Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
11.02.2015
0
670
1

Өрмелеу, еңбектеу, жүру

Қазақстан,Алматы обласы,Енбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы

МКҚК №38 «Гулдер» балабақшасы

Денешынықтыру жатықтурышы

Калимуратов Аскар

Білім саласы: Денсаулық.

 Бөлімі: Дене шынықтыру.
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Өрмелеу, еңбектеу, жүру.
Мақсаты: бүлдіршіндерге жүрудің, жүгірудің, өрмелеудің, еңбектеудің қарапайым дағдыларын үйрету. Баланың эмоционалдық көңіл - күйін еркін білдіруіне қолайлы жағдай туғызу. Ойын арқылы белсенділігін арттырып, психогимнастикалар арқылы баланың ішкі жан дүниесін сезінуіне мүмкіндік туғызу, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сюжетті ойын, көрсету, түсіндіру, өрмелеу, еңбектеу, психогимнастика, логоритмика, аутотренинг.
Қажетті құрал - жабдықтар: гим қабырға, гим. скамейка, гүл, жалау, ізді жол, бассейн, жұмыртқа макеті, үнтаспа т. б.
Жүру барысы:
Кіріспе бөлім.
Ку - ка - ре - ку - ку - ка - ре - ку. Үнтаспадан (тауықтың дауысы) аулада жүрген тауықтың дауысы естіліп, ортаға ана тауық шығып, жұмыртқаның жанына келіп:
Тук - тук - тук
Аппақ - аппақ ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау
Шөжелерім бармысың
Ақ мамықты тал мүсін?

Балалар (шөжелер): Қазір - қазір шығамыз.
Айтқан сөзді ұғамыз.
Ана тауық қатуланып:
Уақыт болды шығыңдар
Тізіліп сапқа тұрыңдар!
Осы кезде «шөжелерім» әуені ойналып балапандар бірінің артынан бірі шығады да жарты шеңбер жасап тұрады.
Ана тауық риза болып: Қандай сәнді, қандай сүйкімді балапансыңдар. Балапандарым, мына өмірге келгеннен кейін мен сендерге көп нәрсе үйретейін, денелеріңді шынықтырып, ауырмайтын, ит пен мысыққа алдырмайтын балапан етіп тәрбиелейін.
Жалпы жетілдіру жаттығулары «Утьята» әуенімен жасалады:
1. Б. Қ. тік тұру 1. Аяқ бірге қолды көтеріп алақанды ашып - жұму, қолды шынтақпен бүгіп, отырып - тұру, тұрғанда қолды шапалақтау.
Ана тауық елеңдеп: Мынау ненің дауысы екен білесіңдер ме? Бұл сендердің басты жауларың - тарғыл мысық «ыс - ыс - ыс» деп айбат шегіп, балапандарды үркіте бастайды.(балалар алаңда бытырай жүгіреді.)
Ана тауық: Әй тарғыл мысық, тиме менің балапандарыма, тұмсығыммен өзіңді шұқып аламын.
Мысық: Мияу, мияу, мықтыларға тимеймін, мен тек әлсіз балапандарды ғана жеймін. Кім мен сияқты жер бауырлап барып, ағашқа өрмелей алса, сендерге тимеймін, ал қай балапан жасай алмаса, сол менің бүгінгі асым болады.
Негізгі қимыл: Балалар 2 коллонаға тұрып, еңбектеп гим. скамейканың астынан өтіп, гим. қабырғаға өрмелеу.
Мысық: Мияу - мияу
Күштілерге тимеймін
Балапан етін жемеймін.
Ана тауық: Жарайды, тарғыл, енді бізбен бір ойын ойна.
Қимыл ойын: Тарғыл мысық және балапандар.
Ойынның мақсаты: Кеңістікті барлай отырып алаңдағы өз орындарын табуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Бала бойында ептілік, табандылық секілді қасиеттерді қалыптастыру.
Мазмұны:
Алаңға балапандардың екі түрлі үйі белгіленеді,
1 - үй сары жалаулы балапандар үйі
2. Тік тұру: Қолды жоғарыға көтеріп, аяқтың басына тұру. Б. Қ. тік тұру 3 - 4р.
3. Аяқты алшақ қою, қолдың басын шалқайтып, қолды жоғары қағу. Құйрықпен алға жылжу.
4. «Жем жейміз» «еңкейіп жерден жем шоқу», шалқаю.
5. «Шаттану» шалқадан жатып, аяқпен қолды кезекпе - кезек қозғау.
6. Секіру. Тынысты реттеу.
Ана тауық: Жарайсыңдар, балапандар, жаттығуларды әрмен қарай жалғастырамыз. Енді суға малтуды үйренейік. Қане мына жолмен жүре қояйық.
Ізді жолмен жүру. Әуені Енка.
Бассейіндегі «суға» аттап түсу, малтығандай қимыл жасау. Арғы жағаға шығу.
Психожаттығу «Күн шуаққа кептірін.»
Ана тауық: балапандар, мамығымыз су болып, тоңып барамыз, тоңып барамыз, күн сондай суық екен. Қане, балақайлар, жылынайық, қанаттарымызды сілкіп көтерейік те басымызды, кеудемізді, қанаттарымызды, аяқтарымызды сілкілеп, кептірінеміз. Ой, балалар, күн шықты, қандай тамаша, күн қандай шуақты, жылы бәріміз, бір - бірімізге көңілденіп, күліп қарайықшы.(жеңіл, әдемі әуен естіліп тұрады.)
Үнтаспадан мияулаған мысықтың дауысы естілді. 2 - үй көк жалаулы балапандар үйі.
Балапандар: Мияу - мияу мысығым
Қатал неге ұсқының
Біз ойынды сүйеміз
Бізге бірақ тимеңіз - деп,
ән шырқап, ортада би билеп жүреді. Осы кезде мысықтың ащы дауысы естіліп, ортаға мысық атып шығып, балапандарды қуа жөнеледі өз түсін таба алмаған бала мен ұсталған бала ойыннан шығады.
Мысық кетеді.
Қорытынды:
Балалар жарты шеңбер жасап, тізіліп тұрады.
Релаксация. Балалар арқамен жатып, баяу әуенді тыңдайды. Бала бойындағы қозуды босаңсумен алмастыру.
Психожаттығу
Ана тауық: - Ал, айтыңдаршы жаңа бізбен ойнаған кім? Мысық
- Ол ұйықтағанда көздері қандай болады? (көзге арналған жаттығу, көзді екі қолмен тартып сығырайту.)
- Ал итті көргенде? (көзді бақырайтып, барынша кең ашу)
- Ал, сол мысық қалай дыбыстайды? (ауызды барынша қимылдату арқылы, мысықтың дауысын салу.)
- Қане сол мысықтар секілді мұрнымызбен дем алып иіс сезіп көрейікші.( К. П. Бутейкоша тыныс алу).
- Ал кішкене балапандар, сендер бүгін жаттығудың біраз түрін жасап біршама еңбектендіңдер, енді мен сендерге өз отауларыңа ұқсас тәтті дәм ұсынайын.
Ана тауық үлкен жұмыртқа отауының ішінен сюрприз алып шығады. Ку - ку - ка - ре - ку «шөжелерім» әуенімен топқа кетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Свидетельство  выписать на  казахском  языке)

 Алматы обласы

Енбекшіқазақауданы

 Шелек  ауылы МКҚК №38 «Гулдер» балабақшасы

                                                                                        Денешынықтыру  жатықтурышы Калимуратов Аскар

 

 

Тақырыбы:  Қызықты аңдар. 

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы 
Білім беру саласы: Денсаулық 
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Дене шынықтыру 
Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа аңдар туралы, суреттер, орман суреті. Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат. Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық
Ұйымдастырушы іздестіру

Рефлексивті коррекциялаушы Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық. - Қазір біз бейнетаспадан күнді, күннің нұрын көреміз. Ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз.
Кіріспе бөлім:
Шеңбер бойымен жүру,
Аяқтың ұшымен жүру өкшемен жүру,
Жүгіру, демалу жаттығулары,
Тәрбиеші: Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Орман алыс. Ол үшін жаттығулар жасаймыз. Алғашқы қалыпта түзу тұру..
1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу
5. Аяққа арналған жаттығулар
1. аяқты қосу
2. тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу
Саппен жүру
Шалшық судан секіру
Тастардан секіру
Бұталардың арасымен жүреміз.
Балалар, орманға да жеттік.
Орманды аралайық, бір - бірімізден адасып қалмайық. Орманда қандай аңдар бар? (Аю, қоян, қасқыр түлкі, шибөрі т. б. бейнетаспадан қимылдарын көрсету)
Ойын: «Қасқыр мен қояндар»
Балалар енді елге қайтамыз.(Орманнан алған әсерін айтады)
Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Қай жерге саяхатқа бардық? Нелерді көрдік?
(Мадақтау)

Балалар бәрі бастарын иіп, амандасады.
Балалар «Алақай» қуанып деп алақандарын шапалақтайды.

Көрсетілген жаттығуларды жасау.
Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасайды.
Жаттығуларды қызыға орындайды.
Орманға келді, аңдарды тамашалайды.
Ойынның шарты: Қояндар сәбіз жеп отырады. Кенеттен қасқыр келіп қалады. Сендер қашып шөп тасасына тығыласың - дар. Ұстап алған баланы қасқыр алып кетеді. Ойын осылай қайталанады. - Ұнады
- Орман
- Қызықты аңдар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі. Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын. Үйренеді: Негізгі қимыл жаттығуларын. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Орман аңдарының іс - әрекетін көріп, қимылдарын меңгерді.

Кері қайту

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения