Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.02.2015
0
2184
4

Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Мүктердің көбейуі.

Республика Казахстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Биология пәнінің мұғалімі
Аубакирова Куралай Рамазановна

Сабақтың мақсаты:  жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктермен танысу. Мүктәріздестер туралы  түсінік қалыптастыру арқылы білім  деңгейлерін нығайту, сындарлы ойлау, қорытынды шығару, биологиялық тілде сөйлей білу, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
Жұмыс нәтижесі: Мүктәріздес өсімдіктер туралы жалпы мәлімет алады.

Негізгі идеясы: Мүктәріздес өсімдіктер туралы білім көзінің қалыптасуы.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:

 Сұрақ қою, әңгімелесу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: Суретті сөйлету; Биологиялық диктант.

Оқуды және оқыту үшін бағалау: «екі жұлдыз, бір тілек», смайликтер, қол шапалақтау;

АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.

Ресурстар: компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа  материалдар.

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут.

Сабақ жоспары:   

І.Ұйымдастыру: 1.Сәлемдесу. 2. Шаттық шеңберін құру. Әр оқушы өздерін өсімдікке, аңға, құсқа қатысты сөздермен сипаттап айтады. 3. Оқушыларды түсті қағаздардағы жазылған 1,2,3,4 сандар бойынша төрт топқа бөлу.                

Сабақ барысы:  Блум таксономиясы бойынша

Рефлексия:

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. 1. Ақпарат көздерінен мүктердің құрылысы және маңызыдылығы туралы презентация жасау.  2. Жасыл мүктер туралы ертегі жазу.

 Блум таксономиясы бойынша сабақ барысы:

І.Білу кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақа –жауап.

1. Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы.

2. Жасыл балдырдың бір жасушалы талшықты түрі.

3. Ғарышқа ұшырылған бір жасушалы талшықсыз жасыл балдыр.

4. Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан не пайда болады?

5. Хроматофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.

6. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газ.

7. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады?

8. Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?

9. Көпжасушалы балдырлардың денесін қалай атайды?

10. Балдырлар қайда тіршілік етеді?

 

 

1.Теңіз, көл, өзендерде,

тоқтау суларда, топырақта

 

6. Хламидомонада

 

2. Ризоидтар

 

7. Спирогира

 

3. Қоңыр

 

8.Таллом

 

4. хроматофор

 

9. Хлорелла

 

5. Оттек

 

10. Зигота

 

Жауабы.

10

1.Теңіз, көл, өзендерде,

тоқтау суларда, топырақта

2

6. Хламидомонада

8

2. Ризоидтар

5

7. Спирогира

7

3. Қоңыр

9

8.Таллом

1

4. хроматофор

3

9. Хлорелла

6

5. Оттек

4

10. Зигота

  1. Буыңдардан термин сөз құрап,сипаттама беру.

                                 

1.  ме-га-та

2. зо-ид-ри

3. ос-зо-ра-по

4. го-та-зи

Жауабы.

1. гамета

2. ризоид

3. зооспора

4. зигота

 

ІІ. Түсіну кезеңі. Жаңа сабақты меңгерту.Оқулық бойынша топтық жұмыс\ мәтінмен жұмыс, түртіп алу.

Оқулықпен жұмыс, постер салу.

 

3. Қолдану кезеңі. Тақырыптық тапсырма:

1-топ.  Тақырып бойынша топтастыру

2-топ. Тақырып бойынша  әңгіме құрастыру

3-топ. Тақырып бойынша  сурет салу.

4-топ. Өткен тақырыппен байланыстырып Венн диаграммасын құру

 

4. Талдау кезеңі. Биологиялық диктант.

1.Орманның батпақты жерлерінде .............жер бетін тұтас жауып тұрады.

2.Мүктерді зерттейтін ғылымды.....................дейді.

3. Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді .......... зат түзіп, қоректенеді.

4.Жасыл мүк ............. және ...............жолдармен көбейеді.

5.Қауашақтың ішінде ............... дамиды.

 

5. Жинақтау кезеңі. Суреттерді сойлету.

 

6.Бағалау кезеңі. Ойларын жинақтауға баулу.

Рефлексия:

üНе білдім?

üНе үйрендім?

üНе меңгердім?.

  1. Үйге тапсырма §17 оқу. 41 сурет салу,   Жасыл мүктер туралы ертегі жазу. 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения