Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
04.02.2015
0
616
0

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУДЕГІ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Тарих пәнінің мұғалімі

Бекбай Кенжебай Айдосұлы

Таяу Шығыс шиеленісінің пайда болуы, тууы, дамуы сияқты мәселелері– әлемдік тарихта кеңінен зерттеліп жүргенімен, қазақстандық зерттеулерден шеттетіліп қалған тың дүние. Таяу Шығыс шиеленісі тарихындағы араб-израиль соғыстарының ішіндегі ең күрделі, осы күнге дейін соғыс салдарынан зардап шегуші тараптар талаптарының жүзеге асырылмай отырғандығымен ерекшеленіп отырған маусым соғысы тарихын зерттеудің маңыздылығы әлі күнге зерттеушілердің назарынан түскен жоқ. Араб-израиль қақтығыстарының осы уақытқа дейін толастамауы, Таяу Шығыс жанжалының реттестірілмеуі бұл шиеленістің халықаралық бейбітшілікті дағдарыстык деңгейге жеткізіп, мұсылман елдеріндегі ахуал мен әлемдік экономикалық жүйеге әсер етті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі биполярлық жүйе АҚШ пен КСРО үстемдік еткен екі әскери саяси топқа бөлінуімен, қырғи-қабақ соғыс рухындағы қақтығыстар мен әлемдік саясаттағы дағдарыстарды әскери саяси тәсілмен шешу басымдылығымен сипатталады.

Жер бетінде қанша ұлыс болса, сонша құндылық бар. Әлем сахнасында болып жатқан барлық өзгерістер мен үдерістер осы құндылықтардың түйісуі не әрқилы болуымен тығыз байланысты. Біреулер «дінді», біреулер «ұлтты», біреулер «ұлттық мүддені», біреулер «тілді», біреулер «өркениет, мәдениет және тарихты» құндылық санайды. Бұл мәселеде жер тұрғындарының бәрі бір ортақ пікірге келе бермейді. Алайда, құндылықтар қанша сан- алуан болса да, солардың ішінде барлық адамзатқа ортақ баға жетпес құндылық бар. Ол – бейбітшілік пен қауіпсіздік.

Халықаралық өмірдің басты құндылығы – бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазіргі жаһандану заманында жердің бір түкпірінде болып жатқан дағдарыс лебі тікелей не жанама түрде барлық жер бетіндегі елдерді толық шарпып өту қаупі бар.

1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен екі мемлекет құрылуы тиіс болатын. Оның бірі құрылып, екіншісі құрылмай қалды. Соның салдарынан қазақ бітіспес дау ретінде айтатын «жер дауы» әлі күнге жалғасып келеді. Ал қақтығыстың түйінін тарқату мәселесіне келетін болсақ, адамзат баласы күшпен ештеңе тындыра алмайтынын мойындайтын уақыт жетті. Өзара түсіністік пен келісім ғана бейбіт реттеудің алғышарты бола алады.

Жалпы, палести­налық арабтар мен еврейлердің бір-бірімен өлермен болып өштесетін, бітіспестей тіре­сетін жөні жоқ. Өйткені бұл екі ел–бір-бірімен тамырлас туыс, түп аталары-бір: Ибраһим пайғамбар. Оның Сара атты әйелі құрсақ көтермеген. Сол әйелдің өзі пайғам­барға мысырлық жалшы қызды қосады, одан Исмаил туады. Исмаилден бүкіл араб жұр­ты тараған. Ал тағы бір еврей қызымен некесінен Исаақ туды да, одан еврейлер тарады. Сондықтан да діні басқа екі жұрт – бір-біріне бауыр.

Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30-дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ–ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.

Таяу Шығыс елдерінің қақтығысын реттеу тақырыбы бойынша ондаған халықаралық және аймақтық форумдар өткізілді, бірақ негізгі үш ‑ өзара тиімділік, кешендік жалпы аймақтық сипаттама, орындаушылық сияқты межелерді қанағаттандыра алатын шешімдер осы күнге дейін табылған жоқ. Әрбір шиеленуші тараптың өз ұстанымы қатысында сәйкес дәлелдемелері, дәйектері бар. Сонымен қатар, ондаған жылдар бойы олардың бір‑біріне “өкпелері” мен наразылықтары жиналып қалған, қазірше осы жағдай бұл аймақтағы сенім климатын жасауды мүмкін етпейді. Таяу Шығыс мемлекеттеріндегі конфронтация жағдайларына бейімделіп алған, тіпті кей кезде осындай төтенше жағдайлардан белгілі бір саяси және басқа да дивидендтер түрінде пайда алуға үйреніп алған халықтың мықты өкілдері ахуалды тіпті қиындата түседі. [2, 35 б]

1973-ші жылдың 22-ші қазанында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі №338-ші Қарарды қабылдады. Онда аталған проблеманы реттеудің қажеттілігі тұжырымдалып, соғыстың Таяу Шығыс халықтары үшін шамадан тыс ауыртпалықтар мен зардаптар тудыратыны айтылды. Ол 12 сағаттан кешіктірмей, әскери қимылдарды тоқтатып, Таяу Шығыста әділдік пен бейбітшілік орнату үшін келіссөздерге кірісуге шақырды. 1973-ші жылғы қазан соғысы үш мемлекет қана қатысқан жай аймақтық дағдарыстан ірі бес аймақтық мемлекет, екі ірі держава қатысқан ғұлама дағдарысқа ұласты. Бұл дағдарыс қырық бір күнге созылып, аймақта ірі күштердің шоғырлануына байланысты үлкен өзгерістерге алып келді.  

 Егер бейбітшілік үдерісінің бұрынғы тарихын қарастыратын болсақ, онда 1970 жылдың ортаңғы және соңғы кездерін алған дұрыс болады. Египет және Израиль американдықтардың белсенді  делдалдығы арқылы бейбітшілік шартына отыра алды (Кэмп-Дэвид, 1979 ж.). 1978 жылы  Кэмп-Девидте үш ел басшылары Менахем Бегин,  Джимми Картер және Анвар Садат (АҚШ) Египет пен Израиль арасында   келісім жасалып,  Египет Синайды өзіне қайтарып алды. Нәтижесінде, 1978-ші жылдың 17-ші қыркүйегінде келіссөздер: «Таяу Шығыстағы бейбітшілік аясы» және «Мысыр мен Израиль арасындағы бейбіт келісім орнату аясы» деген екі маңызды құжатқа қол қоюмен аяқталды. [4, 57 б ]

«Таяу  Шығыстағы  бейбітшілік  аясы»  құжатына  сай,  Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауына, Газа аймағына егемендік беруден бас тартты. Ал бес жылдық өтпелі кезеңнен соң, ол басып алған территорияларда тұрып жатқан палестиндіктерге өз иелігін сақтай отырып «автономия» беруді уәде етті.   Кэмп-Дэвидтік келісімдер маңызды тарихи үрдіске бастама берді. Олардан кейін араб-израиль шиеленісін шешуде, негізінен, жаңа ештеңе де ойлап табылмады. Мысыр мен Израиль арасындағы бітімгер келісім-шартты жасауда соншалықты ұтымды пайдаланылған «жерді бейбітшілікке айырбастау» принципі әлі күнге дейін Таяу Шығыстық реттеудегі маңызды құрауыш болып келеді. Қарсы тұрудың әрі қарайғы тарихы шиеленістерді шешуде келіссөздерге барудан басқа, ешқандай шешім жоқ екенін көрсетті. Сол үшін Кэмп-Дэвидтік үрдістің мағынасы «білек күшінің» ойынысыз және қару-жарақсыз мәселені реттеудегі ең бірінші талпыныс болғанымен қорытындалады.

Көп жақты келіссөздер аясында жасалған шараларға Еуропаның бірқатар елдері, сондай-ақ Канада, Жапония, Қытай елдері тартылды. Бұл аймақтық масштабтағы проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табу мақсатында әртүрлі елдердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еді. Сирия және Ливан көп жақты келіссөздерге қатыспады. Олар ең алдымен екі жақты бағытта маңызды қадамды жасауға қол жеткізу, бірінші кезекте, араб жерінде израиль басқыншылығын тоқтату керек деп есептеді.

«Таяу Шығыс» аймағын географиялық және саяси жағынан түсіну бойынша оның жүз жылға жуық тарихынының бар екенін, оның мазмұнының бірнеше мәрте өзгергендігі және айқындалғандығы дерегін атап айту керек. Еуропалық Одақ палесина-израиль қақтығысын   әділетті  тұрғыда  шешу мәселесі бойынша 2000 жылы мамыр айында Афина қаласында,  2000  жылы сәуірде Парижде, 2001 жылы шілдеде Мадридте және 2002 жылы сәуірде Никосияда және т.б. көптеген халықаралық конференциялар ұйымдастырды.                                                                                                                                                                  Еуроодақ Палестина Ұлттық билігіне Норвегия келісіміне сәйкес саяси және дипломатиялық қолдауымен қатар орасан зор экономикалық және қаржылық жәрдем көрсетуде. Еуроодақ 1994-2002 ж.ж. аралығында Палестина Ұлттық билігінің инфраструктурасы мен экономикасының дамуына және палестиналық босқындарға жәрдем ретінде  1,6 млрд  АҚШ долларын бөлді. Ресей Федерациясы Таяу Шығыс жанжалын бейбіт реттеу мәселесінде басты демеуші болып есептелетін «Төрттіктің» бірі болып табылады.

Бүгінгі жаһандану заманында ірі азиялық мемлекет ретінде Қазақстанның тәуелсіз сыртқы саясатында, ұлттық мүдделерді қорғауда тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Сондықтан, қазақ дипломатиясы осы тұрғыда мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және оларды дамытуға бағытталған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Дүниені қайдағы бір ассиметриялық соғыс дүр сілкіндірді. Тұрақты әскері жоқ эксаумақтық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма - сай элемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. Жаңа геосаяси күш өзін жан түршіктірер тасжүректік түрғысында танытты. «Таяу Шығыста бейбітшіліктің тезірек орнауы жөніндегі  көзқарастарамыз ортақ, сонымен қатар қақтығыстарды  шешуде дипломатиялық жолды алга тартып өтті», деді өз сөзінде                                   Н. Назарбаев. Оған еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесіндегі төрағалығы дәлел. Еуропа, Азия және Африка түйісуінде геосаяси ұтымды орналасқан, көмірсутегі шикізатының әлемдік қорларының үштен екісі сол жерде шоғырланған, адами және экономикалық ресурстарға бай Таяу Шығыс халықаралық қатынастар жүйесінде әр заман ерекше көңіл аударарлық аймақ болып келеді. Таяу Шығыс Қазақстан сыртқы саясатында да басымдық орын алады. Себебі бұл аймақ географиялық жақындығымен, экономикалық әлеуетімен және халықтарымыздың тарихи, мәдени, діни тамырларының шырмалануымен себептеледі. Таяу Шығыс елдерінің сыртқы саясатына мұнайдың бай қоры ықпал етеді. Израильден басқа Таяу Шығыс мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясатында Исламның ықпалы зор. Көпвекторлық саясат аясында еліміз Таяу Шығыс жанжалының негізгі кейіпкерлері Израиль және Палестинамен тепе-тең саясат жүргізіп, олармен екіжақты ынтымақтастықты белсендіру жұмыстарын келесі бірнеше факторларды ескере отырып жүргізуде. [1, 22 б]

Израиль Таяу Шығыстағы араб әлемінің қақ ортасында орналасқан. Өзінің көршілерімен перманентті қақгығысы жағдайында тұрып, ол жарты ғасырдан астам болмысында экономикалық, әскери дамыған аймақтағы күшті мемлекет бола алды. Аймақта ең күрделі әрі шешімін таба алмай отырған араб-израиль жанжалы бүкіл халықаралық қауымдастықтың алаңдатушылығын туғызып келуде. Осыған орай еліміздің сыртқы саясатының басымдық жүйесінде Таяу Шығыс бағытындағы жұмыс өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктерді ескеруді талап етеді. Таяу Шығыс жанжалының өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) сол регионға қатысты қабылданған қарарларына негізделіп, халықаралық қоғамдастық позициясына сәйкес келеді. Палестина жерінде араб және еврей екі дербес мемлекеттерін құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының (бұдан әрі – БА) 1947 жылғы шешімдерін толық мойындайды, яғни БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі (бұдан әрі – ҚК) №№181, 242, 338 және т.б. қарарларына сүйене отырып, палестина халқының тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдайды. Сондай-ақ Израильдың қауіпсіз, тәуелсіз мемлекетретінде өмір сүруін толығымен қолдайды. Палестина мәселесі бойынша аймақтағы барлық мүдделі тараптармен келісіп шешім қабылдағанды қисынды деп санайды.[3]

Аймақтағы бірқатар сезімтал мәселелер бойынша еліміздің саясаты бүкіл әлем қауымдастығы ұстанымдарына сәйкес келеді. Қазақстан жанжалдасушы тараптардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларын мүлтіксіз орындау қажеттігіне назар аударып, палестиналықтар мен израильдіктерді мойнына алған шарттарды орындауға шақырады. Еліміз Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу үдерісіне БҰҰ, Еуропалық Одақ (бұдан әрі – ЕО), Америка Құрама Штаттары және Ресей Федерациясы сияқты негізгі демеушілердің әрекеттері, сондай-ақ келіссөздерге қатысушы тараптардың ізгі ниеттері аймақтағы барлық мәселелерді шешу жолында еврей мен араб халықтары бейбіт келісімге келетіндігіне үміт білдіреді. Палестина жерлерінен израильдік әскерлерді шығаруы, Палестина Мемлекетінің тәуелсіздігін жариялауы, палестиналық босқындардың оралуы, Иерусалим статусы, оккупацияланған Голан биіктіктері және т.б. күрделі мәселелерде Қазақстан мүдделі тараптарды Таяу Шығыс жөніндегі БҰҰ қарарларын толығымен орындауға шақырады. Біздің ел аймақта толық әрі әділ бейбітшіліктің орнығуына мүдделі және аймақтағы барлық елдермен достық және өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға талпынады. Қазақстан аймақта бейбітшілік орнату мақсатында жанжалды реттеу үдерісіне қатысатын халықаралық күштердің, әсіресе БҰҰ, ЕО, Америка және Ресей құрамындағы «Төрттіктің» ұсыныстарын толық қолдап, олардың күш-жігері оң нәтиже әкеледі деп сенім білдіреді. «Төрттіктің» 2013 жылы Таяу ғыс жанжалын реттеу үдерісін шешуге бағытталған «Жол картасы» бағдарламасын Қазақстан жоғары бағалап қабылдады. «Жол картасы» Таяу Шығыс шиеленісін реттеуге үлесін тигізіп, бүгінгі күні бейбітшілікке жетуге үміт беріп тұрған жалғыз құжат. Онда Израиль мен Палестина арасындағы жанжалды реттеу кезеңдерінің нақты уақыттары және бір-бірімен бейбіт өмір сүре алатын екі мемлекет құру жөніндегі келіссөздердің негізгі бағыттары анықталған. [5, 17 б ]

Қазақстан тарабы ұсынған бастамалар біздің елде орындалу үстінде, ендігі кезекте ИЫҰ-ға мүше әрбір ел біздің батыл қадамдарымызды негізге ала бастамаларды жүзеге асыратын болса, бұл Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының дамуына да, Ұйымға мүше елдердің өркендеуіне де, Таяу Шығыстағы жағдайдың реттелуіне де үлкен серпіліс береді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1.      Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында»  - Алматы: Атамұра. -1999.- 296 бет
  2.      Козырев Г.И Политическая Конфликтология. Учебное пособие: М.: ИД           «Форум»  Инфра, 2008. 432 с
  3.      Егемен Қазақстан газеті «Тау  мен  шөлге  бау  салған» -    http://www.egemen.kz/p=300187
  4.      Барышников Д.Н Конфликты и мировая политика: Учебное пособие/-М.: «Восток-Запад» 2008, 384 с
  5.      A.Sayegh .The arab-Іsraelі conflіct. Permanent Secretariat of the Organization for Afro-Asian Peoples Solidarity (Cairo)
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения