Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.02.2015
0
788
0

Қызыл кітап

Қазақстан Республикасына,Астана қаласына

№ 36 орта мектебіне

Қазақ тілі мен әдебиет мұғаліміне

Мақанова Барқыт Серікпайқызына

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: оқушылардың  білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын  айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау  қабілетін дамыту.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету,  сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін  арттыру, сөйлеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды туған  жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін  мақтан тұтуға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, оны сүюге баулу.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.

Сабақтың типі: қорытындылау және қайталау  сабағы.Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту сабағы.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс,  проблемалық сұрақтар,  сын тұрғысынан ойлау,  көрнекі және техникалық  құралдар көмегіне сүйену,  тіл дамыту, әңгімелеу.

 Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, қиықшалар, интерактивтік тақта «Бәйтерек» бағдарламасы  4 модуль  («Қазақстанның табиғаты»)

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, география, биология.

Оқыту формасы: жеке, топтық, жұптық.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.   Амандасу, Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу. Балаларға бағалау парағы үйлестіріледі, сабақтың әр бөлігінде өздерін бағалауы тиіс.

1. Біз қай елде тұрамыз?    Қазақстанның табиғаты қандай?   Бүгін ауа райы қандай?                                                                                                                           

    Қазір қай жыл мезгілі?    Қыс  айлары қандай?  

2  Балалардың белсенділігін арттыру.

  Қайырлы таң достарым,

   Қайырлы күн болсын.

   Жұма  күннің әр кезі,

   Сәттілікке толсын. 

   Біздің алар бағамыз,

   Кілең «бестік» болсын.    

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.         

Балалар, біз сендермен  Қазақстанның табиғаты, қорықтары  туралы  тақырыптар өтіп жатырмыз. Үйге қандай тапсырма берілді?  

А) Іс - әрекеттік кезең. Интерактивті тақтада. «Қазақстан  табиғаты», «Қазақстан қорықтары»  тақырыбы бойынша оқушылар дайындаған шағын жобаларын қорғайды.

Ә) Мақал – мәтелдерді жалғастыр:  Ел іші – алтын ... .                          

Отансыз адам, ... .... .                      Жері байдың -  елі ...

Табиғат – асыл ... .                           Көлдің көркі  құрақ, таудық көркі  .... (бұлақ)

 А) Сергіту сәті.  Қазақ халқында туған жеріне  жыр арнамаған ақындарымыз, ән арнамаған сазгерлеріміз жоқ шығар. Осындай керемет, халықтың әнүранына айналып кеткен Қадыр Мырза Али ағамыздың сөзіне жазылған Ескендір Хасангалиевтің «Атамекен» әні біздің  де сүйікті әніміз.

 «аАтамекен» әні орындалады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітап ».

Сабақта біз  Қазақстанның  табиғаты, қорықтары, жануарлары мен құстары      туралы әңгімелейміз. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз.   

Ол үшін сендер тақтаға шығып, сапқа тұрыңдар. Сендерге қиықшалар таратылады.Сөз немесе сурет  құрастырып, топқа бөлінесіңдер:

  І топ:Саяхатшылар   ІІ топ: Қорғаушылар          ІІІ топ: Зерттеушілер

А) Жаңа тақырыпқа шығу -  видео немесе слайд көру (Мұғалім оқып тұрады?)

Бұл видео (слайд)  не туралы? Біздің сабақтың тақырыбы қандай? Сабақтың мақсатын айту.

Сабақтың тақырыбы:«Қызық кітап»

Ой қозғау. Қызық кітап туралы     Не білемін?      Не білгім келеді?

Оқушылардың  пікірлері тыңдалады. Жауаптарын мұғалім тақтадағы кестеге  толтырады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:      

 Ең алғашқы  Қызыл кітап 1963 жылы  жарық көрді. Қазақстанда  Қызыл кітап  1978 жылы ашылған. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасалған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Неге  дәл қызыл түс?

Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда; көшеден өтуге болмайтынын білесіңдер. Қызық түстің, кейде тыйым салу белгісі екені  бүкіл дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Қызыл түс  - қауіптің белгісі.  Қызыл кітап  -  адамзатқа ескерту!

 А) Жаңа сөздермен жұмыс: қауіп  - опасность, тізім - список, тіркеу  регистрировать,

1-жойылып бара жатқандар  исчезающие виды,

2 - саны кеміп бара жатқандар -  сокращающиеся  виды,

3 - сирек кездесетін жануарлар -  редкие виды,

4 -  анықталмағандар- неопределенные,

5 - саны қайта қалпына келгендер -  восстановленные виды.

жойылып кету қаупінде тұрған түрлер -  виды, которым угрожает изчезновение, сүтқоректілер - млекопитающие,

Берілген сөздермен сөз  тіркестерін, сөйлемдер құрастыру жұмысы (ауызша)

  1. Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Мәтін  әр топқа таратылады.

   Ә) Топтық жұмыс. Айтылым. Оқушылар мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап береді. Сұхбаттасады.

  1. Жазылым. Әр топқа тапсырма беріледі.
  2. І топ: мәтіннен бес сан есімді теріп жазады.
  3. ІІ топ: мәтіннен төрт сын есімді  теріп жазады.
  4. ІІІ топ: мәтіннен  етістіктерді теріп жазады.         

Қызыл кітап 

І топ «Қорғаушылар»

Ең алғашқы  Қызыл кітап 1963 жылы  жарық  көрді. Қазақстанда  Қызыл кітап  1978 жылы ашылған.   Қызыл кітаптың  ішінде Қара кітап бар. Немесе қара  тізім. Жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қара тізімі. Қызыл кітабының  қызыл беттерінде  өте сирек кездесетін жануарлар  тізімі.

ІІ топ    «Саяхатшылар»

Қазақстанның Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктер деп аталатын екі томнан тұрады Қазақстан қорықтарында  сүтқоректілердің (млекопитающих) 50 пайызы (процентов)   кездеседі. Қызыл кітабының ақ беттерінде   саны әрқашанда  аз болатын   жануарлар   тізімі. Қызыл кітабының   жасыл беттерінде   сандары  сақталып, көбейтілген жануарлар  тізімі.

ІІІ топ  «Зерттеушілер»

Қызыл кітапқа   жазылған  құстар түрлерінің  64 – пайыздан  астам (свыше 64 процентов)    Қазақстан қорықтарында  кездеседі.  Қызыл кітабының  сары  беттерінде   саны азайып бара жатқан    жануарлар  тізімі жазылған.  Қызыл кітабының   жасыл беттерінде   сандары  сақталып, көбейтілген жануарлар   тізімі бар.

3. Топтық жұмыс. Айтылым.Әр топ өзінің мәтінімен жұмыс жасайды: мәнерлеп түсініп оқиды. Мәтінді мазмұндайды. (сурет салады)

 І топ «Қорғаушылар»

Түлкі

Түлкінің бірнеше түрлері болады. Қазақстанда қызыл және қаракүрең түлкі ғана (только) мекендейді (обитает). Ең асылы  (самая ценная)  қарасұр (черно -  бурая) түлкі.Ол суық жақтарда мекендейді.Түлкі өте қу, айлакер (қандай? хитрая).

ІІ топ    «Саяхатшылар»

Қоқиқаз

Саны кеміп (количество уменьшается) келе жатыр. Республикамыздың түрлі аудандарында ұялайды (гнездятся) Саны  (численность)жылдан жылға 5  мыңнан 50 мыңға дейін ауысып отырады (колеблется).

ІІІ топ « Зерттеушілер»

Барыс

Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы,  Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны   200 – ден аспайды. Барыс -   Қазақстан символы . Кысқы  олимпиадалық Азиаданың символы болған 2011жылы. Астаналық хоккей клубы «Барыс» деп аталады.

 Грамматиканы қайталау: Болымды, болымсыз етістік ( іс әрекеттің  болмауын, жүзеге аспауын  білдіреді.) Етістікке -ма,- ме, -па, -пе, -ба,- бе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Қорға- қорғама, сақта-сақтама, айт-айтпа, бар-барма, жаз – жазба, т.б.

Өздік жұмыс. Оқушыларға  қиықшалар таратылады.

4. Мәтін бойынша  жұмыс. Сөйлемдердің  дұрыс, бұрыстығын анықтау.

   Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1. Іле Алатауы табиғаттың ең әдемі  тауы.

 

 

2.  Қазақстанда  қорықтар көп.

 

 

3. Сусыз өмір жоқ.

 

 

4. Қазақстан табиғаты өте бай  емес.

 

 

5   Қызыл түс  - қауіптің белгісі.

 

 

6. Алматыда алма  аз.

 

 

 

ІV. Бекіту кезеңі.  Сергіту кезеңі 

Тербеледі ағаштар,                                         Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі.                                      Үлкен болып өседі.                                                                                                                                                                                                               

Ә)  «Артық сөз»- ойыны

Артық сөзді тауып, астын сызыңдар.

Көктем, жаз,  қыс, тұз

Наурыз, теңіз, тамыз,  ақпан

Сенбі, жексенбі,  жұма, аялдама

 V  Рефлексия.   Проблемалық сұрақ:

Балалар, қалай ойлайсыңдар, қызыл кітап керек пе? Неге?

 VІ. Қорытынды.   Енді,    балалар,  сабақтың басында  сұрақтарға  жауап бердіңдер.

Қызық кітап туралы:      Не білемін?              Не білгім келеді?

Енді мына сұраққа жауап беріңдер: Не білдім?

Оқушылар  интерактивті тақтаға шығып, жауаптарын жазады.

  Дұрыс айтасыңдар, балалар, табиғат  адам өмірінде маңызды рөл атқарады.       

  Табиғат деген не? Табиғат –халық қазынасы, біздің байлығымыз.

VII.Оқушылардың білімдерін бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтін бойынша диалог дайындау. Сөздерді жаттау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения