Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
04.02.2015
0
1476
4

Тұздар гидролизі

Қазақстан Республикасы,Шымкент қаласы

Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-гимназиясының

Химия пәні мұғалімі

Ташметова Хакима

Жалпы мақсат:

Білімділік : тұздар гидролизі туралы түсінік бере отырып, реакцияның молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулерді жазуға меңгерту.

Дамытушылық: әртүрлі тұздар ертіндісінің ортасын  анықтай отырып  проблемалық жағдайларды шешуге үйрету.Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Тақырыпқа сай тесттерді шешудің тиімді жолдарын қолдану  Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
 Тәрбиелік: Өзбетімен жұмыс істей білуге, топта өзін және өзгені сыйлай білу сезімін қалыптастыру, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ- жауап, ой- толғаныс.
Сабақтың көрнекіліктері:1. Интерактивтік тақта,«Тұздар гидролизі» презентация

Күтілетін нәтиже:1.Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.

                               2. Гидролиз теңдеулерін құра алады,ерітінділерін ортасын

                               болжап айтады.

                               3. Өз бетінше тапсырманы орындайды.

                               4. Сұрақ қоя біледі.

                               5. Топпен жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы;

І    Ұйымдастыру.        1-2 минут  Психологиялық  дайындық.

 Келісім шарт қабылдау.

v  Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

v  Бір – бірімізді тыңдаймыз;

v  Бір ғана адам сөйлейді;

v  Өз ойларымызбен бөлісеміз;

v  Бос сұрақтар болмайды;

v  Уақытты үнемді пайдаланамыз.

І І .Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Тұздарды табиғатына қарай 4 топқа бөлінеді

  1.       Топ: Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан  түзілген  тұздар
  2.       Топ: Әлсіз негіз бен күштi қышқылдан түзілген  тұздар
  3.       Топ: Әлсіз  қышқыл мен әлсіз негізден  түзілген  тұздар
  4.       Топ :   Әлсіз негіз мен әлсіз қышқылдан     түзілген  тұздар

 І І І.Мағынаны тану  «Ой шақыру»

Әр ұжымға тапсырмалар беріледі.    Кім? Не? Қашан? Қалай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.   

Тақтаға күшті қышқыл, күшті негіз,  әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдардың формулаларын жазу.Тақырыпты алдын-ала  бөліктерге бөлу. Оқушылар әр бөлікті оқығаннан кейін сұрақтар қою.

1. Қандай ерітіндіні  бейтарап ерітінді дейміз?

2. Сілтілік ерітіндіде қандай иондар артық болады?

3. Сутек иондары артық болса, қандай ерітінді болады?

4. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде ерітіндіде қандай иондар жиналады және орта қандай болады?

5. Тұздар гидролизі деген не?

6. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизінде қандай иондар артық жиналады және орта қандай болады?

7. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролиздену процесі қалай жүреді?

Жұмыстың теориялық негізі  Гидролиз деп тұз иондары мен су иондарының арасындағы реакцияны айтады. Реакция нәтижесiнде әлсiз электролиттер түзiледі және ерітiндi ортасының рН өзгереді.

1-топ.I-жағдай.  Күштi негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсiз қышқылдың анионы арқылы жүредi:

СО32- + НОН НСО-3 + ОН-

Na2CO3 + HOH NaHCO3 + NaOH яғни pH > 7.

2-топ. II-жағдай. Әлсiз негiзден және күштi қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсіз негіздің катионы арқылы жүредi:

АI3+ + НОН АIОН2+ + Н+

АIСI3 + НОН АIОНСI2 + НСI яғни pH < 7.

3-топ.  III-жағдай. Әлсiз қышқылдан және әлсiз негiзден түзiлген тұздың гидролизi катион және анион арқылы жүреді.

+4 + СН3СОО- + НОН NН4ОН + СН3СООН

4СН3СОО + НОН NН4ОН + СН3СООН яғни pH 7.

4-топ. IV-жағдай. Әлсiз негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi бiр саты бойынша жүретін қайтымсыз процес, егер реакция нәтижесiнде түзiлген заттың бiрi газ күйiнде болса:

АI2S3 + 6HOH 2AI(OH)3 + 3H2S яғни pH 7.

 Бiрнешетұздардыңбіргегидролизінәтижесiндесудаерімейтiннемесесудакездеспейтiнқосылыстартүзiледi.

АI2(SО4)3 + 3Nа2СО3 + 6HOH = 2АI(ОН)3 + 3Н2СО3 + 3Nа24

2АI3+ + 3СО32- + 6НОН = 2АI(ОН)3 + 3Н2СО3 яғни pH

 

 

 Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:

МТ. NaNO3 + H2O → NaOH + HNO3               ТИТ. Na+ + NO3- + HOH→ Na+ + OH- + H+ + NO3-

ҚИТ. HOH→ H+ + OH- [ OH- ] = [ H+]

Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді.    Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.

IV.  Ой қозғау

Әр топқа  тұздардың гидролиз теңдеулерін жаздыру

  1. Ой толғаныс   Әр топқа  бірнеше тұз ерітінділері беріліп, оларды анықтау тапсырылады.

 4 пробиркаға 5-6 мл дистильденген су құйып, 2-6 кристалдан мына тұздарды салыңдар да, ерітіңдер: 1-ге натрий ацетатын, 2-ге натрий силикатын, 3-ге күміс нитратын, 4-ге алюминий сульфатын. Бірінші және үшінші пробиркадағы ерітінділердің рН-ын универсал индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеинмен, төртінші пробирканы метилоранжбен тексеріңдер. Сосын бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, ал үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Бірінші және үшінші пробиркаларда ерітінділер түсі өзгереді ме? Көрген құбылыстарыңды жазып түсіндіріңдер. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

.ҰБТ – дегі гидролизге берілген тесттерді орындау  

1.32г Кальций карбиді жұмсалған болса, гидролиз нәтижесінде түзілген 36,4г ацетальдегидтің шығымы:

2.Гидролизге ұшырамайтын заттың формуласы: Спирт; глюкоза; альдегид; фенол; сахароза.

3.Өзгерістердегі гидролиз реакциясы нәтижесінде түзілген заттың аталуы:               CH4→C2H2→C2H4→X→ A.

4.Индикатордың түсін өзгертпейтін тұз:  MgSO4, Na2S, KCl, K3PO4, Cu(NO3)2

5.Темір (ІІ) хоридінің гидролизінің 2 сатысының толық иондық теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы:

6.Егер шығымы 75% болса, 1620г крахмалды гидролиздегенде түзілген глюкозаның спирттік ашуынан алынған этанолдың массасы:

  1.    300г. 10%- тік глюкоза ерітіндісін әзірлеу үшін гидролизденетін сахарозаның массасы:

VІІ. Қорытынды:

Әр топ тұздар  гидролізінің адам өміріндегі  ,ауыл шаруашылығындағы, табиғаттағы,тұрмыстағы  маңызы туралы  түсінік беру.

1-топ. Адам өміріндегі                                          3-топ. Табиғаттағы

2-топ . Ауыл шаруашылығындағы                   4-топ. Тұрмыстағы

Гидролиз процесінің адам өмірінде және тіршілігінде маңызы көп.Мысалы: өнеркәсіпте – целлюлозаның гидролизі нәтижесінде: ашытқы, глюкоза, техникалық спирт, скипидар, фурфурол т.б алынады;Ауылшаруашылығында – топырақтың химиялық өңделуі, мал азықтарының өңделуі т.б.Табиғатта – тұздардың су арқылы шайылуы, тау жыныстарының ыдырауы т.б.Тірі организмде – майлардың, көмірсулардың, ақуыздардың қорытылуы;Тұрмыста – тұз гидролизін суды тазартуда, судың кермектігін азайтуда кеңінен пайдаланылады.Қорыта келгенде, гидролиз табиғатта кең таралған және адам тіршілігінде зор маңызы бар процестердің бірі болғандықтан мектепте гидролиз тақырыбын оқыту оқушының ғылыми және сарамандық әзірлігін күшейту негізгі мәселелердің бірі деп есептеймін.

 VІІІ. Бағалау Бағалау шкаласы:

20 -25 – «5»

15-19-   «4»

8– 15 -  «3»

 1-7 -    «2»

IX. Үйге тапсырма беру:2010-2014 жылдардағы тақырыпқа сай тесттерді шешу

X.Рефлексия.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения