Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
24.06.2012
1
4737
1

«ҮШТҰҒЫРЛЫ» ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Год: 2012

Страна: Казахстан

Алмабек Мираш  Жиеналиевна

учительница английского языка школы № 182

пос Басыкара,Казалинского района ,Кызылординской области

 

«ҮШТҰҒЫРЛЫ»  ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕ

 ПӘНАРАЛЫҚ  БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

 

АЛМАБЕК МИРАШ  ЖИЕНӘЛІҚЫЗЫ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Басықара ауылындағы №182 мектеп

 

Пәндерді  бір – бірімен  байланыстырып оқыту педагогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, И.Г. Песталотцидің, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған. Я. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы жайлы толық мағлұмат  қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және  тиімді болуына мән береді.

Пәнаралық байланыс мәселесі жан – жақты әрі жүйелі түрде  ұлы орыс педагогы К. Ушинскийдің еңбектерінде де дәлеледенді. Оның пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап берілетін ғылым, адамның сыңарында жаттанды түрде жинақталмай, сапалы түрде меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және терең болады.

Шетел тілі пәні басқа да жалпы білім  беретін пәндер сияқты тәрбиелік білімдік маңызды міндеттер атқарады. Жас  ұрпаққа шет тілінде оқытуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды үйреткенде сол елдің мәдениетін де қоса үйретеміз. Соңғы жылдары мемлекетіміз ағылшын тілін оқып үйренуге  үлкен ықпал жасап отыр.

Бұның айғағы ретінде  Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел болашағы – жас ұрпаққа» атты баяндамасында: «Қазақстанда ел болашағы – жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл – мемлекеттің  даму саясатының басым  бағыттарының  бірі. Болашақта білімді де қабілетті  жастардың ел үшін аянбай  еңбектеніп, Қазақстанның  даңқын асыратынына, мәртебесін асқақтататынына сенемін» деген.

Қазір  таңда  ағылшын тілін үйренуге ынталылардың саны біршама артады, өйткені оқулықтар, сөздіктер, әдістемелік нұсқаулар, тестер өз ана  тілімізде шығарылып жатыр.

Тіл - өзгеріссіз - өріссіз, қатып – семіп қалған дүние емес. Ол үнемі жаңарып, толығып тұрады. Әрбір кезеңде үнемі өзгерісте болып сөз қорының  артуы жаңа сөздермен толығып отыруы ағылшын тілі не де тән құбылыс.

Ағылшын тілін меңгерту үшін бір пәнді жақсы білумен шектелмейді

Соңғы жылдары жинақталған тәжірибеге сүйенсек, ғалымдар шетел тілін оқытуда студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін шетел тілін  оқыту барысында тиімді, тиімсіз ықпалын ескергенде ғана тіл үйрету жолында  жақсы нәтижелерге жетуге болатынын  көрсетеді. Өйткені жастардың ана тілі мен шетел тілін меңгеруге елеулі ықпал етеді. Сондықтан шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы зор. Оны басқа да пәндермен ұштастырып оқыту қажет. Шетел тілін меңгеру өте күрделі үрдіс, әсіресе оқытудың бастапқы кезеңінде өте көп қателіктер болатыны белгілі жәйт. Бұл қателіктер көп жағдайда ана тілінің әсерінен болатынын А. Леонтьев атап көрсеткен. Ендеше ана тілінің ерекшеліктерін ескеру ұстанымының маңызы зор. Өскелең ұрпақтың шетел тілінде сөйлеу тәжірибесі болмағандықтан ана тіліндегі сөйлеу тәжірибесімен салыстыра алмайды. Оның санасында ана  тілі жүйесінің нормалары шетел тілі нормасынан жоғары болғандықтан көптеген қателер жібереді. «Басқа тілді оқыту кезінде, біз , әдетте ана тілдік құбылыстарын меңгерген студенттермен істес боламыз, - деп жазады .А. Леонтьев, - олар басқа тілде меңгеруде ана тілінде меңгерген іскерліктермен дағдыларды пайдаланады». Сөйтіп ана тілінің негізінде екінші бір шетел тілін үйрену жүзеге асырылады. Ал ана тілі – басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.  Өзімнің педагогикалық тәжірибеме келсек үш тілді де қатар меңгерген соң өсіп келе жатқан ұрапаққа  ағылшын тілін оқыту кезеңінде қазақ , орыс тілдерімен байланыстырып олардың ұқсасатығын  айта отырамын.

Ағылшыгн тілін үйренудің бастапқы  сатысы ағылшын алфавитімен, буындарымен, дыбыстарымен, зат есім, сын есім, етістік шақтары сияқты тақырыптармен басталады.

 

1. Ағылшын дауысты дыбыстары (а,е,і,у,о,u) екі  буынға бөлініп оқылады. І ашық буын  (открытый слог - open syllable), ІІ бітеу, тұйық буын (закрытый слог - closed  syllable). Бұл тақырыптың қазақ тілмен байланысы бар екені көрініп тұр. Өйткені қазақ тілінде де ашық және тұйық буындар бар. 

 

 

 

І

 

ІІ 

Nine

My

Name

He

no

It

Not

Bed

Cup

Bag

 

 

 

2. Дауысты дыбыстар – гласные - vowels

Ағылшын дауысты дыбысы   а – бітеу және тұйық буында [әе] дыбысын білдіреді, ол қазақ тілінің - ә дауысты дыбысына  ұқсас келеді. Ал іr, yr, ur әріптерінің қосындысы [ә:] дыбысын білдіреді ,ол қазақ тілінің ө - дауысты дыбысына сәйкес келеді.

3. Дауыссыз дыбыстар – согласные -consonant

Ағылшын тілінде    ng - әріптерінің қосындысы [ŋ] қазақша – ң дауыссыз дыбысына келеді, [һ] - қаһарман сөзіндегі  һ дыбысына ұқсас, бірақ жеңіл, леппен айтылады. Бұндай дыбыстар орыс тілінде жоқ ал қазақ тілінде бар болғандықтан студенттер оны тез есте сақтайды, әрі оңай жаттап алады.

Жіктік есімдікті өткенде 3 – ші жақ есімдігі – ол – he, she, it болады. Осы жерде бұл есімдіктің орыс тілінің – он, она, оно есімдіктерімен байланыстырып үйретемін. Яғни  айтқанда ағылшын тілін орыс тілімен сәйкестендіремін. Ағылшын тілінде де қазақ тілінде де род, категория жоқ. «Зат есім» тақырыбын өткенде үнемі көптік жалғауымен қолданылатын сөздер кездеседі. Оларды орысшалап айтқанда «парные существительные» деп атаймыз. Ағылшын тілінде де сондай зат есімдер кездеседі.

Мысалы: ботинки – boots

                  Брюки – trousers т.б.

Бұл сөздер жекеше түрде қолданылмайды.

Тілдің дамуы барасында грамматикалық құрылымның жетілуі ыңғайында жазу, сызу тіліміздің шырайлана, мүсіндене түсетіндігі баршаға мәлім. Соның арқасында басқа біреуге жеткізер ойымыз дәл, анық түсінікті болып отырады. Адам ойы сан – саналы, терең, мағыналы. Өз ойымызды түрлендіру үшін оқушыларға сын есім туралы мағлұмат беремін. Сын есім – сапаның, қасиеттің табиғи қалпын танытады. Ағылшын сын есімдерін өткенде қазақ тіліне айтылу жағынан және аударма жағынан ұқсас сын есмідер кездеседі.

Олар: Big – [big] – биік, үлкен

          Bag – [bad] – жаман, бәдік

          Short – [⌠o:t ] – қысқа, шорт

Осындай ұқсастықтың нәтижесінде студенттер оларды тез  есте сақтай алады.

4. Сан есім –имя числительное - numerals.

Ағылшын тілінде сан есімдер реттік (ordinal)және есептік (cardinal) болып бөлінеді.Реттік сан есімдер – інші, - ое, - th - жұрнақтары арқылы  құрылады. Бірақ орыс тілі және ағылшын тілдерінде 1 – інші, 2 – інші және 3 – інші реттік сан есімдердің құрылу формасы ережеге сәйкес емес. Бұл сан есімдердің  ағылшын  тілінде де, орыс тілінде де, реттік түрін құрғанда түбірімен өзгереді.

 

Один( one)  - первое ( the first)

Два (two) – второе (the second)

Три(three) – третье (the third)

Сан есімді өткен кезде  осындай ұқсастықтарға тоқталу керек.

 

5. Етістік – глагол - verb 

Етістік – қимыл, іс - әрекетті білдіреді, ал іс- әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Қимылдың өту  кезеңі хабарлау кезі мен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың шақтық мағынасы мынадай  болуы мүмкін: үнемі қайталанып тұратын, дағдыға айналған іс – қимыл , сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс – қимыл, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып тұрған іс – қимыл, сөйлеп тұрған әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиіс іс – қимыл. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі сияқты шақтар үлкен үш топқа бөлінеді: осы шақтар – The Present Tenses, өткен шақтар – The Past Tenses , келер  шақтар - The Future Tenses. Ағылшын тілінде сол сияқты қазақ тіліндеде шақтарды  осы үш үлкен тобы  мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде  бірнеше түрге бөлінеді. Ағылшын тілін үйренудің алғашқы сатысында  Нақ осы шақты (The Present Continuous) өтеміз. Нақ осы шақ (The Present Continuous ) іс – қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді бұл ереже қазақ тілі мен ағылшын тіліндеде бірдей. Жасалу жолы:

 

 
 

to be + Ving             

 

 

 

 


I am reading a book now. Я читаю книгу сейчас. Мен қазір кітап оқып отырмын.   Осы жерде ағылшын тілінің сөйлем ретіне тоқталайық.

Ереже бойынша  1 . Бастауыш(Subject),

                               2 . Баяндауыш(Prediсative),

                               3.  Толықтауыш (Object) немесе пысықтауыш (Adverbial modifier) тұрады

Осы ережеге сәйкес орыс тіліндеде сөйлем реті ағылшын тілінің сөйлем ретіне сәйкес.

 I   go to school 

Я иду в школу

Мен мектепке барамын

My sister (she) helps about the house 

Моя сестра (она) помогает по дому

Менің әпкем (ол) үйге көмек береді

 

Осы сөйлемдерден байқағанымыз ағылшын және орыс тілдерінде  сөйлем реті ережеге сәйкес сақталған. Басқа тілге  оқытудың  ойдағыдай болуы ана тілін оқыту мазмұнының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Ана тілінің негізінде екінші бір шетел тілін үйрене алады. Шетел тілін үйрететін  ұстаз ең алдымен  қазақ тілін  жақсы білу керек. «Қазақ баласына қазақ тілін білу – парыз, білмеу – ұят. Өз елін сүймегенмен бірдей саналады. Бізді білімге, өнерге үйреткен – орыс тілі. Қазақстанның сауда – саттық жасайтын тілі. Инновациялану кезінде, жаһандану заманында ағылшын тілін білмесек, біз ғылыммен білімнен басқа жаңалықтардан тыс қалатын боламыз. Заман талабы үш тілді білуді міндеттеп отыр» - дейді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа үштұғырлы тілді меңгерту, олардың зерттеушілік қабілетін ояту бәсекеге қабілетті етіп даярлау  біздің парызымыз.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Н. Ә. Назарбаев, «Ел болашағы – жас ұрпақ» , Егемен  Қазақстан  4 .ІХ. 2007 ж.

 

  1. Жұматай Асанов,«Пәндерді байланыстырып оқыту» методикалық құрал

                                                 Қызылорда қаласы 1990ж.

  1. Қанат Сұлтанғазиев №1 2001ж. «Қазақстан мектебі»
  2. Кеңішкүл Андақұлова  «Қазақстан мектебі»

                           «Шақтық формаларды салыстыра  оқыту» №7,2003

 

Скачать статью

sh-tyrly.doc [73 Kb] (cкачиваний: 34)

Комментарии пользователей /1/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения