Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
06.02.2015
0
661
1

«Тапқыр болсан,тауып көр» танымдық сайыс

«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

География пәні мұғалімі Өтеген Таңшолпан

 «Тапқыр болсан,тауып көр» танымдық сайыс
Мақсаты:
1) Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын ояту арқылы, пәннің оқытылуы мен берілуін тереңдету, білімдерін тексере отырып нығайту.
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымын, дағдыларын арттыру, зейінін кеңейту
3) Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке баулу, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Міндеті: оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру, алған білімдерін тереңдету
Көрнекілігі: жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, кескін карталар, слайд
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Таныстыру

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны
ІV. Ой толғаныс (жұмбақ шешу)
V.  Полиглот
VI
.«Алтын сандық» ойыны
VII. Картамен жұмыс
VIII
.Географиялық диктант

IХ. Қорытынды бөлім. Марапаттау

II.Таныстыру(5балл)

Алғашқы кезегіміз таныстыру,

Топтарды бір-бірімен табыстыру.

Айдар таққан атауларын қорғайтындай

Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.

Топтар өзара кезегін анықтайды.

«Алғырлар»Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар

Білімді санасына тоқушылар.

Біліммен,өнерлерін ортаға сап,

Шықты міне,Алғырлар атты сайысшылар.

Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,

Шетімізден білімді балғындармыз.

Топ жарып,алға шығып озып жатсақ,

Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

Біздің топ ұраны:Нақты жауап,саналы шешім береміз,

Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

 

«Тапқырлар»Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,

Жарыс көрсе күш- қуаты жалындар.

Логикалық тапсырмалар шешуде,

Алдыңғы топ қатарынан табылған.

Біздің топ ұраны:Тапқыр болу-ізгі арман,мұратымыз,

Талмасын әрдайымда қанатымыз

 

«Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа
Оқу керек, білім керек қашанда
Ол болмаса, сайыс деген сайыспа» - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайысты ұйымдастыру кезінде оқушыларды шақырамын және оларды сайыстың бағдарламасымен таныстырдым. Олай болса 3 кезең «кім жылдам». Ойын шарты бойынша 14 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 1 балл тең. Бұл кезең жылдамдықты қажет етеді, сұраққа бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.
ІII. «Кім жылдам?»
1. Пайда болуына
қарай аралдар нешеге бөлінеді?(3)
2. Д
үниежүзілік мұхиттың ауданы?(361,1млн км²)
3.
Құрлықтың жалпы ауданы? (149,1млн км ² )
4."
География" деп аталатын 17 томдық кітапты кім жазды? (Страбон)
5.
Николай Николаевич Миклухо-Маклай қай жерді зерттеді? ( Жаңа Гвинея)

6. Карталар мазмұнына қарай неше топқа бөлінеді?(2-тақырыптық және жалпы географиялық)
7. Картографиялық проекция дегеніміз не және оның неше түрі бар? (Жер шарын глобустан картаға бейнелеу үшін қолданылатын әдіс-картографиялық проекция және оның 3 түрі бар )
8. Ауаның ең көбі шоғырланған, атмосфераның ең төменгі қабаты?
(тропосфера)
9.
Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін теңіздердің, көлдердің, ірі өзендер жағалауында соғатын желдер ( бриз)

10. Климат дегеніміз не?(ауа-райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі)

11.Орыстың климатолог ғалымы Б.П.Алисов Жер шарын неше климаттық белдеуге бөлді?(13 климаттық белдеу)

12.Географиялық қабықтың зақдылықтарын ата?(тұтастығы,заттар алмасуы,ырғақтылығы,зоналылығы)

13.Антропогендік факторлар деген не?(адам іс әрекеті нәтижесінде табиғаттың өзгеруі)

14.Таулар пайда болуына қарай неше топқа бөлінеді (жас және ескі)

IV. Ой толғаныс. Жұмбақ шешу.(5 балл)

1.
Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)
3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
( тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)


V. Полиглот .
(3балл)
Ықс----қыс---зима----Winter
Шаға—ағаш---дерево----Tree
Уат-----тау------гора------Mountain
Клө-----көл-----озеро-----Lake
Панса---аспан---небо----Sky
Нүк-----күн---солнце----Sun
Ус----су----вода----Water
Мұтхи---мұхит----океан---Ocean
Ңбыржа---жаңбыр---дождь---rain
Ерж---жер---земля---land

VI. Алтын сандық ойыны (1балл)
1. Изогиеталар-жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық
2.
Муссон – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты жел
3.
Климатология-климат туралы ғылым
4. Бриз – теңіз жағалауынан соғатын, құрлық пен судың үстіндегі ауаның әртүрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел
5.
Барометр-қысымды өлшейтін құрал
6.
Изобаралар-атмосфералық қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық
7. Желбағар – желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал
8. Термометр – ауа температурасын өлшейтін құрал

VII. Картамен жұмыс(2балл)
Мына берілген географиялық нысандарды жарты шарлардың физикалық картасынан табыңдар.
Тегеран қаласы -
Дели қаласы -
Пекин қаласы -
Астана қаласы -
Сидней қаласы-

Антананариву қаласы-

VIII. Географиялық диктант(2балл)

Сөйлемді толықтырыңдар

Африканың ең биік нүктесі болып саналатын................................. аймақтағы ең ірі жанартау.

Конго өзенінің экватор маңындағы аймағын және Гвинея шығанағы жағалауын ........................белдеу алып жатыр.(Экватор белдеуі)

Африка өзендері.........................алапқа бөлінеді.(Атлант,Тынық,ішкі тұйық алап)

.............................материктің ең үлкен көлі.(Виктория)

Жергілікті халық тасты шөлді...................деп атайды.(хамада)

Африка халықтары ұзақ даму жолынан өте отырып, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты.«Әлемнің жеті кереметінің»қатарына кіретін.....................осының нақты айғағы.(Египеттегі ежелгі пирамидалар мен Александрия шамшырағы )

Эдуард Джон Эйр ағылшын саяхатшысы жайылым іздеп,Аустралияның ішкі аймақтарына саяхат жасап,......................ашты.(Флиндерс жотасын,Торренс,Эйр көлдерін)

Аустралияның ең үлкен өзені........................Үнді мұхиты алабының өзені.(Муррей)

 

IХ.Қорытынды бөлім. Марапаттау
«Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді, география сырына», - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения