Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
06.02.2015
0
798
0

Білім берудің жаңару жағдайында педагогикалық әрекетте инновациялық технологияны пайдалану

Қазақстан,Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі
Булекова Раушан Алибековна

Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызда парасатты да, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлерімен әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыруымыз керек.

Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда мұғалімдер интерактивтік және инновациялық әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді.

«Инновация» - латынша аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді екен. «Инновация» бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басқан, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

Инновациялық технологияны іске асыру үшін мектептегі компьютерлер санын көбейту, оны түгелдей интернет жүйесіне қосу, әдістемелік жұмыстарға жаңаша бағыт беру, әрбір мұғалімнің  шығармашылық мүмкіндігін ашу керек.

Инновациялық технологияны пайдалану арқылы педагогикалық әрекетте үздік тәжірибелерді таратып, дарында балаларды анықтайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықна арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» дегендей жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Ғылыми әдебиеттерде инновацияны үш түрге бөледі.

  1.      Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
  2.      Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.
  3.      Радикалыдқ инновация – білімге мем лекеттік  стандарттарды енгізу жатады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жатады. Мұғалімнің басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, ізденіп отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің түрлерін пайдаланып келемін. Сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына , жүру барысына қарай интерактивті сабақтар, интеллектуалды ойын сабақтар, понорамалық, ертегі сабақтар өткізіп келемін.

Оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы, шығармашылық зерттеушілік әрекеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл педагог  оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдана білсе, сабақ сапасы жақсара түсетіні сөзсіз.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдаланатын ақпараттық коммуникалдық технологиялардың түрлерін пайдалана білу. Олар: электронды оқулықтар, бейнетаспалар, компьютерлік ойындар, үнтаспалар, компьютер, фильмдер.

Білім берудің жаңа жағдайында педагогикалық әрекетте инновациялық технологияны пайдалануда мұғалімдердің арасында да түрлі жұмыстар жүргізілуде.

Бастауыш сыныптар арасында пән апталықтары мерзімінде өткізіліп, ашық сабақтар беріледі. Өткізілген ашық сабақтардың нәтижесі салыстырылып, ең даулы сабақтар анықталды.

Мектептегі жас мұғалімдердің бейімделуін жетілдіру мақсатында тәжірибелі, озық мұғалімдерден құрылған  тәлімгер ұстаздар жұмыс істейді. Олар өз білгендерін жас мамандарға үйретеді, көрсетеді.

Мұғалім – мектептің  айнасы. Мұғалімдеріміз өздерінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезінеді және өздерінің басты міндеті  - оқу мен тәрбие процесінде қазіргі талапқа сай жоғары дәрежеге жету жолында ізденіспен еңбек етуде. Осы орйда біздің де мектебіміздің озық тәжірибені оқып, үйретіп, жинақтар тарату жұмыстары дұрыс жолға қойылған.

Мектептегі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, оның жаңа ұстанымға сай болуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, бүгінгі білім беру ісіндегі  инновациялық процесске тікелей араласуына , бағдаолы білім беруде нәтижеге жетулеріне жағдай жасау – басқарушының міндетінде.

Жүйелі еңбек қашанда нәтижелі болмақ. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінші, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатынәлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс – әрекеттің ғылыми – педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.  Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда оқыл – ой мүмкіндігін қаплыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті ьолып отыр. Ол бүгінгі білім кеңстігіндегі ауадай қажет жаңарту әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру. Бұл – жаңа кезеңде адамды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде беру деген сөз.

Бүгінгі кезде бізге, елңмңзге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет. Бұл – еліміздің жалпыға бірдей білім беретін мектептер сияқты біздің мектебіміздің де алдына қойған міндеті. Сондықтан осыған орай мектебімізде бүгінгі таңда атқарылып жатқан іс – әрекеттер, жаңа ізденісте, жаңа істер, әдіс – тәсілдер қоғамымыздың қажеттілігіне сай өз үйлесімін табуда.

Уақыт алдыға жылжыған сайын мұғалімдерге қойылатын талаптар да жоғары деңгейде көтеріліп келеді. Ұстаз қолында адам тағдыры, ьолашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп,  дамып келе жатқан  ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан қалмаай ізденісте болуы  үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамда қажетті осындай ұстаздар. Мұғалім – жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар әр оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Сонымен бірге оның ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген және әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұста болуы – бүгінгі заман талабы. Мектебімізде осы тұрғыда атқарылатын жұмыстардың негізі қаланған. Мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шағрмашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.

Инновациялық әдістеменің негізінде үйренушінің әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқу материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін  арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

-         Үйренушінің белсенділік іс – әрекетін дамыту;

-         Оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

-         Мұнда үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкінді;

-         Көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету

Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды. Оқушының өзі ізденіп, өз бетінше игеріп, ал мұғалім негізгі міндетті оқушының іс – әрекетін бақылау жатады.  

Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болад:

-         Дамыта оқыту технологиясы оқу – тәрбие үрдісінде

«Оқушы – субъект, мұғалім – объект» тұрғысынан қарастырып, оқушыны ұдайы шығармашылық ізденіске бағыттайды.

-         Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

-         Дербес оқыту технологиясы оқу – тәрбие үрдісінде игерту үшін ізгілік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігін артырады;

-         Иллюстарциялы түсіндірмелі оқытуда «адам – қоғам – табиғат үйлесімділік бағыттағы дүниетанымына жүйелі саналы мәдениет қалыптастырады»

-         Ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

-         Бұл технологияны пайдаланудағы мақсатым – әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармащылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.

Шығармашылығы жоғары, ойлау терең адамзатты тәрбиелеу, өзін – өзі тану сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.

Ұлттық білім үлгісінің негізіг бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюуына, шығармашылық  еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптсауына жағдай жасау, мүмкіндік беру.

         Қорыта келгенде айтарым, қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару жолында оқыту мен тәрбиелеудің  осы технологияларын сабақта жиі қолдансақ оң нәтиже береді деп ойлаймын. Инновация технологиясын қазіргі күнде талап етіліп отырған кешенді тестілеуге бала үлкен дайындықпен баруы керке, сол үшін осы технологияны мектеп оқулықтарының біріне батыл енгізуге ұсыныс жасаймын. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения