Nazar Bazarov
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:не указан
08.02.2015
0
703
4

Бейнелеу өнерінен баяндаманың тақырыбы: "Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу және олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бейнелеу өнері пәнінің қосар үлесі."





 

“Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу және олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бейнелеу өнері пәнінің қосар үлесі.”

І.  Сапалы сабақ – басты мақсат.
ІІ.  Үйірменің  үйретері  көп.
ІІІ.  Мұғалім зертханасы.
ІV. ҚР 2014 жылғы бастауыш білім берудің мемлекеттік міндетті  білім беру стандартының жаңартылған мазмұны(жоба).

Қазіргі таңда жеке тұлғаға бағытталған сабақ– бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, сондай-ақ оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәрбиесін үнемі назарға ұстауы. Заман талабы қоғамымызда рухани бай, терең білімді, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, оны әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін, халық мұратын дамытатын, шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелеп шығаратын оқу-әдістемелік кешеннің болуы.

Танымдық белсенділік – жас ұрпақтың оқуға, өнерді тани білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Баланың оқып-үйренуіне негізгі түрткінің бірі – қызығу. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілген білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты өнер-білімнің сатыларын үйрету керек. Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін білім мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек.

Мұғалімнің негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдылық әрекет әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу керек.

üөнер-білімнің арнайы ерекшеліктерін ескеру;
üжас ұрпақтың өнер-білімге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;
üоқыту барысында жүйелілік пен бірізділікті ұстану;
üоқушының жас ерекшеліктерін ескеру;
üимандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;
üполитехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Сабақ жоспарының құрылымы дәстүрлі үш функцияға байланысты оқу мақсатына негізделеді:

üбарлық оқушылар біледі, орындайды,
üоқушылардың басым көпшілігі орындайды,

 

üкейбір оқушылар орындайды.

Қазақтың тарихи көркем өнерін жақсы білетін және жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерген, әрі жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеп шығару бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл орайда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Осы үйірме сабақтарының міндеттері негізінен: оқушы бойындағы кәсіптік білімді қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбекке деген сүйіспеншілік пен қарым-қатынасты тәрбиелеу, саналы түрдегі еңбек тәртіптерін сақтау, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылық белсенділікті арттыру, конструкциялық ой-өрісін дамыту болып табылады.

üҮйірме сағаттарының тиімді өтуі мұғалімнің материалды-техникалық даярлығымен қоса әдіскерлік жағдайдағы  сапалы даяллығы өте маңызды.
üҮйірме сабақтарының сапалы өтуінің тағы бір кепілі – ол жетекші мұғалімнің жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы.
üҮлкен көңіл бөлетін тағы бір жағдайдың бірі – оқушының жұмыс орнының ұйымдастырылуы.

Әр мұғалім өзінің пәні бойынша оқушылардың бойына білім нәрін сіңіру үшін үнемі ізденісте болуы – қазіргі өмір талабының басты міндеті. Бұл орайда мұғалім зертханасының алатын орны ерекше. Мұғалім зертханасын мынадай топтарға жіктеуге болады:

1.Мұғалімнің жеке кітапханасы әр түрлі әдеби және саяси оқулықтар, әдістемелік оқулықтар мен газет-журналдар, жаңа оқу бағдарламалары мен пән оқулықтарынан тұрады және заман талабына сай электрондық оқулықтар, аудио және бейнежазбалар мен ақпараттық сайттар тізімін қамтиды.
2.Сабақтың көрнекілігін арттыру үшін – карточкалар, картотекалар плакаттар, дидактикалық материалдар, қолдан жасалған көрнекіліктер т.б. көрнекілік элементтері болу керек.
3.Техникалық және ақпараттық оқыту құралдары – компьютер, интерактивтік тақта, мультимедиалық құрылғылар, техникалық құрал-жабдықтары(DVD player, бейне магнитафон, теледидар, камералар т.б.) оқыту құралдарын қамтиды.
Қалған материалды суреттерімен жүктеу кезінде аласыз
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения