Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
10.02.2015
0
1104
0

Доклад на тему "Деңгейлік оқыту бағдарламасының мазмұны "

 

                                                      Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

                                                      № 2 мектеп - гимназияның

                                                      бастауыш сынып мұғалімі

                                                    Болысбаева Майгүл Сейітқалиқызы

                       

 

                       Деңгейлік оқыту бағдарламасының мазмұны

 

ХХI ғасыр  -  өркениет  дамуының   кезеңі. Тәуелсіз   еліміздің   дамыған    мемлекеттер қатарына қосылу үшін ең әуелі халықтың білім деңгейін, оқыту мен тәрбиелеу сапасын  бүгінгіден әлде қайда биікке көтеру қажет екені сөзсіз. Өйткені білім - әрбір   өркениетті  елдің алдымен  назар   аударатын   өзекті   саласының   бірі,  халықтың   бүкіл    болашақ  тағдыры, тыныс-тіршілігі, өмір   шырағы - оқу біліммен тікелей байланысты. Оқу - білімді  жүзеге     асыратын   білім        саласының    қызметкерлері   екенін    ескерсек,  оларды  педагогиқалық,  әлеуметтік   жағынан  жан-жақты   қолдау,  қорғау өте қажет.  Қай уақытта, қай   кезеңде  болмасын   білім   саласының   мамандары   білімді де   кемелді болашақ ұрпақ  тәрбиесін   жүктеп   келе   жатқан   аса   ірі  бұқаралық  ұжымды   құрап келеді.  Айналасына  білім  шуағын  шашып,  ұрпақтың   озық   ойлы   болып   дамуына үлес қосатын ұстаздың  әлеуметтік қорғанышы ең алдымен болашағымызды қорғау   болып     табылады.  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың                     «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында:  «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс»  деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай,   жан  -  жақты инновациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі  керек.  Қазіргі заман мектептеріндегі оқу үрдісін технологияландырудың көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды .

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін,  қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы,  саяси түсінігі бар,  білімді,  әрі жоғары білікті жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі бізден  иновациялық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.  ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс – баса назар аударарлық мәселе және бұл жүйедегі басты мақсат –қарқынды дамып келе жатқан  ортада өмір  сүруге  қабілетті, өзін өзі  дамытуға , өз ойын еркін айта  білуге, өз қалауы мен қоғам талабына  сай өзін  көрсете білуге  бейім,  жоғары  білімді шығармашыл  дамыған тұлғаны қалыптастыру.

ХХI ғасыр мектебінің маңыздылығы - балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін, олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Мұғалім оқушы көзқарасында жан-жақты көп бұрышты фигура секілді болуы керек. Сонымен қатар, мен  әр түрлі педагог-зерттеушілер  болжамын іштей  жүйелеп, мұғалім оқушы үшін негізгі білім ресурсі десем, екінші жағынан қыр сырының ашылмаған  тұсы көп ғажайып әлем ретінде танылуы тиіс деп ойлаймын. Оқушы алдында келіп тұрған мұғалім күнде бір сарынды болса оқушының сабаққа , оқуға және өмірге деген ынтасы төмендейді.

Ж.Аймауытовтың  «Сабақ беру - үйреншікті, жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... .» деген сөздерін өзіме түйін ретінде алып, жан-жақты дамыған, өзгерістер ағымына ыңғайлана алатын ұстаз болуды мақсат еттім. Өз мақсатымды жүзеге асыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық білім беру технологияларын меңгеріп келемін.  «Өмір бойы білім алу» дегендей, қазіргі Қазақстан білім беру жүйесінің ұсынған деңгейлік оқыту бағдарламасының мұғалімдер біліктілігін арттыру курсы нұр үстіне нұр болды.

            Осы бағыттағы алғашқы қадамымыз Кембридж бағдарламасын оқыту негізіндегі біліктілікті арттыру курсының түйінді идеясы,  негізгі мақсаты  «бүгінгі әлемдік деңгейдегі артықшылықтары мен жеткен жетістіктері»  туралы жүйелі жеткізу болды.  .  Осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгертумен бірге, жаңа заман талабына сай мектептердегі  оқу тәжірибесін әлемдік үрдіспен ұштастыра отырып,  ұйымдастыру қажет екені баршаға мәлім.   Кембридж бағдарламасында берілген нұсқаулық мазмұны  негізінен бірнеше жыл бойы қалыптасқан педагогикалық  психологиялық  әдіс- тәсілдерге жаңаша көзқарастан тұрады.Бұл бағдарламаның басым бөлігі түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.  Оқыту туралы сындарлы түсінік  оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен  білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Әлемдік тұжырым мен заманауи көзқарастарды қорыта отырып,  мұғалім өзгеруі керек.

Неліктен өзгеру қажет?  Менің өзгеруім қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді.  Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы  түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істерім  арқылы өз оқушыларыма мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан өзгеремін. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен  өзгеремін. Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және  танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадым.  Мен  әлемді өзгерту - жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдым… .  Мен  көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендім.  Әлем өзгергендіктен  мен  өзгеремін,  және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білемін.  Мен өзгеремін, себебі мен білім алғанды, білім бергенді жақсы көремін,  балаларды сүйемін және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын менің көшбасшылығымды  қажет ететіндігін білемін,  сондықтан мен де, олар да өзгеруі қажет. Оқушыларды өзгермелі әлемге дайындауда мұғалімнің көшбасшылық  рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сын көзбен қарайтындығына бағытталатын болады.

     «Өзін-өзі таныта білу –дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу.»  (А. Маслоу) дегендей менің алдымда төмендегідей өзгеру тұжырымы, ой түйін қалыптасты. Оқытудың жаңашылдығы – функционалды сауаттылықтың маңызы,   оқытудағы басқару және көшбасшылық адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылатынын негізге алдым.

«Еңбегімнің жемісі – шәкіртімнің жеңісі»  дегендей, оқушыны шығармашылық әлеуеті жоғары,  өмір өзгерістеріне икемделе білетін, алған білімін болашағымен байланыстыра алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру екеніне де  мән беремін.  Осы мақсатта оқытудың жаңашылдығы - функционалды сауаттылықты дамытуда сабақты өткізбес бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Осы тапсырма орындалуын топта талқылау барысында  сергіту тренингтері мен флештренингтердің  маңызын  білдім.  Олардың сыныптың психологиялық ахуалын ретке келтіре отырып, социометрия арқылы оқушыларымды зерттеуге, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға және  жаңадан келген оқушыларды  ортаға бейімдеуге тигізетін ықпалының зор екенін ұғындым. Оқушыларды топтық жұмыста бірлесе жұмыс жасата отырып, шығармашылығын  дамытуға үйрендім.  Жұптық жұмыста өзін-өзі реттеуді,  өзара пікір алмасуға жетелей түсетініне көз жеткіздім,  оқушыларға еркіндік бере отырып,  оқушылардың өз ойларын ашық та, толық  жеткізуіне ықпал еттім. Қорыта келе,  оқушы үніне құлақ аса отырып жоспардан тыс қосымша тапсырма,  материал дайындап келу,  сұранысына қарай тиімді қолдана білу арқылы да нәтижеге жететінімді,  тығырықтан шыға алатынымды ұғындым .  Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету  тапсырмасында мұғалімдерде  сұрақты қоя білмеуі, сұрақтың бала деңгейіне сәйкес келмеуі,  сұрақтың сабақ мазмұнын ашпауы секілді қиындықтар туындауы мүмкін екені сөзсіз.  Баланың психологиялық жас ерекшелігіне  көңіл аудара отырып нәтижеге жетуге болатыныма сендім. Мұғалім сонымен қатар сұрақ қою техникасын әр бөлімге сәйкестендіріп қоюды үйренуі керек.  Әр оқушының түсіну деңгейін анықтау мақсатында Блум таксономиясын меңгеруі және түсіну дәрежесін бағалаудың  түрлі формаларын  (тест, презентация, эссе, аяқталмаған тұжырымдамалар беру,  семантикалық карта, инсерт кестесі, Венн диаграммасы,  т.б.)  пайдалануы қажет.  Осы тұжырымдамаларды ұстанып,  бірлесіп,   үлкен қызығушылықпен  жұмыс  жасау  барысында  сұрақтарды қою тәсілдерін,  сұрақты дұрыс қоя білуді,    оқушының жауабын таңдай білуді  үйрендім. 

 Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме тапсырмасы бойынша балаларға ерік беріп сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыттым.  Жұптасып жұмыс жасаған сәтте әріптестер ретінде ақылдасты.  Оқушылар өз ойларын нақтырақ жеткізу үшін жұмыс жасайды. Өздерінің тағы қандай ой қосқылары келетінін бақылау үшін жұпта талқылауды ұсындым. Сыни ойлауды дамыту кезінде балалардың жоғары деңгейдегі қызығушылығы маған жұмыс жасауға шабыт берді.  Балалар өз пікірлерінің бағаланатынын сезінді,  ұшқыр ой білдіруге тырысты,  сенімі аз балаларға ішкі уәжін дамытуға көмектесті.  Жұптық жұмыста әр бала өз жұбының жауабы үшін жауапкершілік көрсетті. Үнсіз оқушылар да сөйлеуге тырысты. Жұптық жұмыс балалардың бір біріне деген сыйластығын дамытты.  Өзін- өзі реттеу тапсырмасы бойынша оқытудың дербестілігі  туралы тұжырымдар жасауым қажет еді.  Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау айдарында оқушыларымның шығармашылық қабілеттері айқындалды. Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруға  арналған тапсырмалар менің оқушыларымды ерекше қызықтырды. Бұрынғы сабақтарда байқалатын «үнсіз» оқушыларым азайды.  Үздік оқушылардың  «тек мен білем» деген түсінігі сейіліп, достарына да көмек қолын соза бастады. Тірек, қозғалыс ,  ізденістік көзқарас  оқушыларға өз бетінше ойлауға,құрбыларымен өз ойын талқылауға,қажет шешім қабылдауға, тақырып бойынша қорытынды жасау және зерттеудегі өз жұмысын бағалауға мүмкіндік  береді.  Ал  істелген  жұмыстарыма  рефлексия  жасай  отырып,  өз тәжірибем  нәтижесінде оқушыларым:

·         ізденуге  ұмтылды;

·         тақырыпты  өздігінен түсінді;

·         ізденімпаздық  қабілетін  дамытты;

·         жұпта, топта  бірлесіп  жұмыс  істей  алды;

·         бір-бірінің  сөзін  тыңдап,  құрметтеуге  үйренді;

·         жеке-тұлға  ретінде  қабілетін  айқындатты;

·         еркін  қиялдап,  сергіді;

·         өз пікірін  топ  алдында  қорғай  алу  қабілетін  дамытты;

·         сыни  көзқараспен   пайымдауға  жаттықты.

 мен оқушылармен  бірлесе әрекетесе отырып, нәтижеге жетуді,  бағалауды тиімді пайдалануды, сабақ жоспарларын құруды, өзін-өзі реттеуді үйрендім.  Болашақта  жаңа тәсілді меңгерген, жаңашыл ұстаз болу жолында көп еңбектеніп,  теориялық– тәжірибелік білімімді пайдалануды жоспарлаймын.

Мен осы бағдарлама мазмұны  білім беру ордасында ынтымақтастық атмосферасы орнап,  оқушылар бірін- бірі  бағалауға, тыңдауға,  өзіндік сыни пікірін ашық айтуға дағдыланады деген тұжырымға келдім.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения