Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
24.06.2012
0
3647
0

Аяққап жасау

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район,кент Айтеке би №216 школа им К. Сатбаева,

Учитель труда Медеубаева Орманкуль 

 

Сабақтың тақырыбы: Аяққап жасау

Сабақтың мақсаттары:

Біліміділік: Халықтың салт-дәстүрімізбен таныстырып, өз халқының дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық бұйымдарымен таныстыра отырып аяққап жасауды меңгерту

Дамытушылығы: Жас ұрпақты өз ұлтының дүниетанымын кеңірек білуге, олардың өзіндік ерекшелігіне мән бере отырып, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыта түсу.

қТәрбиелігі: Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың жүргізу әдісі: сұрақ-жауап, сөз жұмбақ

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер, сызбанұсқа.

 

Сабақ барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың құрал-жабдықтарын дайындатып, сабаққа назар аударту

 II.Үй тапсырмасын тексеріп бағалау

 III. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту

-Балалар, ұлттық қандай киімдерді білесіңдер?

Шапан, камзол, шекпен, сәукеле-сырт киімдер

Кебіс, мәсі, саптама етік –аяқ киімдер

Үй жиhаздарынан не білесіңдер?

-Абдыра, кебеже, алаша, сырмақ, түскиіз, қоржын аяққап.

Олай болса бүгінгі жасайтын бұйымымыздың атын сөзжұмбақтан шығарып алайық.

 

Бұрын қазақтаркөшпелі өмір сүрген.Олар киіз үйінің заттарын алып жүрген.Бүгінгі біздің жасайтын жұмысымыз –Аяққап.Аяққап-ыдыс аяқ салатын қапшық.екі бетін киізден тігіп беретін ою-өрнекпен салып не кестелеп әшекейлейді де шеттеріне шашақ тігіп, жиектейді.Қазір оны сәндік бұйым ретінде пайдаланады.

2.Мағыны тану.

Оқушыларға оқулықтарының 126 бетін ашқызып, мәтінін іштей бір оқытып шығару.

Тақтаға аяққаптың суретін ілу.

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Суреттен шаршы ішіне салынған  төр құлақты қошқар мүйіз оюын көріп тұрмыз.

2 суреттен не көріп тұрмыз?

Ұстайтын бауы бар, шаршының ортасына ою-өрнек салынған, шашақтармен әшекейлеген аяққап көріп тұрмыз.

Бүгін  біз аяққапты қағаздан қиып жасаймыз.

Жасалу жолдары: Шаршының  барлық оюлары (1,2 сурееттер) мен аяққаптың пішіні 

(2 сурет) қалып үлгімен пішіледі.

Әр қатарға қалып үлгі таратылып беріледі.

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті: «Балбырауын» күйі орындалады.

Балалар қазақтың ұлттық биін қимылмен жасайды.

Жасалған жұмыстар бағаланады.

3.Ой толғанысы

 -Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің?

Шыны аяқ, қобдиша, моншақ, білезік т.б

«Адамға өткен дәуір-бәрі сабақ» -деген ұлағатты сөзді ата-бабаларымыз айтып өткен.Міне, өткен дәуірден бізге жеткен аяққап қазір ұлттық дүниеміздің құнды заты болып саналады.

Ұлттық  дүниемізді әрқашан қадірлеп өсейік дегім келеді.

IV.Сабақты қорытындылау.

V.Үйге тапсырма.Өздеріңе ұнаған ұлттық бұйым суретін салып келу.

 

Скачать урок

medeubaeva-ormankl.doc [85,5 Kb] (cкачиваний: 36)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения