Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.02.2015
0
642
1

Астана - таза қала





Қазақстан,Астана қаласы
№36 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім
Адамзатова Ж.О.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға  Астана қаласы туралы толық ақпарат бере отырып, мәтінмен талдау жұмыстарын жүргізу, тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білулерін қадағалау.

2) Түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың тіл шеберлігін дамыту және тілге деген сүйіспеншілігін  арттыру, сөздік қорын молайту.

3)  Оқушыларды  өз қаласын таза  ұстап  сүюге ынталандыру және нақыл сөздерді оқыту арқылы әдептілікке  тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Ресурстар: интербелсенді тақта, слайд, ватман, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

      I.             Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар

Қайырлы таң досым, 
Қайырлы күн болсын!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, қонақтар. 
Амансыз ба, әлем. 
Баршаңызға амандық сәлем!


- Сыныпта кім кезекші? 
- Сыныпта кім жоқ? 
- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

   II.            Үй жұмысын тексеру. «Астана - арман қала»  Махмұтбай Әміреұлы

өлеңді жатқа айту.

- Астана қандай қала?

- Астана әдемі болу үшін не істеу керек?

- Жақсы, балалар, дұрыс айтасыңдар. Яғни тазалық бар жерде әдемілік те бар, солай емес пе, балалар.

- Тазалық не үшін керек сендерге?

  1.             Жаңа сабақ:

1)  Сабақтың мақсатымен таныстыру. 

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Астана – таза қала». (1 слайд)

- Жыл сайын Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл күні қала тұрғандары сенбілікке шығады. Олар ағаштар отырғызады,  қалалық саяжайлар мен саябақтардың аумағын тазартады. Бұл іс- шараға елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысады. (2, 3, 4 слайд)

-Қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазартып, сыпырып, жинайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 405 жұмысшы тартылады. (5 слайд)

- Біздің мектеп оқушылары да қалалық сенбілікке белсене қатысады.                ( 6 слайд)

 3) Мәтінмен жұмыс (слайд)

а) Сөздік жұмысы

- Қиын, түсініксіз сөздерді талқылау


          сенбілік - субботник

желек - саженцы

күрек - лопата

сыпырғыш - веник

тырнауыш -грабли

сыпырады - подметают

         суарады - поливают

іс-шара - мероприятие

белсене - активно

қатысады – участвуют

қолдаймыз - поддерживаем


ә) Мәтінді мәнерлеп оқу

Қалалық сенбілік

Біздің қалада қалалық сенбілік жиі өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс - шараға белсене қатысады. Балалар мектептің ауласын жинайды, сыпырады, қоқыс шығарады, жасыл желектерді  суарады. Олар сенбілікке күрек, сыпырғыш, тырнауыш, шелек әкеледі. Біз таза қаланы қолдаймыз.

б) Сұрақтарға жауап беру.

 - Мәтінде не туралы айтылған?

 - Балалар сенбілікте не істейді?

 - Олар сенбілікте немен жұмыс істейді?

в) Мәтінді оқу, аудару

2) Сурет бойынша жұмыс (слайд):

 - Суретте қай мезгіл көрсетілген?

 - Суретте кімдер бейнеленген?

 - Балалар  қайда жұмыс  істеп жүр?

 - Ал енді, суреттегі  балаларға ат қояйық.

 - Арман немен жұмыс істеп жатыр?

 - Антонның қолында нені көріп отырсыңдар?

 - Ол не істеп жатыр?

 - Тақтадағы тірек сөздері пайдалана отырып, сурет бойынша сөйлем құрастырайық.

        (  Күз келді. Балалар  сенбілікке  шықты. Олар саябақта жұмыс істеді. Арман  тырнауышпен жапырақтарды жинады. Балалар қоқысты қапқа салды. Олар өте көңілді).

 3) Сергіту сәті. Видео

4) Дәптермен жұмыс. Грамматикалық жұмыс.

І топ – сенбілік  сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІ топ – сенбілік, шелек,   күрек, сыпырғыш, тырнауыш сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат. (тексеру)

5)  Топпен жұмыс.

І топ – Астана  - әр әріпіне сын есім жазу

А – атақты

С - сымбатты

Т - таза

А - ару

Н – нағыз, нұрлы

А - арайлы

ІІ топ – Астана туралы  «бес жолды өлең» жазу

6) Интерактивтік тақтамен жұмыс.

- Қала таза болу үшін не істеу керек?

- Керекті сөз тіркестерін теріп, сызбаны толықтырыңдар.

қоқыс шығару керек, сурет салу керек, ауланы сыпыру керек, қоқысты шашпау керек, доп ойнай керек, жасыл желек отырғызу керек,  ән айту керек.

ІІІ. Сабақты бекіту. Рефлексия
-  Жарайсыңдар , балалар. Астана таза болу үшін қала әкімшілігі көп жұмыс жүргізеді. 1 желтоқсанда-Тұңғыш президент күні  қала бойынша алаңдарда 19 шырша орнатты. Бізде бүгін шыршамызды орнатып, безендіреміз. Ал Астанамызға, елімізге қандай тілек айтар едіңдер? (Оқушылар бейбітшілік, тыныштық т.б. туралы айтады). Тілектеріңді шырша ойыншықтарына жазып, шыршаға жапыстырыңдар.
 - Жарайсыңдар, балалар. Астана қаламызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтанелімізтынышболсын! Шекарамызберікболсын! 
Жасай берсің  жаңажасқалам. Жайнайберсің  Астанам!

ІV. Үйге: мәтінді мазмұнын айту, сөздерді  жаттау

V. Бағалау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения