Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
10.02.2015
0
562
0

Доклад на тему "Оқушылардың үй тапсырмасын өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру "

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№2 мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Өтебалина Даража Есқалиқызы

 

                     Оқушылардың үй тапсырмасын  өз бетінше орындау

дағдыларын қалыптастыру

 

  Оқушылар негізінен жаңа алған білімді  жылдам, тез меңгере  алады және  олар іс жүзінде  қолдана алады.  Үлгерімі  жоғары оқушылар  өзін-өзі жақсы бағалайды. Мектептегі  жоғары жетістіктері  мен қоршаған ортаның  мақтауының нәтижесінде   өзін-өзі  асыра жоғары  бағалауы кездеседі.  Мұндай оқушы белсенді  ой еңбегінен  аз шаршайды.  Осы жағымды фактордан , олар үлкен жетістіктерге  жетуді қамтамасыз етеді.

Ал керісінше үлгерімі төмен  оқушылардың  ақыл-ой әрекетінің  жеке бастық параметрі  қалыптаспаған білім қоры аз,  жағымды ақыл сапалары  қалыптаспаған.  Нашар оқудың алдын алу үшін  артта қалу мен  үлгерімнің  төмендеуінің  себептерін анықтау  қажет.  Таным әрекетінің нәтижелілігі  ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне  байланысты  оның негізгі компоненттерінің  қалыптаспауы  үлгерімнің төмен болуының  басты себебі болып табылады.  Компоненттердің қайсысы  үлгерімнің төмендеуіне  негізгі себеп  болуына байланысты  артта қалу  түрлі болып бөлінеді. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған  балалар  және нашар оқитын оқушылар. Педагогикалық жағынан  назардан тыс қалған балалармен  жұмыс орындау нашар оқитындармен  салыстырғанда  әлдеқайда тиімді болып табылады.  Нашар оқитын оқушылар  оқу – тәрбие үрдісінде  көбірек біліктілікті қажет етеді.  Балалардың  артта қалуы мен  нашар оқушы болдырмау  ынта жігерді қажет етеді.  Осы қиыншылықтың себебі баланың ақыл-ой  ерекшеліктерінің  ақыл-сапаларының  қалыптаспағаны,  ал бұл ерекшеліктер мидың  кейбір органикалық  аномалияларымен байланысты. Сондықтан  олар сыртқы  әсерлерге  тез көне алмайды. Мұны алдын алу үшін  балалардың ақыл-ой әрекетін  белсенді етуге, сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталуы керек.

Мектеп пен отбасы бірлесіп,  балаларды оқу жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңе  алатындай дәрежеде  тәрбиелеуге міндетті. Оқу, тынымсыз еңбек ету,  өзінің күшін жұмсау, кездескен  қиындықтар мен кедергілерді  жеңе білуге үйрету.  Ең бастысы  балалар  өз күшіне өз біліміне сену рухында  тәрбие алу керек.

Үйде жұмысты  жемісті  және уақытында  орындай алмау,  оны дұрыс ұйымдастыра білмеу,  әдетте сабақты нашар  үлгерудің басты  себептерінің бірі. Ата-аналар мектеппен бірлесіп,  өз балаларының үйдегі  оқуын дұрыс  ұйымдастыруға  тырысуда.  Үй тапсырмаларын қалай орындайтынын тексеріп отыру,  мектепте жиі болып балалардың  күнделіктерін мұқият қарап,  олардың бағаларына  зер  салып отыру, бұл  ата-ананың  міндеті.  Күнделік  оқушылардың сабаққа  ынтасын арттыруға  тәртібін нығайтуға негіз болады.  Оны дұрыс жүргізу ұқыптылыққа, іске  жауапты қарауға, тәртіптілікке дағдыландырады.  Сондықтан ата-ана күнделікті  үнемі тексеріп, қол қойып отырған жөн.

         Балаларды мектепте оқыту жаңа бағдарлама  мен оқулыққа  байланысты жаңа  талаптарға сай  белгілі бір жүйемен, оны меңгерту тәртібімен жүргізіледі. Сондықтан оқушының  әрбір себепсіз  қалдырған сабағы  оны тиянақты білім алуына  бөгет болып,  олқылықты туғызады.  Міне, сондықтан ата-аналар  балаларының  сабақты себепсіз  қалдырмауын және  мектепте кешікпеуін  қадағалауға дағдылануда.  Егер ата-аналар  балаларының  білім, еңбек  тәрбиесін алуына  жауапкершілікпен  жаны ашу сезімімен  қарайтын болса,  балалардың жақсы оқуына жәрдемдесу үшін,  әр кезде уақыты да, мүмкіндігі де,  ынтасы да болмақ. Мұндай жәрдемді  ең алдымен бастауыш сыныптардың оқушылары қажет  етеді. Өйткені олар әлі өздігінен  жұмыс істеуге  қиындықты өз бетімен  жеңуге төселе қойған жоқ. Жұмыстың қандай түрі болсын,  алдымен еңбек сүйгіштікті, төзімділікті, еңбекқорлықты талап етеді. Өзінен-өзі істелетін  немесе өзі істелетін  жұмыс жоқ. Олай болса ата-ана баланы  ең алдымен  еңбек сүюге, оны қажырлы, табанды  атқара  білуге  баулуы шарт.  

 

         Бұл парызды неғұрлым жемісті орындасақ, баланың нәтижесі де сондай болмақ. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения