Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
04.02.2015
0
429
0

Бірыңғай мүшелер





 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан Облысы Жетісай қаласы «№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекетті мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Карибаева Гүлбақыттың 4 а сыныбында қазақ тілінен өткен ашық сабағы

 

Сабақтың тақырыбы:                 Бірыңғай мүшелер

Сабақтың мақсаты:

                             Ереже бойынша түсінігін бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту,өлеңдер                                                                            арқылы сөз байлығын жетілдіру.Адамгершілік, ынтымақтастыққа үйрету.

Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  Схемалар, сурет, Абай портреті, слайд, ватман қағазы, маркер, лента.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Топтастыру, бәйге сұрақтары, миға шабуыл, диалог арқылы оқыту.


Сабақтың барысы:

1.      Психологиялық дайындық

2.      Топтастыру

3.      Миға шабуыл

4.      Жаңа сабақ

5.     Қорытынды

1.Психологиялық дайындық

                 Оқушылар көңілді өлең шумақтарын айтады.

                   Сабақ  ІІІ-бөлімінен тұрады.

Білемін

 

Білдім

 

Білгім келеді

 

2.Топтастыру. Бәйтерек, Ақорда, Ханшатыр, Пирамида оқушылар өз топбасшыларын сайлайды.

     

     

333ыщ

3. Үй жұмысын сұрау. Үйге берілген жаттығуды талқылау. Ережені пысықтау

4. Миға шабуыл. Карта

Қ.Р. физикалық картасын көрсету.

 

І-топ қалалары, таулары

ІІ-топ өзен, көлдері

ІІІ-топ егіншілігімен мал-шаруашылығы

ІҮ-топ пайдалы қазбалары туралы

Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелерді қолданады.

5.Жаңа сабақ:

Ережені түсіндіру.

1.Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де жасала береді. Мысалы: Тауда гүлдер, жемістер, өсімдіктер өседі. Тауда түрлі гүлдер, шырынды жемістер, дәрілік өсімдіктер көп өседі.

1-жаттығу.

Өлеңдегі қарамен жазылған бірыңғай мүшелерді салыстырып, айырмашылығын табу.

Жер таппай жерде жетер Жетісуым,

Күркілде, Көксу, Лепсі, Шуым.

Асқардың аспан сүйген сілекейін

Жан бар ма таппайтұғын, айтпайтұғын.

 

Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз,

Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым.

Асқардан атқарыла арқыраған,

Жөкенің кім аңсамас балдай суын.

 

2-жаттығу.

Бірыңғай мүшелердің астын сызу.

Арша тау беткейлерінде, құмды жерлерде, орман арасында, далалы аймақтарда өседі. Арша жемісінен дәрі жасалады. Арша жемісінің құрамында эфир майы, қант, сірке қышқылы, минералды тұздар бар.

 

3-жаттығу.

Бірыңғай мүшелерді қосып жаттығуды көшір.

1.Болат жазғы демалысын қалада өткізді. Ол циркке, ..., ... барды. Цирк қойылымында биші аттар, ... ..., ... ... болды. 2.Кең далада мал жайылып жүр. Олардың ішінде қой да, ... ..., ... ... бар. 3.Біздің бақта алма ағашы, ... ..., ... ... өседі.

 

4-жаттығу.

Сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелердің астын сыз

 

Қырдың гүлі, күннің нұры,

Қол бұлғайды саябақ.

Асқар белдер, толқын көлдер,

Құшақтайды аялап.

 

Еліміздің, жеріміздің,

Жазы жаннат, тамаша!

Дала қандай, қала қандай,

Көз тоймайды қараса!

 

5.Сергіту жаттығуы.

Қара жорға

 

6.Топтық жұмыс

Абай портреті

 

«Ғылым таппай мақтанба»

1.      Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал, шашпақ

2.      Талап, еңбек, терең ой қанағат, рақым, ойлап,қой!

 

 

 

7.Диалог.

8.Ойын.

9.Бағалау.

10.Рефлекция. Мен бүгін не үйрендім ?

 

 

Үйге тапсырма:

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения