Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.02.2015
0
770
0

Уақыт-мезгіл пернесі

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Кайржанова Майра Негметовна

Құндылық  Уақыт ұғымын құндылық ретінде ашу

Мұғалім:   Кайржанова М.Н.      Сынып     10 «А»          Оқушылар саны-  21

 

Сабақ мақсаты:  Уақыт ұғымын құндылық  ретінде ашу.

Міндеттері:

-   «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсіндіру;

-   жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-   уақытты бағалай  білуге үйрету.

 

Ресурстар

Слайд «Уақыт –мезгіл пернесі»,

«Тыныштық сәті» видео,

«Келші, келші, балашым», «Қайран уақыт»  әндері.

постерлер.

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті

Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін қосылып айтады.

•   Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

•  «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

•  Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

 

Сабақ барысын талқылау:

 

Дәйексөз

 «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» мақал

 «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» мақал

 

Әңгімелесу

1. Видео  «Қайран уақыт»  М.Жүнісова орындауында ән.

•   Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

•  «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

•  Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

2. Оқулықтағы  Н.Шәкізадаұлының мәтіні бойынша :

• Мәтіннен өзіңізге қандай ой түйдіңіз?

• Өзіңіз уақытыңыздық көбін неге арнап жүрсіз?

•  Өз уақытыңызды тиімді өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба?

3. Е, Төлепбайдың «Жібек жолы»  суретін

«Өмір мұхит, уақыт – толқын» ойымен салыстыру.

 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1 топ - уақытты қадірлейтіндер адамдар туралы ойларын түйіндеу.

2 топ -  уақытты қадірлемейтіндер адамдар туралы ойларын түйіндеу.

3 топ-  уақыттың құны туралы  түсініктері бойынша ойларын түйіндеу.

4 топ - дүниеге уақыт және өмір көзқарасы бойынша талдау жасап, адамдарда болатын уақыт танымы туралы ойларын түйіндеу.

постерге тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасы

Берілген ойды оқып, өз тұжырымыңызды ұсыныңыз.

Ұйықтар алдында өткен күніңді өзіңнің не істеп,

не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

 

Топпен ән айту

Г. Дәукенованың «Қайран уақыт» өлеңін айту.

 

Соңғы тыныштық сәті

Ж.Сейфуллиннің «Өмір» музыкасы бойынша тыныштық сәті.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения