Козыкенова Шекер Адилгалиевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
10.02.2015
0
441
0

Сан есім

 

                                                       

                                                     Қазақ тілі

                                                         (2 – сынып)

Сабақтың тақырыбы:  Сан есім

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: оқушылардың сан есім туралы білік, білімдерін пысықтай отырып, түсініктерін молайту. Білім технология элементтерін пайдалана отырып,  білім сапасын арттыруға жағдай жасау .

Дамытушылығы: Ақыл – ой қызметтерінің белсенділігін арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Бір – бірін тыңдай білуге, рухани адамгершілікке, отанын сүюге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: білімді тексеру  сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой қорыту.

Оқытудың  формалары: жұппен, топпен, ұжыммен.

Көрнекілігі: интерактивті  тақта.

Сабақ барысы:

Бірінші кезең. Ұйымдастыру  кезеңі.

 –Балалар, бүгінгі күн туралы не білесіңдер? (Сәуірдің 25- сі ,2011 жыл, аптаның  3 – ші күні сәрсенб

Екінші кезең.

Үй тапсырмасын тексеру. 528 – жаттығу.

Үшінші кезең.

Өткенді пысықтау. (графикалық диктант)

     Сызғыш, ащы                                                       қызыл           

 өткір                                                             кітап

аулады                                                          оқыды

бұлт                                                               бүркітші

аудан                                                                жеті

он төрт                                                          саптады

                             зат есім   етістік  сын есім  сан есім             зат есім   етістік  сын есім  сан есім

20 саны биыл біздің еліміз үшін несімен ерекшеленеді?

Күн ретін жазу. Көркем жазу  Л л

2. Оқулықпен жұмыс.

530 – жаттығу. Нешінші сұрағына жауап беретін сөздерді  қатыстырып сөйлем құрау

 

Үшінші  сөзіне сатылай кешенді талдау.  (бір оқушы тақтада орындайды)

Үшінші

                 Сұрағы     

            сөз табы

        құрамына қарай

мағынасына қарай

3. Деңгейлік тапсырма.

I деңгей. 3,7 санына байланысты даналық сөздер айту.

II деңгей. құрамында сан есімі бар жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаштар айту.

III деңгей. 533 – жаттығу. Мақалдарды оқып, сан есімдерді табу.

4. Сергіту сәті. (қол көтеру жаттығулары дара – 1қол, күрделі – 2 қол)

Табақта он бес алма

Қолымда төрт алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

Екеуін бердім апама,

Екеуін бердім атама

Үшеуін алды інім

Нешеуі қалды өзімде? (12)

5. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Сурет бойынша сөйлемдер құрау, ішінде сан есімі болуы қажет. Құраған үш  сөйлемді алып, сөз таптарына талдау.

6. Ұжыммен жұмыс. (5 жолды өлең стратегиясын құру)

 Біздің Отанымыз қалай аталады? Зат есім.                        Қазақстан!

 Отанымыз қандай?  Сын есім.                                                Кен байтақ, тәуелсіз.

Ол жылдан жылға қайтеді?  Етістік.                                        Өседі, дамиды,

(Сезімді  білдіретін сөздер)                                                         Біз Отанымызды сүйеміз  

Ол біздің нешінші анамыз? Сан есім.                                       Ол біздің  анамыз.

Байырғы қазақ тілінен келе жатқан мөлшерді білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білеміз бе?

Сәйкестендіру  кестесі.

Бір шөкім                                              тұз

Бір асым                                                шай

Бір қайнатым                                       бұлт   

Бір шымшым                                        ет

7. Шығармашылық тапсырма.

1000 мынадай теңген болса, өз халқыңа қалай көмек көрсетер едіңдер? (өз ойларын айту)

Төртінші кезең.

Қорытынды бөлім.  Тірек сызбамен жұмыс.

--Балалар, айналамыздағы заттардың барлығы сандардан тұрады екен, сонымен сан есім дегеніміз ...

Бағалау.

Үйге: 535 – жаттығу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения