Винчи).

2. Қазіргі көбейту (), бөлу (:) таңбаларын 1698 ж. алғаш қолданған неміс ғалымы. (Г.Лейбниц).

3. Теңдік белгісі (=) алғаш қай жылы Р.Ренадтың «Алгебра» кітабына енгізілді (1557 ж.).

4. Алғаш мектеп күнделігі қай жылы – Ресейде пайда болды. Ол сол кезде-ақ мектептерде үй тапсырмасын жазу мен баға қою үшін қай жылы енгізілді. (1872 ж.).

5. Әріпті өрнекті енгізген XVI ғ. көрнекті математигі. (Франсуа Виет).

6. XI ғ. алгебраға алғашқы ғылыми анықтама берген кім? (Омар-Хайям).

7. Қазіргі жай бөлшектерді белгілеу Үндістанда қай ғасырда қабылданды? (VIII ғ.)

8. Бөлшектерді сандар ретінде қай ғасырда қабылдай бастады? (XVIII ғ.).

9. «Функция» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі?                             (Г.Лейбниц).

10. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор).

2 тур. «Менің сүйікті авторларым».

1. «Эврика» кімнің еңбегі? (Архимед).

2. «Бастамалар» кімнің еңбегі?   (Евклид).

3. «Арифметика – сандар туралы ғылым» кітабының авторы.

 (Л. Ф. Магницкий).

4. «Негіздер» кімнің еңбегі? (Евклид).

5. «Арифметика кілті»  кімнің еңбегі? (Әл – Каши).

6. 8 сыныпқа арналған алгебра кітабының авторы. (А. Әбілқасымова).

7. « Білімділер тәжі» кітабының авторы. (Боскара).

8. «Ғылым тарихына кіріспе» кімнің еңбегі? (Сартон).

9. «Ғылымдардың тізбегі»  (Әл – Фараби).

10. «Шар және цилиндр» туралы. (Архимед).

 

 

 

3 тур. «Қызықты деректер».

1. Сандарды бірді –І (таяқша), онды – П (кіпсен), жүзді – С (өлшеуіш жіп), мыңды -   (гүл жапырақ) деп белгілеген мемлекет. (Мысыр).

2. Адамның дене мүшелері арқылы 33-ке дейінгі санды өрнектей алатын австралиялық жабайы тайпалар мекендейтін бұғаз. (Торрес).

3. 1-9 дейінгі сандарды алфавиттің  бастапқы тоғыз әріпімен белгілеген мемлекет. (Гректер).

4. Алгебра деген сөз қандай сөзден шыққан? (Эль – Жебр деген араб сөзінен алынған.)

5. Архимед ғажайып құрал жасап, римдіктердегі теңіздегі флотын өртеп жіберген. Ол, қандай құрал? (Айна, оптика).

6. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын» - деп айтқан ғалым. (Архимед).

7. Ұзындық өлшемдер: 1 чп =10 цунь; 1 цунь=10 фэнь; 1фэнь= 10 ли; 1ли=10 фа; 1фа=10хало – ға тең қай мемлекеттікі? (Қытай).

8. Санаудың позициялық жүйесі деп аталатын, қазіргі жаппай қолданып жүрген он таңбалы сан кімдерден келген? (Үнділіктерден).

9. Философия және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүзден аса бағалы еңбек жазған ғалым. (Әл – Фараби).

10. Хорданы олар – «джива» - садақтың кермесі деп ал ған кімдер? (Үнділіктер).

4 тур. «Ізгі дәстүр». Әр сайыскер (берілген кеспелер алып) сандарға қатысты ұлағатты ұғымдар айтады.

1.Үш санына қатысты. Үш алыс. Жер мен көк аралығы. Жас пен кәрі арасы. Жақсы мен жаман арасы. Үш із. Бала, Байлық,Бақыт. Үш ортақ. Ой,Күн,Жақсы. Үш бақыт. Халық, Тіл, Отан.

2. Екі санына қатысты. Екі ата, Адамата, Хауана. Екі мәңгілік. Ай мен күн. Екі сезім. Үміт, Сенім. Екі дүние. Бұл дүние – фәни, О дүние – бақи.

 3. Төрт санына қатысты. Әлемнің төрт құраушысы. От, Су, Жел, Жер. Төрт ана. Туған жер, Туған тіл, Сал-дәстүр, Туған тарих. Төрт тірек. Иман, Намаз, Білім, Мейірімділік. Төрт кітап. Тәурат – Мұсаның кітабы, Зәбүр – Дәуіттің кітабы, Інжіл – Исаның кітабы, Құран – Мұхаммедтің кітабы.

4. Бес санына қатысты. Бес қару. Садақ, мылтық, Найза, Қылыш, айбалта. Бес мүше. Көз, құлақ, ауыз мұрын, тіл. Бес жақсы. Қара нан, жүйрік ат, қалың кейім, Алмас қылыш, Бұлғын ішік. Бес қатер. От, жау, борыш, ауру, сөз.

5. Алты санына қатысты. Алты ата – анасыз туған. Адамата, Хауана, Әзірет Ысмайыл, Әзірет Шиш, Әзірет Салықтың түйесі, Әзірет Иса. Алты игілік. Денсаулық, қазына, дос, әйел, білім, бала. Алты иман. Алла тағала Иман, Періштелер, Кітаптарға иман, Пайғамбарларға иман, Ақырет күніне иман, жазым мен қазаға иман. Алты асқар. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, Шындық, кең пейіл.

6. Жеті санына қатысты. Жеті шәріп. (Жеті Әулие). Мекке, Мәдина, Бұхар, Шам, Қатым, Құддыс, кәләм (Құран). Жеті қазына. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит). Жеті ғалам. Шығы, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан (жоғары ғалам), жер (орта ғалам), жер асты (төменгі ғалам). Жеті күн. Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күні, соңғы күні. Жеті жұт. Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба «ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

5 тур. «Із кесу». Математикалық терминдер.

1.  Геометрия терминінің мағынасы. (жер – өлшеу, грек).

2.  «Диагональ» сөзінің мағынасы.  (грек тілінен аударғанда бұрыштың төбесі арқылы өтетін түзу).

3. «Градус» -  қандай сөзден шыққан? (латынның, gradus қадам басқыш).

4. «Циркуль» - қандай сөзден шыққан? (циркус, латынша дөңгелек).

5. «Трапеция» сөзінің мағынасы. (грек тілінен аударғанда, трапедзион- ас үстелі деген мағынаны білдіреді).

6. Математика – сөзінің мағынасы. (матем, грекше  ілім, ғылым).

7. Натурал сан. (натура, латынша табиғат).

8. Метр – қандай сөзден  шыққан? (метрон, грекше өлшем).

9. Фигура – сөзінің мағынасы. (фигура, латынша  бейне кескін).

10. Арифметика – сөзінің мағынасы. (арифмос, грекше сан).

6 тур. «Кім көп біледі». Қалған ойыншылар жарысады. А . Ш. П. К. С. әріптерінің біреуін таңдап алып математикалық сөздерді айтады.

А. Аргумент, арифметика, абцисса, аксиома, айқас.

К. Көбейту, конус, куб, кесінді, көлем, кескін.

С. Синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусоида.

П. Пирамида, планиметрия, параллель, Пифагор, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр.

Ш.Шеңбер, шаршы, шар, шексіздік,

Қорытынды. Сайыс соңында қазылар алқасы ойын  жеңімпазын анықтайды. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения