Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.02.2015
0
826
1

Шәміл Мухамеджанов «Шуақ». Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Қазақстан,Алматы облысы,Алакөл ауданы,Достық кенті

«Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінің

Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі

Қайдарова Гүлсара Тілеубердіқызы

Мұғалімнің аты-жөні

Қайдарова Гүлсара Тілеубердіқызы

1 А сыныбы

Достық №11 орта мектебі

 

 

 

Сабақтың тақырыбы

Шәміл Мухамеджанов «Шуақ». Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сілтеме

Ана тілі. Алматы кітап 2012 жыл.

Мақсаты

  1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білу.
  2. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.
  3. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
  4. Диалогтік оқыту арқылы сөздік қорын кеңейту.
  5. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  6. Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
  7. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктері кеңейеді;
2.Өлеңді түсініп оқиды, идеясын ашады;
3.Ой өрістері кеңейеді,
4.Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады;
5.Топпен жұмыс жасау қабілеті артады;
6.Нақты сөйлеуге, өз ойын айтуға үйренеді;
7.Шығармашылық қабілеттері дамиды;

 

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Ұйымдастыру кезеңі

Топ ережесімен таңыстыру:

  1. Бірін-бірі сыйлау.
  2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
  3. Көңілді отыру.
  4. Сабаққа қатысып отыру.

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құрып, сен әдемі сөздер білесің бе? Ойыны. Сандар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне әдемі сөздер айтады. Сандар алып сол санға байланысты топқа отыру.

 

Ой-қозғау

Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінге байланысты сұрақтар

  1. Мәтінде не туралы айтылған?
  2. Түнде ауа-райы қандай болды?
  3. Бозторғайдың балапаны неге дір-дір етті?
  4. Омар атай не істеді?
  5. Алтайдың орнында болсаң сендер не істер едіңдер?
  6. Мәтінді ары қарай жалғастыр.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Топпен, жұппен ойланады.

 

Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу арқылы, басқы әріптерден жаңа тақырыптың аты шығады

Ш А Ш

 У Ы Қ

 А С  Ы  Қ

 Қ А  С  Ы Қ

Шәміл Мухамеджанов

 


   

1931       Қостанай         1980         қазақ

жылы     облысы            жылы      совет

туған      Жангелді         қайтыс   ақыны

                ауданы           болды

                Торғай

                 ауылында

Ойланады ойлану қабілеттері артады. Топпен жұмыс жасайды. Оқушылар автор туралы мәлімет алады.

 

Мағананы тану

Оқулықпен жұмыс, өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып беру. (Тақта арқылы өлеңнің сөздеріне байланысты сурет бейнелеп көрсету). Өлең неліктен шуақ деп аталған? Әжесі шуақты қайтті? Шуақты күн қандай болады? Шуақты күнді сипаттап көру, сөздік жұмысы құрақ-матадан, теріден қалған әртүрлі қиынды қалдық. Апаларымыз құрақ құрап, сүп-сүйкімді түскиіз тігетін.

Тымық-бас киім. Шуақ-күннің нұрын төгіп тұруы. Өлеңнен заттың қимылын білдіретін сөздерді тапқызу.

Оқушылар іштей дауыстап тізбектеп оқиды. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды. (қуып шықты, түсірді, жүгіртті, бояды, унатты, лақтырды) Оқушылар ережені сызбаға түсіріп айтады.

Заттың қимылын білдіретін сөздер.

 

 Заттың           не істеді?       ойнады

 қимылын       неғылды?       биледі

 білдіреді        қайтті?            жүгірді

 

 

Шығармашы-лық тапсырма

4 топқа суреттер таратылып беру, қимылын білдіретін сөздерді жазғызу топпен жұмыс

Оқушылар топпен орындайды

 

Сергіту сәті

Музыкамен билету. Қимылы бар сөздерді тапқызу.

Оқушылар билеп бойын сергітеді.

Мойыдарын оңға бұрды.

Мойыдарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді.

Қуанғаннан билеп берді.

 

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмалармен таңыстыру, түсіндіру.

Көп нүктенің орнына сөз қойып, сөйлемді толықтырып жазады.

 

Топтастыру постермен жұмыс

Топпен жұмыс (суреттер) конвертке салынған суреттер беріледі, сәйкестендіре отырып орналастырады.

1 оқушы шығып сұрақ қойып, қорғайды, әр топтан.

 

Сыни тұрғыдан ойлау

«Ойлан тап» ойыны. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, сөз кезегін сөз тапқанға берелік. Арамызда тапқыр достар көп екен. Оларды енді жарыстырып көрелік. Әр топ оқушыларға тапсырмалар таратылып беріледі.

Оқушылар топпен тапсырма -ларды орындайды.

1 топ. «Жоғалған әріпті» тап ойыны.

2 топ. «Сөзді толықтыр» ойыны.

3 топ. «Ауысқан сөз» ойыны.

4 топ. «Кім жылдам?» ойыны заттың қимылын білдіретін сөздерді табу.

 

Бағалау

Оқушыларды формативтік бағалау арқылы бағалайды.

 

 

Рефлексия (кері әсер парағы)

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Нені білдім? Нені үйрендім? Алмалар «қызыл-өте жақсы», «сары-жақсы», «жасыл-орташа» арқылы көрсету. Тілек ағашына орналастыру.

Тілек  ағашына әр топ алмаларды орналастырады.

 

Үйге тапсырма

Шуақ жаттау.

Күнделікке жазады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения