Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
06.02.2015
0
551
0

Болашақ, саған қол созам

Қазақстан,Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп
Мектеп тәлімгері
Кулбатырова Айнур Маратовна

Мақсаты: Жоғары, арнайы орта, кәсіптік  оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық  таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы   түсініктерін  қалыптастыру;

әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

 бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;

мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;

 

Көрнекілігі: Слайдтар,   видео–роликтер,  жарнамалар.

 

1 – жүргізуші:

Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары!

 

2 – жүргізуші:

 Армысыздар, құрметті көрермен қауым!

 

1 – жүргізуші:

Бүгін сіздермен тікелей эфирде  «Жар@йсың» теле – жобасы .

 

2 – жүргізуші:

Бағдарламаны жүргізуші — Бағлан  және мен — Ақжанат.

Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым едің  жас кәрің,

Әр қиырға сермедің,-

деп  Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын  ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас косты.

 

1 – жүргізуші:

 Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,

Кемесіз  дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң  болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.

 

2 – жүргізуші:

 Құрметті, кеш қонақтары «Болашақ, саған қол созам» атты кездесу кешіне қош  келдіңіздер!

 

1 – жүргізуші:

 Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда, Қандыағаш қалалық №4  орта мектебін бітіруші  276  жас  қазіргі таңда  студенттер қатарында  екен.

 

2 – жүргізуші:

 Олардың – 133  жоғарғы,  73 -  арнаулы  және     10 - кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.

 

1 – жүргізуші:

Бұл  студенттер Астана,  Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал,  Алматы,  Семей, Қандыағаш   қалаларында  білім  алуда!

 

2 – жүргізуші:

Бұлар — болашақ  сан түрлі  мамандықтар  иелері!

 

1 – жүргізуші:

 Бұлар — болашақ  Қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз тілінің мамандары. Өнер мен театр майталмандары!

 

2 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ физика, биология, география, информатика, тарих, психология, сурет, спорт, экология, бастауыш  сынып  мұғалімдері!

 

1 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ  заңгерлер  мен программистер,  ұйымдастырушы-менеджерлер  мен  инженер-технологтар,   экономистер мен темір жол қызметкерлері!

 

2 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ ауыл шаруашылық  мамандары мен мұнай–газ саласының қызметкерлері!

 

1 – жүргізуші:

 Бұлар – еліміздің  болашағы!

 

2 – жүргізуші:

Еліміздің  болашағы – білімді  жастарға  қошемет,  ағайын!

 

1 – жүргізуші:

Олай  болса,  бүгінгі «Жарайсың»  бағдарламасының  алғашқы қонақтарын қарсы  алайық.

 

І –тур «ЖАРАЙСЫҢ!»

 

Ақжанат:  Шыңғыс, сен қалай  ойлайсың, төменнен  бастаймыз ба,  әлде жоғарыдан  бастасақ па екен?

Бағлан:  Үлкенді  сыйлайтын  қазақпыз  ғой, әуелі 4-курс студенттерінен бастайық.

Ақжанат:  4-курс    студенттер  бәрін  айтып  қойып ,1 мен 2-курстағыларға   сөз  қалмай  қалмай  ма?

Бағлан:  Менің ойымша, олай болмас. Бұл студенттердің әрқайсысының көкірегінде  алтын ұя мектебіне, ұстаздарына деген ақ тілектері сағыныш жатқаны  сөзсіз.

4/1 сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз  туралы айта кетсеңіздер?

4/2 сұрақ: Таңдаған мамандықтарыңыз несімен ұнайды?

4/3 сұрақ: Сізге мамандық таңдауға кңм көмектесті?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Отаным Қазақстан»

 

3/1сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз  туралы айта кетсеңіздер?

3/2 сұрақ: Шыңдарыңызды айтыңыздаршы мектепті сағындыңыздар ма?

3/3 сұрақ:  Егер сіздер басқа қалаға барсаңыздар  Қандыағаш қаласын, бітірген мектептеріңізді қалай мақтар едіңіздер?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Ұстазым»

 

2/1 сұрақ:  Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз  туралы айта кетсеңіздер?

2/2 сұрақ: Оқу орындарыңызда қандай жарыстарға байқауларға қатысып жүрсіздер?

2/1 сұрақ: Сессияларыңызды қалай тапсырасыздар?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін  сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Қыздар – ай»

 

1/1 сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз  туралы айта кетсеңіздер?

1/2  сұрақ: Өздеріңіз оқып жүрген оқу орындардағы және бітірген мектебіңіздегі мұғалімдердің  айырмашылығы бар ма?

1/3 сұрақ: Мектеп кезінде қандай қызықты оқиғалар болды?

 Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін  сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Достарым»

 

 

                                 ІІ тур  «Сыйтарту»

Әр   жылдарғы    мектеп   түлектерінің    сый – тартулары.  Ән  орындап, артынан  клип көрсету,  өздерінің  шығармашылықтарынан  өлеңдер  оқу, өнерлерін   көрсету,  КВН–нен    үзінділер    т.б.

                              ІІІ сұрақ «Сұрақтар»

10 – 11 класс оқушылары мектеп бітірген түлектерге сұрақ қояды.

1 – жүргізуші:

Өзіңе  сен, өзіңнің   күшіңе сен,

Қос    қолың   мен істеген  ісіңе сен.

Алысыңда  сыйлайды,   жақының да,

Өзіңді  өзің  төменге   түсірмесең

 

2 – жүргізуші:

Өз  қайығың бар болса, өз  ескегің,

Өмірде мен сені  осал  демес  едім.

Қимылдай  бер,  тарта  бер  ескегіңді,

Шығады  алдан  жап–жарық   келешегің.

 

 

1 – жүргізуші:

Өнер – өзен, жан – тәніңді   шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды  жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін   санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін  саятың

2 – жүргізуші:

 «Әрбір  адам   қандай да бір іс үшін  туады.  Жер  басып  жүрген  әрбір  адамның  өз  міндеті бар» - деген    екен   А.Толстой, олай  болса, әрқайсысың да таңдаған  мамандықтарыңның   алтын қолды  иесі   болып,   мамандықтарыңыз – өнерге ,  өнерлеріңіз – өмірге   айналып,  үлкен  өмірде  сіздерді тек БАҚЫТ қана  күтсін   деген   тілекпен  мектеп тәлімгері Құлбатырова Айнұр Маратқызы, мектеп музыканты Орманов Алмас Өмірқұлұлы   және  мектебіміздегі  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымының  ұйымдастыруымен  өткен   кездесу   кешін    аяқтаймыз.

1 – 2  - жүргізуші:     Келесі кездескенше, қош, сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения