Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
31.01.2015
0
777
0

Омонимдер





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аденова  Зауреш

Мектеп: №119 жом

Сынып: 5-сынып

Тақырыбы: Омонимдер

Білімділік мақсаты: омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

Тәрбиелік иақсаты: омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: өзіндік жұмыс тұрлерін орындату арқылы ой-өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.

Технология түрі:   ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, венн диаграммасы, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.   Көп мағыналы сөздер.  60,61-жаттығулар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. сөз деген не?

-белгілі бір ұғымға берілген атау

2. сөз мағынасы деген не?

-сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. сөздің қандай мағыналары болады?

- тура және ауыспалы.

4. сөздің тура мағынасы деген не?

- негізгі, бастапқы мағынасы.

5. сөздің ауыспалы мағынасы деген не?

- келтірінді мағынасы.

6. көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?

- сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.

 

60-жаттығу. Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.

61-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Жел, суық, жылы, өткір, кілт.

Сол сөздердегі негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігі мен айырмашылықтарын айтыңдар.

 

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақырып: омонимдер

1. кіріспе бөлім

Венн иаграммасы.

1. көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері

2. көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.

3. омоним сөздердің өзіне тән белгілері.

 

ІІІ. Жаттығулар жұмысы.

А – тақтамен жұмыс.

62-жаттығу. (тақтамен жұмыс, астын сызу)

Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан тұрма. Бас киімді айналдырып киме. Бір қолмен нан үзбе.

 

Ә – ізенімдік жұмыс.

Үлкенді сыйлау, қарсы сөйлемеу, орынсыз күлмеу, т.б.

 

Б – оқулықпен жұмыс.

 

63- жаттығу.(кейіпкерлерге мінездеме)

Ара. Әсеттің қолын ара шақты. Атам араның жүзін қайрады. Бұл араа айтылатын сөз емес.

 

64-жаттығу.(үйден мазмұндау)

Жас бала. Көз жасы.

Оң қол. Оң ің.

Қара көз. Бұлақ көзі.

Үлкен үй. Құмды үй.

 

Г – жеке оқушымен жұмыс.

 

65-жаттығу.

Қол,сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.

Адамның қолы;      қалың қол.

Ашық сабақ;     өсімдіктің сабағы.

Аяқтың сіңірі;   суды сіңір.

Қоңыр қой;      дәптерді орнына қой.

ІY. Бекіту.

1. жинақтау, қорытындылау.

2. ұйге тапсырма беру.

1. 28,29- беттер аралығын оқу, ережені жаттау/ есте сақтау.

2. 64-жаттығу(мазмұндау)

Омоним болатын мысалар(5 сөйлем жазу)

 

Y. Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения