Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
11.02.2015
0
701
0

«Сәулетті үйшік» орыс халақ ертегісі

Қазақстан,Алматы обласы,Енбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы

МКҚК №38 «Гулдер» балабақшасы

Тәрбиешісі

Азизова Сахибам Тудахуновна

Мақсаты:

1. Балаларды « Сәулетті үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін  дамыту.

2.Балалардың қызығушылығын  ояту, шығармашылық  ойлау  қабілеттерін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру.

3. Балаларды   табиғатты сүйе білуге, аялауға, жануарларға қамқор болуға  және  достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Қолданатын  құралдар: «Сәулетті  үйшік» ертегісінің декорациялық көрінісі

                                          (шыршалар,  саңырауқұлақтар,үйшік, ағаштар. )

                                          Сюжетті  суреттер  кейіпкерлердің;

                                           Ертегілер  кітаптары.

Орындалатын  жұмыс: Әңгімелесу,  «Сәулетті  үйшік» ертегісінің  сахналық

                                        көрініс.

Жүргізуші:  Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оның  қасынан өтіп бара жатқан тышқан-ізқазған  көріп тоқтады  да:

 

Тышқан: - Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар,тіл қатшы?

Жүргізуші – -  деп сұрайды.   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа  келеді.

Бақа- Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар, тіл қатшы?

Жүргізуші – -  деп сұрайды, бақа- бақылдақ.

Тышқан: -Мен  тышқан-інқазғанмын.  Ал  өзің   кімсің?

Бақа: - Мен-  бақа- бақылдақпын.

Тышқан: - Кел,  менімен   бірге  тұр!

Жүргізуші: Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшіктің  қасына Қоян-желаяқ    жүгіріп  өтіп  бара  жатып, тоқтады  да:-

Қоян: Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар, тіл қатшы?

Тышқан: -Мен  тышқан-інқазғанмын. 

Бақа: - Мен-  бақа- бақылдақ!

           - Кел,  бізбен   бірге  тұр!

            -  Ал  сен   өзің   кімсің?

Қоян: - мен- қоян-желаяқпын.

Жүргіжуші: Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.

Түлкі: Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар, тіл қатшы?

Тышқан: -Мен  тышқан-інқазғанмын. 

Бақа : - Мен-  бақа- бақылдақпын.

Қоян: - мен- қоян-желаяқпын.

  -Ал  сен   өзің    кімсің?

Түлкі:-мен- түлкіжан-сіңліжан.

Тышқан,бақа, қоян:-Кел, бізбен  бірге  тұр!

Жүргізіші: Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: 

Қасқыр: Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар,

Тышқан: -Мен  тышқан-інқазғанмын. 

Бақа: : - Мен-  бақа- бақылдақпын.

Қоян: - мен- қоян-желаяқпын.

Түлкі:-мен- түлкіжан-сіңліжан!Ал  сен  өзің   кімсің?

Қасқыр:-мен-  Көкжал   бөрімін-қасқыр   серімін.

Қоян:-кел,  бізбен  бірге   тұр!

Жүргізіші: Қасқыр  үйшікке  енді. Олар  бесеу  болды.    

Міне, осылайша  олар  әндетіп   сәулетті  үйшікте  бірге  тұрып   жатты.

Кенеттен үйшік   маңынан   маймақ   аю  өтіп   бара  жатты  да?

Аю:- Сәулетті  үйшік – тым  жақсы! Үйшікте кім  бар,

Аңдар:-Біз-көңілді  аңдармыз, тату-тәтті   жандармыз. Ал   сен  кімсің?

Аю:-Мен- маймақ   аюмын.

        -кел, бізбен  біге   тұр!

Жүргізіші:Аю   сәулетті  үйшікке  кірмек  болып,  олай  да, былай   да

                  әрекеттенді,  бірақ  симады  да?

Аю:- Мен   одан   да  сендердің  шатырларыңда   тұрайын, -деді.

Жүргізіші :Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады.  Тышқан, бақа, қорқақ қоян, қу түлкі,

сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне

әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.

Қорытынды:   

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді  достыққа,мейірімділіке  үйретеді екен. Ертегілер сеніңдердің  армандарды  асқақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне  оқыңдар.

Тәрбиеші  бала  тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер  өткізер алдында жиі-жиі  көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ертегі кейіпкерлірінде   балалар өз   қызығушылығын арттырып, оқу

іс-әрекеттерге  деген танымын, белсенділігін арттырады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения