Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
04.02.2015
0
1892
7

Ерте жастағы балалардын заттық ойындары





Қазақстан Республикасы,ШҚО,Кокпекті ауданы,Самар ауылы

КМҚК «Дәншік»  балабақшасы

Тәрбиеші

Ракишева Айжамал Муратовна

 

Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып,баланың таным,сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады.  Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тәрбиеші әр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да әр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.

    Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақта, аюда, сайқымазақта, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл ойыншықтардың барлығы үлкендер үшін – балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ.. Екінші жылдың басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.

Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасындағы әсерлі сабақтар өткізу және нақты тілдік білігін қалыптастыруды жүзеге асыру қажет болады.   

       Әр сабақта балалармен заттық орта туралы әңгімелесу, екі-үш жаңа сөз меңгерту көзделеді.

Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай:

  • Балалар бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) білуге тиісті, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады. Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілеу.
  • Үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне сәйкес топтау.
  • Заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тос таған, ағаш қасық, қоржын, көрпеше, кілемше, ою, білезік, сақина, алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті.

       Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін – монтессори әдісін қолдану тиімді деп білдім. Монтессори  материалы арқылы бала  затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори  материалы қандайда бір іс- әрекетке итермелейді.

  Монтессори  материалы төрт түрлі жолмен іске асады:

 Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар - ең алғашқы жылында бала қозғалыс жасау үстінде жүреді. Онда сензитивтік периодтың даму жолы қалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі. Моторлық даму жеке -дара қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшін түрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді. Басқада топтық жаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты түсінікті болу керек. Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді. Жаттығулардың негізгі мақсаты: баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:

1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.

2.Металды тазалау.

3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.

4.Бір сызықтың бойымен жүру.

5.Тыныштандыру жаттығулары.

6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар.

 Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю

Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка

Мақсаты: Қозғалыс жүйесін дамыту, қоршаған әлем ішінде тепе-тендікті сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3 жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады. Мұғалім лейканы қолына алып жоғары көтереді. Ыдысқа суды құяды. Лейканы қайтадан үстел үстіне қойып, ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құйды. Төгіліп қалған суды сүртіп отыру қажет.

 Сезім мүшесін дамытатын материалдар- әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады. Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады. Бірақ сабақ кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі. Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақты өтілуі керек.  Сабақ 3 құрылымнан тұрады:

1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;

2. Бір сызықтың бойымен жүру;

3. Тыныштандыру жаттығулары;

Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.

1.Көлемін анықтауға арналған материалдар:

Ойынның түрі «Қызғылт башня»

Керекті құралдар: «Қызғылт башня» 10 шаршыдан құралады (ауыр ағаш, қызғылт түс) шаршының мөлшері 1см ден 10 см ге дейін барады.

Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады. Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады. Мұғалім баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды, ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.

1.Затты дұрыс атауға үйрету.

2.Заттың атын атау бала сол затты алып келеді.

3.Затты атап жаттығады.

Математикалық материалдар- математикалық материалдар ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттармен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Монтессори  материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді. Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді. Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді. Математикалық монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады. Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды. Мысалы: ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен пішін туралы түсініктері пайда болады.

Ойынның аты: «Сылдыр қағаздағы сандар»

Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін дамыту.

Жас мөлшері: үш жастағы балалар

Материалмен жасау жолдары: тәрбиеші 1-3  сандарды үстел үстіне қойып бастырады. Балаға кез- келген санды тандауға рұқсат етіледі. Сабақ екі санды тандаудан басталады. Бала алдына тәрбиеші санды жазу кестесін қойып, санның жазылу ережесіне сүйеніп таңбасын түсіреді. Бала алдымен санды атап, сосын таңбасын жазуға кіріседі. Осылай бірнеше рет қайталанады.

1.Математикалық ұғымдарды тез игереді.

2.Сан және санау жүйесін игереді.

3.Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.

Сөздік қорын дамыту материалдары - қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады. Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар, әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді. Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді  игереді. Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы: затты атау, ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б

Ойынның аты: «Қозғалмалы алфавит»

Керекті құралдар: екі жәшікте толық алфавит бойынша штамтық әріптердің бірнеше түрлері салынады. Сылдыр қағаздың көлеміндей әріптер болуы керек. Дауысты дыбыстар қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстар көгілдір түспен белгіленеді. Екі жәшікте бір жолда жазылған әріптер салынады.

Мақсаты: әріппен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Материалмен жұмыс жасау жолдары: Тәрбиеші себетке бірнеше заттарды салады. Мұнда атаулары мен жазулары сәйкес болады. Бала затты алып атын атайды, ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әріпін таңдап береді. Бала сосын қалған әріптерді құрып, сөзді тізіп береді.

1.Дыбыс пен шуды ажыратады

2.Сөздік қоры байиды

3.Сұраққа толық жауап береді.

4.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Күтілетін нәтиже.

1.Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.

2.Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді.

3.Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.

Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді.Айналадағы  заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын.

Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық , дене, адамгершілік т.б тәрбие  түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады.

Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.

Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық  шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет.

         Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.

          Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау,дәм,иіс сезімдерін тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық  ортамен таныстырады.

 

Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай;

  • Жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық және икімді болуы;
  • Тартымды  ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;
  • Құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сәйкес және жан-жақты;
  • Ересектер мен балалардың бірігіп әрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.

Баланың өз бетінше қолдануына ыңғайлы түрлі жабдықтар мен құралдар, оқу ортасын дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру даму деңгейі әр түрлі балалардың әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения