Турсунова Диляра Серикбаевна
Должность:учитель каз языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, город Караганды
Регион:город Караганды
09.02.2015
0
937
6

Разработка урока по казахской литературе "Аңыз-әңгімелер"

Сынып: 6 «Б»

Күні: 17.11.2014 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-әңгімелер, «Жиренше мен хан» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: 
Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту; 
Тәрбиелік : 
Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан , дау-дамайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен, өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу; 
Дамытушылық: 
Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру. Актерлік қабілеттерін жетілдіру. Есту және көру қабілеттерін дамыту. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. 
Сабақтың түру: Дәстүрлі 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ.
Үй жұмысын сұрау 
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс 
ІҮ. Бекіту кезеңі 
Ү. Қорытындылау 
ҮІ. Бағалау 
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар!Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Рахмет, отыра ғой. 
ІІ. Үй жұмысын сұрау. 
- Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады? 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы аңыз- әңгімелер. «Жиренше мен хан» әңгімесі. 
Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады. 
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ақылды, тапқыр ойлы, ержүрек, және еліне мейірімді адамдар. Аңыз-әңгімелердің үлкен бір тобы Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы туралы. Олар түрлі қиын жағдайларда, шешендігімен, өнерімен танылып, қарсыластарын жеңіп отырған. 
Сөдікпен жұмыс: 

Аңыз-әңгімелер-легенды 
Көбінесе - в большинстве 
Ғажайып – чудо, чудесное 
Кейіпкерлері –герои, персонажи 
Тапқыр- находчивый 
тапқырлық-находчивость 
мейірімді- добрый 
жауларын- врагов 
сөзге шешен – красноречивый 
әр алуан- различный 
жауап- ответ 
қаздың еті – гусиное мясо 
бөлу – делить 
бөл- подели 
кем-меньше 
артық- больше 
өйткені- так как 
бұйрық-приказ 
ханым –ханум, жена хана 
құс- птица 
мойын-шея 
мойынсыз-без шеи 
қанат-крылья 
орта- средний 
орта дене –середина туловища 
таратып беріпті – раздал 

«Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын айтып беремін. 

ЖИРЕНШЕ МЕН ХАН.

         Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:

—      Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.

Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:

—      Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, көтін ханымға береді.

—      Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.


ІҮ. Бекіту кезеңі. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді? 
2. Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер? 
3. Жиренше қандай адам болған? 
4. Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды? 
5. Жиреншенің ханның бұйрығын қалай орындағанын аңыздан тауып оқындар. 
6. Жиренше ханды не себепті жеңіп отырған деп ойлайсындар? 
7. Әңгімені рөлге бөліп оқуға дайындалыңдар. 
8. «Бас» және «Орта» деген сөдердің тура және ауыспалы мағынасында айтылуын тауып оқып түсіндіріңдер. 
Ү. Қорытындылау. 


1) Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері қандай адамдар? 
шешен 
ақылды 
тапқыр ойлы 
батыл 
өнерлі 
ержүрек 
еліне мейірімді 


2) Аңыз-әңгімелердің үлкен топтары 
Асаңқайғы 
Алдар көсе 
Қожанасыр 
Жиренше шешен 
Қорқыт 

ҮІІ. Бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды және үй жұмысын оқып келген оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.

Ү. Үйге тапсырма.

 

Алдар Көсе, Қожанасыр, Асан Қайғы, Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер оқып мазмұндау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения