Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
11.02.2015
0
444
0

Жаңа жылға арналған мерекелік өткізілетін,әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Қазақстан,Алматы обласы,Енбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы

МКҚК №38 «Гулдер» балабақшасы

Тәрбиешісі

Сейдапасова Аида Таиржановна

Жүргізуші: жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сулу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған,

Кел балалар келіңдер,

Тамаша көріңдер.

 

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қандай биік,әсем шырша .Ойыншықтар қандай әдемі әрі көп!

Балалар кәне,шыршаны тамашалап көрейік (балалар, шыршаны айналыпжүреді,көреді)

Жүргізүші:

Шырша шамын жағайық

Қуанып бір қалайық

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

(шам жанады,балалар қол шапалақтайды)

 

Жұргізүші:

Сәлем,сәлем жасыл шырша

Сәле,сәлем жаңа жыл!

Біз шыршаның жанында

Ән айтамыз ,

Би билейміж айнала .

 

Музыка әуенімен балалар орындарына отырады

Шыршаның шамы сөнеді

Жүргізүші:Не болды не боп қалды балалар

Неге шырша сөніп қалды

Мүмкін біреулер біздің мерекені өткізуімізге қарсы блар

Мүмкін бізге тосын сый дайындаған болар?

Осы кезде Ақшақар кіреді

Ақшақар: орманменен келемін ,мен

Балаларға қонаққа асығумен .

Бірақ неге бұл жер тыныш?

Шырша жанын да мен неге жалғыз?

Мен бұл мерекге балалармен қарсы алуға дайындалған едім

Әлде мен адасып қалдымба?

Жүргізуші:Балалар,қараңдаршы Бізге қонаққа кім келгенін?(Ақшақар)

Ақшақар:-Сәлеметсіңдер ме?балалар Сендер мені таныдыңдар ма?

Иә

Жүргізуші:Бұл жерде біз мерекені қарсалайық деп жиналған болатынбыз

Бірақ бұл біреулерге мүлдем үнамаған болар.

Міне шыршамыздың шамында сөндіріп тастады

Ақшақар: мынау сиқырлы орамал

Оны маған атам берген берген кезде ол маған бұл орамалдың құпиясын айтқан болатын

Ақшақар қызым.орамалды желпілдетіп

Балалардың тілегін орындат

Сулу шырша

Жасыл шырша

Қуант бізді таңырқат

Балаларға бір қарап

Шамдарыңды жарқырат!

(Ақшақар орамалын желпілдетеді шыршаның шамдары жанады )

Ақшақар Ал енді балалар кәне біріміз шеңбер қүрып тұрайық Жаңа жылды біз тойлап қуанып бір ойын ойнайық (ойын үйректің жүрісін,қоянның қимылын,қүстардың ұшқанын әр түрлі қимыл жасайды 2-3рет

Есікті тақылдатып мерекеге екінші тәрбиеші --------------------------------------

Аяз атаның жәй шапанын киіп,масксы мен паригі қолында  балалар мен амандасады солардың көзінше сақалын тағып,паригін киеді кейіпкердің образын сомдайды .

Балалар мен Аяз ата әнін орындайды

(әннен кейін шыршаның жанындағы стөлге барып Ақшақардың  қасына отырады еосы кезде екіші тәрбиеші---------------------------------------------

Аяз ата сізге біздің балалар тақпақ айтып бергісі келеді

 

1-бала

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

 

2-бала

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

3-бала

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

4-бала Тамаша,тамаша,

Шыршамыз түр жараса.

Басында әсем жұлдызы ,

Көз тоймайды қараса .

5-бала

Жаңа жылмен,жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине,

Әкемізді,анамызды,

Қонақтардың бәрінде!

6-бала

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

Жылдамырақ кесе екен,

Бізге ойыншық берсе екен!

 

Ақшақар: Ұлпақарларым қайдасыңдар?

Маған қарай ұшыңдар

«Ұлпақарлар биі»

Аяз ата

Қандай жақсы балалар

Ай жұлдызға пара- пар

Бала қоймас бізге айып

Тақпақтарын тыңдайық!

1-бала

Тілеймін мен адамға

Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Әке-шеше,әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл!

2-бала

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша алдында

Билеп барлық бала жүр.

3-бала

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата-әже,ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл!

4-бала

Жаңа жыл келді о,міне,

Далама,қалама жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді

Шыға ғой менің төріме

5-бала

Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ло шыққан

6-бала

Келіңдер,келіңдер.

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер !

7-бала

Өлеңде әзір, әнде әзір,

Ойында әзір –бәрі әзір.

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел,жаңа жыл,жаңа жыл.

8-бала

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып

9-бала

Сақалы аппақ  күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны ,

сағынды аяз атаны!

10-бала

Аяз ата біздерге

Тоғайменен келеді

Арқасында дорбасы

бізге кәмпит береді.

11-бала келді міне жаңа жыл

Шаттық силап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

Аяз ата : мен отыра,отыра шаршадым менде би билегім келіп тұр (көңілді әуенге би билейді )ал енді сендердің билеріңді көрейін Қайда біздің гномиктер кәне кіріңдер

Ұлдар «Гномик биі»

Аяз ата Ал балаларым  отырып қолдарыңды ақырын сзып сыйлықтарды алыңдар залға жаңа жыл қой кіреді   шанасын сүйре шананың ішінде сыйлық балаларды құттықтап ақшақар мен қосылып сыйлықты  таратады  кәне  бәріміз алдықпа кәне көрсетеміз (балалар қолдарын көтереді)Сау болыңдар Жаңа жылдарыңмен!!!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения