Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.02.2015
0
1241
4

Технология сабақтарында жобамен жұмыс істеудің нәтижесі

Казахстан,Южно-Казахстанская область, г. Шымкент, с. Базаркакпа

ОСШ №104 им. Е. Юсупова

Учитель технологии

Худоярова Рана Ирискуловна

Еліміздің ертеңін көргендікпен болжаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуге негіз қалайтын, тура бастайтын  бір неше басым бағыттарды айқындап береді.

«Ақыл – жастан, асыл - тастан» демекші еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны  өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс».

 

    Технология – көне грек тілінде «Тесһпе» - искусство, шеберлік, білу...

«Logos»- оқу, білім, сөз деген мағынаны білдіреді.

 

                                Кіріс

 

    1. Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу үшін оқу қажет.

    2.Балаға профессионал көмек көрсетуде еңбекке үйретіп, өзіміз де оқуымыз керек.

Баланы  өз бетімен жұмыс істеуге үйрету үшін оған еңбекті таңдауға мүмкіндік беруіміз керек.

3.Еңбекке шығармашыл жандасуды  арттыруда – оған мүмкіндіктер әлімін ашып өмірге өз қызығуларын тарата алатын мүмкіндік беріледі.

Жоба – бұл мұғалім басшылығында толық атқарылған шығарма жұмысы. Жоба ісі бір неше бөлімдерден тұрады:

1)арнайы бөлімдер

2)суреттер

3)материалдың  технологиялық картасы.

 

   Онда оқушылардың  экономикалық  және экологиялық проблемалары шешіледі, оқушыларда шығармашылық, дарындылықты арттырып, эстетикалық көзқарасты кеңейтеді.

   Жоба жұмысын бастаудан алдын әр бір оқушы жұмысын жүйелеп алады, Оны бір неше кезеңдерге бөледі.Оқушының әрбір кезеңдегі іс - әрекеті төмендегіндей болуы тиіс:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

1)Проблеманы көріп шығып жобаның мақсатты екенін дәлелдеу.

2) Модель таңдау, сызба сызу.

3)Қажетті материал, аспаптарды таңдау.

4) Жұмыс орнын ұйымдастырудың ғылыми жағын көрсету.

 

         ІІ.  Конструкциялық кезең

 

    Бұл кезеңде істелінетін үлгілердің график құжаттары беріледі. Оқушылар – технологиялық  операциялар, оны оптималдық технологиялық дайындау ісі көрінеді.  Бұл жұмыс барысында оқушыға шығармашылықпен жандасу, оған материалды өз ойымен жобалауына мән беріледі.

 

       ІІІ. Технологиялық кезең

 

  1.      Істелінген жұмысты бағалап конструктивтік шешімін негіздеу.

 

 

ІV. Қорытындылау кезеңі

 

    Бұл кезеңде материалды  жалпы  тексеру, корректировка мен сынақ процесі өтеді. Оқушылар экономикалық есеп, істелінген жұмыстар нәтижесі және мақсатқа жеткендігі мен олардың нәтижесімен таныстырады.

 

    Жоба жұмысының барлық  кезеңдері  оқушылардың жеке интеллектуалдық дайындығын, еңбек құралдарын, технологиялық процесін атқаруға бағытталған.

    Көбінесе, оқушылар шығармашыл жоба жұмыстармен істеуде информациялық технологияларға сүйенеді. Компьютер  технологияларынан пайдалану мүмкіндігі қазіргі таңның актуал мәселесі.

 

 

              Жоба жұмысы процесінде әр бір оқушыға әр түрлі жолмен жандасу                                             қажет. Өйткені, әр түрлі қабілетті оқушылар бар екенін білеміз. Кей бір оқушылар есеп – қисап, кей біреулері пішу – тігуге, кей біреулері тоқуға, кей бір оқушы тәтті тағамдар  дайындауға қызығады.

Сондықтан жоба жұмысымен істеуде топтар ұйымдастыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оқушылардың қызығуын және мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды максимал түрде топтарға ажыратып, дарындылығына қарай әр түрлі жобалардағы  группаларға беріледі.

 

    Дарынды оқушыларға жеке тәртіпте де жоба тақырыбын таңдау, істеу, экономикалық көрсеткішін есептеу мүмкіндіктерін береді. Жоба жұмысын істегенде оны зерттеу және істеу тәртібіне мән беріледі.

   Мен өз  іс тәжірибемде  жоба жұмыстарын әртүрлі бағыттарда  төмендегіндей  жүргізіп жатырмын:

  1.                        9 -,10-,11- сыныптарда:

конструкциялау, модельдеу бағыты (киім тігу, күнделік киім, кешкі көйлек)                                          

  1.                         5 -,6-,7- сыныптарда:

Қол өнерібағыты (тоқу, құрақ тігу, тақия тігу)

  1.                        7 -,8-,9- сыныптарда:

Жұмсақ ойыншықтар дайындау бағыты.

  1.                        9 -,10-,11- сыныптарда:

 Бисерден сувенирлер, паннолар, гулдер, ағаштар, пейзаж дайындау бағыты.

  1.                         7- 11-сыныптарда:

        Қазақ халқының ұлттық ою -өрнектерінен пайдалана  отырып  сыныптарда  әр түрлі әшекей бұйымдарын

дайындау бағыты.

   6.  5 – 9- сыныптарда: 

           Табиғи материалдармен  істеу  бағыты. (тамыр,шыбық, жапырақ, гербарийлер) 

  1.     6 – 9- сыныптарда:

Әр түрлі дән өнімдері, макарон өнімдерінен пайдаланып  панно немесе натюрморт жанрында істеу бағыты.

8.     Сабақтан тыс уақытта. Оригамибағыты (қағазбен жұмыс).    

 9.     8 – 9- 10 - сыныптарда: Тәтті тағамдар  өнімдері бағыты. (торт, пирог)

  10.          9- 10 -11- сыныптарда:

        Жібек ленталардан декоратив гүлдер,

             Декоратив нақыштар мен панно дайындау бағыты

           11.           Крючокпен тоқу бағыты.

 

         Жобалық жұмыс барысында мұғалім мен оқушы бірігіп жұмыс істеуі қажет.

         Жоба жұмысын істегенде мұғалімнен әр бір оқушыға көп уақыт және бөлек жандасу талап етіледі.

 

        Жобалық жұмыс барысында мұғалім негізгі мақсатты толығымен және әр бір кезеңді түсіндіріп оқушылардың шығармашылығын арттыруы тиіс.

Үнемі өз білімін берілген жобаға сай арттырып барады. Жұмыс орнында жаңа көрнекіліктер, анықтамалар, материалдар жаңаланып тұруы талап етіледі. Заманауи дизайн талаптарына сай келетін интерьерлермен қамтамасыз етуге әрекет жасалады. ХХІ ғасыр мектебінің оқушысы өмірдегі әр түрлі өзгерістерге, жаңалықтарға дайын болып, заманауи компьютер технологияларынан хабардар болуы қажет.

 

Мектеп тұлғасын тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Менің ойымша, жоба жұмысы да солардың ішіне кіреді. Жоба жұмысы барысында мұғалім :

 

 

Жоба жұмысының кезеңдері

 

Кезеңдер

Жұмыстың мазмұны

 

Оқушының әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

Басталуы

Тақырып, группаның мақсаты

Тапсырма туралы мәлімет

Жобаның мақсатын оқушыларға жеткізу

Жоспарлау

Проблемалардың шешілуі, мағлуматтар,натиже, жұмысты бөліп беру

Жұмыстың атқарылуы

Күзету, тексеру

Зерттеу

Мәліметтерді анықтау, вариант таңдау

Жоба жұмысын зерттеу, құжаттарды дайындау

Консультация

Жобаны жақтау

Баяндама, ұжымдық жақтау,баға

Ұжымдық жақтауда қатынасу

Жақтауда қатынасу, жоба жұмысын бағалау

презентация

Жоба жұмысын орындау,

Презентацияның көрінісі, формасы

Жалпылау

 

 

Жоба жұмысын орындау сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта орындалады,

 

                       Жоба жұмысының нәтижесі

 

Жобалық  жұмыспен  істеу – бұл пәнге қызығу, білу дәрежесін арттыру , оқушылардың еңбекке қызығуына алып келеді.

Жоба –  бұл даму, бала белсенділігін арттыру.

 

С. Карпов жоба туралы – ол реал өмір талаптарынан келіп шыққан  ғылыми технология, арнайы білімдерді нығайту, проблемалық сұрақтардың шешімін табуға бағытталған,  деген қорытындыны айтады.

 

Сиденко А.С. –жобалық жұмыс нәтижемен аяқталуы қажет, деб есептейді.

 

Оқушылар не үшін  жобалық  жұмыспен айналысады?

Жауап: өз мүмкіндіктерін көрсету, жобамен жұмыс технологиясын толық меңгеру, өз теңқұрларымен бірігіп жаңалықтар табу үшін.

                 

Жобалық  жұмыс барысындағы қиын кезең?

Жауап:  жұмыс кезеңдерін бөлу, жобаны қорғауға дайындық, презентация, мағлумат жинау, жұмысты жоспарлау.

 

Жобалау барысы неге үйретеді?

Жауап: өзі орындаған жұмысты бағалау, мақсатқа жету, ұжыммен істеу, жұмыс барысында қателік жібермеу, сарамандық жұмыс жасай білуге, өз  бетімен ізденуге, бір пікірге келіп шешім қабылдауға үйретеді.

 

                           Қорытынды

 

    Қазіргі кезде мектептегі технология сабақтарында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды өнерге баулу, адамзат қоғамында жасаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Қыз балалар мектеп қабырғасында қолөнерге бейімделіп, әр заттың жасалу технологиясын жетік меңгерсе, оны өмірінде бір қажетіне жаратары сөзсіз, деп ойлаймын.

  

      Осы жерде Ж.Аймаутовтың мұғалімнің шеберлігі туралы төмендегі пікірін айтып кетуді жөн деп есептедім:

   «Мұғалім әр дайым өзгеріп тұратын және дамып тұратын жанды «материал» болған балалармен жұмыс істейді. Сондықтан ол бір рет алған білімімен тоқтап қалуы, әр дайым бір әдісті қолдануы мүмкін емес, өмір одан білімдерін және білім беру әдістерін әр дайым жаңартып тұруын талап етеді».

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Еңбекке баулу бағдарлмасы. 5-7 сыныптар үшін. – Алматы:
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005
3. Мельникова Л.В. и др. Методика трудового обучения. –
4. Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқытудағы политехникалық бағыттылық. Оқу-әдістемелік
5. Ортаев Б.Т. Кубенов М.А. Оқу шеберханасы. Оқу-әдістемелік құрал.
6. Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика:
7. Өстеміров К. Технология пәнін оқыту әдістемесі. – Алматы.
8. Пошаев Д.Қ. Мамандық таңдау негіздері. – Шымкент: ОҚМУ.
9. Пошаев Д.Қ. Педагогика, педагог және заман талабы. Оқу
10. Эрганова Н.Е. Методика профессионального обучения: учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений
11.О.Сыздықов, Д.Қ.Пошаев, Б.Т. Ортаев. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі: 5В012000

12.Технология 9 – класс  Е. В. Ермилова   И. А. Товченик  Алматы мектеп 2013

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения