Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
09.02.2015
0
754
1

Мәңгі жасар өмір

Қазақстан, Қызылорда  қаласы

№ 235   орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Қойшыбаева Айгерім Серікбайқызы

1.Білімдік : Оқушыларға   «Мәңгі  жасар өмір  »  әңгімесін  оқытып ,  мазмұнын  түсіндіру , мәтіннің  сюжеттік  құрылысын  талдау . Әңгіменің  авторы   мен  ақын  Сәкен  Сейфуллин   өмірі мен  шығармалары  туралы    білімдерін  толықтыру .

2. Тәрбиелік :  Оқушыларға  Сәкен  Сейфуллиннің  өмірі  мен еңбектерін  үлгі  ете  отырып ,Отанын  сүюге , адамгершілік , адалдық ,ізгілікке  , білім , ғылымды  меңгерген  , көкірегі  ояу  азамат  болуға  баулу .

3.  Дамытушылық : Оқушылардың   көркем  мәтінмен   жұмыс  істей  білу   дағдысын  жетілдіру , оқып түйгендері  жайлы  ой  қорытындысын  айтқызып,    жаттықтыру.

Сабақтың  типі:  Аралас сабақ

Әдіс -  тәсілі :  Сөздік , көрнекілік  ,  сұрақ – жауап , әңгімелеу , талдау  , пікірлесу  .

Көрнекілігі : Интерактивті  тақта ,  ақын – жазушылардың  суреттері , т. б.

 

                   С  а  б  а  қ                             б  а  р  ы  с  ы

І.  Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ . Үй  тапсырмасын  тексеру 

  1.      « Интернат  қоймасы»  әңгімені  мазмұндау .
  2.      Сұрақ – жауаптармен бекіту :

-         Әңгіменің  авторы  кім?     ( Шерхан  Мұртаза )

-         Шерхан  Мұртаза кім ?

-         Әңгіме  кім  жөнінде  жазылған ?  ( Тұрар  Рысқұлов  жайында )

-         Ол  кім ?  

-          Шерхан  Мұртаза  - Қазақстанның   халық  жазушысы ,  қоғам  қайраткері , Қр- ның  еңбек  сіңірген  мәдениет  қызметкері .  Ол  28.09. 1932  жылы   Жамбыл  облысы , Жуалы  ауданы , Талапты  ауылында    туған.  1955 жылы   М. В .  Ломоносов  атындағы  Мәскеу мемлекеттік  университетінің  журналистика факультетін  бітірген .  Ол  Қазақ  мемлекеттік  көркем  әдебиет баспасында , « Лениншіл жас»

 ( қазіргі   «Жас  Алаш») , « Социалистік  Қазақстан» ( қазіргі « Егеменді  Қазақстан»)   газеттерінде  жұмыс істеген . «Қазақ әдебиеті» ,  « Егеменді Қазақстан»  газеттерінде , «Жалын» , «Жұлдыз»  журналдарында  бас редакторлық  қызметтер атқарған . Қазақстан  жазушылар  одағы басқармасының  ІІ хатшысы болған. Қазақстан мемлекеттік  телерадио  компаниясының төрағасы  қызметін  атқарған . ҚР Парламенті   Мәжілісінің  депутаты  болды . Сондай-ақ ҚР Президенті  жанындағы Ұлттық   Кеңестің  мүшесі  болған .

     Шерхан  Мұртаза  «Құрмет  белгісі», «Отан»  ордендерімен марапат –талған. Тараз және Астана  қалаларының Құрметті  азаматы .

-         Шерхан  Мұртазаның  қандай  шығармалары бар ?

-         Ш . Мұртазаның  алғашқы  әңгімелері   ( « Әңгелек»  , « Әмеңгер» ) 1955 жылы  жарық  көрген .

 Ол   қазақ  және орыс  тілінде  бірнеше  әңгімелер мен  очерктер ,повестер, романдар   жазған . Мемлекет  қайраткері  , революционер  Т. Рысқұловтың  өміріне  арналған  « Қызыл  жебе» романы  бар .

         Шерхан  Мұртаза   қазақ  тіліне Г. Х . Андерсонның   ертегілерін , венгр халық  ертегілерін , қырғыз  жазушысы  Ш . Айтматовтың   повестері  мен  романдарын  аударған .

-Әңгіме  кім  туралы ?  ( Тұрар  Рысқұлов жайында)

-Ол  кім  ?

-  Тұрар  Рысқұлов - (1894-1943) мемлекет  және  қоғам  қайраткері , саясат- шы .

1916  жылғы ұлт-азаттық қозғалысына , 1917 жылғы ревоюцияға қатысушы .

Ол  қазіргі Алматы  облысы , Талғар ауданында туған .

ІІІ. Жаңа  сабақ

  1.      Ой  қозғау :     «Сөзжұмбақ  шешу»

-         Өлеңнің  мәтініне ән  жазатын  адамды  кім  дейміз ? ( Сазгер)

-         ҚР-ның  мемлекеттік рәмізі ?(Әнұран )  

-         ...  - асқар тау.(Әке)

-         Халық ауыз әдебиеті үлгісі (Ертегі)

-         Егемендік,тәуелсіздік сөзінің баламасы ?(Бостандық)

-         Сәкен  деген  есім  бізге  таныс па ? Ол кім?

-         Біз оның қандай шығармаларын оқыдық ?

Олай  болса , бүгінгі  өтетін тақырыбымыз Сәкен  Сейфуллинге  байланысты болмақ . Мәтіннің  авторы  Тұрсынбек  Кәкішев.

-         Мәңгі  деген сөзді қалай  түсінесіңдер? ( өмір бойы , ұмытылмайтын ,

өшпейтін). Бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз :   «Мәңгі  жасар  өмір».

  1.      Сәкен  Сейфуллин  туралы  қысқаша мәлімет беру .

Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас)  (1894-1938) – қазақтың  атақты  ақыны , жалынды  жазушысы , драматург , ұстаз , мемлекет қайраткері . Қазақ әдебиетінің негізін  қалаушылардың бірі . Ол Қарағанды  облысы  , Ақадыр ауданы , Қарашілік ауылында  дүниеге келген.

1938 жылы  қуғын – сүргінге ұшырап , Алматыда  атылды . 1958  жылы  ақталған .

-Қуғын –сүргін деген не ?

         Қуғын – сүргін – мемлекеттің  өз азаматтарына  қолданатын  қатаң жазалау шарасы .

         1937-1938 жылдары  қазақ зиялылары  Кеңес үкіметіне  қарсы  үгіт – насихат  жүргізді деген айыппен қудаланып , қуғын – сүргінге ұшырады . 105 мың  адам  қамауға алынып , оның  22 мыңы атылды .

  1.       Мәтінді  баяндау ,  сұрақ – жауаптармен  талдау :

-         Мәтінде қандай кезең суреттелген ? Оны неден аңғардың?

-         Мәтін  кімнің  атынан  баяндалған ?( Алтын  Құсайынованың)

-         Шілдехана  деген не ?  Ол кімнің үйінде  болды ?

-         Шілдехана деген сәби дүниеге келген  күні отбасы , көрші – көлем , ағайын – туыс жиналып  , аман –есен сәбидің өмірге келгенін тойлайтын рәсім . Ол басқарма бастығының  үйінде болды .

-         Шілдехана үстінде  қандай ән басталды ? Ол кімнің  әні  еді ?

-         Шілдехана үстінде Сәкеннің  «Тау ішінде» әні бастала беріп , кілт тоқталды .

-         Ән  тыңдаушыларға  ұнады ма ?

-         Ел ағасы Қосбақан не істеді ?  Ол Исламқұлға не деді?

-         Хабаршылар қандай хабар әкелді?

-         Шамалы жерде бөгде жан жоқ,- деді.

-         Ауыл әншісі Исламқұлдың орындаған әніне қандай қошеметтер айтылды ? Ол кімге айтылған қошеметтер еді ?Бұл ән кімнің әні ?

-         Ән «халық жауы» деген сұмдық атау байланған Сәкен  Сейфуллиннің мұрасы еді.

-         Әңгіме неліктен мәңгі жасар өмір деп аталған ? Оны неден аңғардың ?

  1.      Сөздік жұмысы .

-         Ал, балалар , енді осы әнді өзіміз де тыңдап көрейік .Бұл ән радио , теледидардан дәстүрлі әншілердің , жас әншілердің эстрадамен орындауларында жиі айтылады . Ән өте көңілді ,әрі әсерлі .

  1.      Сергіту сәті :Ән тыңдау :  «Тау ішінде»
  2.      Суретпен жұмыс

-Суретті қалай атар едің ?

- «Абақты», « Жазықсыз  тергеу».

-«Халық жауы»  деген жаламен атылып кеткен  кімдерді білесің ?

- Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов , Мағжан Жұмабаев , Жүсіпбек Аймауытов , Міржақып Дулатов ,Бейімбет Майлин , Ілияс Жансүгіров , өз

жерлестерімізден Темірбек Жүргенов пен Мұстафа Шоқай т. б .  

* Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір .(Шығармашылық тапсырма )

ІҮ. Сабақты қорыту

-Берілген сурет пен мәтіннің арасында  байланыс бар ма ?  Болса қандай ?

-Бұл адамдарды болашақтың  алдында ұмытылмай , мәңгі  жасап  қалады деу орынды ма ?

Ү.Үйге тапсырма

1. Мәтінді оқып , түсіну .(99-100-бет)

2.Өзіңе ұнаған халық әнін тауып , жаттау .

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения