Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.01.2015
0
932
0

Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым

Қазақстан,Ақмола облысы,Степногорск қаласы

Бестөбе кентінің негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Маханова Айтжамал Серикбаевна

        Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арма-ны мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.      Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес.  Бұл жөнінде Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:   «Ұстаздықтың алдына қойған міндеті өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту.»

      Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктіліктілігін арттыру  курстың бағдарламасының күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу  керектігін үйреніп,сосын нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамы-ған,қазақ,орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеру. Осы бағдарлама мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру бағалауға көмектеседі деп ойлаймын.Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы ,оның сабақты шығармашылық-пен дайындауына байланысты.Жақсы жоспарланған,тыңғылықты дайындал-ған,жан-жақты ойластырылған сабақты өткізу алдындағы көңіл-күйінің де дұрыстығына байланысты өтеді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалып-тастыру үшін,  оқушыларды өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал жасау үшін топқа, жұпқа бөліну жұмыстарын жүргіздім.

       Сабағымда оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілі  диалогтік оқытудың барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, бір-бірінің жауабын тыңдау, ойын толық жеткізе білуге, сыйластық, түсіністікке негізделді. Оқушыларға сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын пайдалану негізінде  олардың сыни тұрғыдан ойлауын, қызығушылығын, сындарлы сөйлеуін сабақ барысында диалогтің қалыптасуына ықпалы болды.

      Топпен жұмыс  істегенде  оқушылардың   қарым-қатынасында  көп өзгерістер байқадым:олар өзара тығыз  байланыста  болады. Флипчатты  қорғағанда  , егер баланың қызығушылығын оятса ,олардың сыни ойлауы да дамитынын түсіндім.Топтық  жұмысының  тағы бір ерекшеліктерін  көрдім : зерттеушілік әңгіме , оқушылар арасында диалог, ойлау деңгей  қабілет-тері өрістеуі , өз ойларын  дәлелдеуге үйренеді .

       Менің  ойымша, қазіргі  заманға  сай  технология АКТ  қолдану   жеткілікті. «АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,  сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал. Сондықтан оқыту барысында бұл технологияны тиімді қолдану маңызды.» (МАН, 61-б)

       АКТ-ні тиімді және жиі қолдандым :бейнеклип, ән  тыңдау, слайд көрсету т.б.   Сабақ ортасында жауап берген сабаққа араласып отырған оқушыларды мадақтап қошеметтеп отыру жағын бірінші жолға қойдым. Әрбір оқушы сабақ айтқаннан кейін, қол созып қошемет көрсеткенде, оқушылардың көздерінен қуаныш ұшқыны сезіліп тұрды.

      Жалпы,менің оқытудағы өз проблемам оқытуда жеті модульді қолдана оты-рып сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды  өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету,  шығармашылық қабілетін дамыту.   Ж.Аймауытов «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деген.Оқушының сыни ойлауын дамыту басты міндеттерінің бірі-ұстаздардың дәстүрлі сабақ беруден өзгеруіне,балаға бағытталған сабақ процесін ұйымдастыра алуы,сабағын белсенді,оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргізуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкірттері өз пікірін ашық айтып,Өзара шынайы сұхбат жүргізетін,жеке тұлға ретінде дамыған болып табылады.       «Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше,өйткені мұғалімдердің құндылығы мен оқушылырдың  рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс еңгізеді.» (Джинни Л.Стилл)

        Сабақ барысында ,оқыту барысында оқушылар өзінің  оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін қорытындылап отыру үшін формативті бағалау  жүргі-зілді.  Формативті бағалау оқушыларға қателерін түзей отырып, оқытуға , не маңызды екенін түсінуге , нені есте сақтауға , білмегендерін үйренуге , не нәрсені  істей алмайтындарын түсінуге көмектесуі мүмкін.

    Осы мектептегі тәжірибе кезінде қандай өзгерістер болды?

Мұғалімде:  оқушылардың пікірін назарға алу, сыни  ойлауға үйретуге,   логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіруді, бағалау  түрлерін пайдалану.

Оқушыларда: байланыс орнатуға, талқылауға,   ойларын еркін жеткізуге, өз-өздерін реттеуге, бірін-бірі бағалауға,  балалар бойындағы басқарушылық сезім мен өз қабілеттеріне деген сенімділік дамуы қалыптаса бастады.

           Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға  болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жеті модульдің осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырысамын.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения