Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.01.2015
0
809
0

Қазақ тілі апталығындағы «Қазақ тілі –мақтанышым» атты іс-шара

Қазақстан Республикасы,Алматы облысы, Қапшағай қаласының

«№ 4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Қазақ тілі  пәнінің мұғалімі

Мамереженова Ажар Надырбековна

Мақсаты: а) Оқушылардың  қазақ  тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мерейін көтеру, сөз өнеріне деген құрмет.
ә) Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
б) Сахнада өзін  еркін  ұстауға  тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:  «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің  рөлін сомдау.

Қажетті заттар: «Сарыарқа күйі», жануар мен құстардың дыбыстары мен  маскалары,  қатық, сүт, сыпырғыш,  мейіз, қап  тарысымен, қайшы, жапырақ, шелек, сағыз .
                                             Өту барысы

Залда Құрманғазының күйі «Сарыарқа»  орындалады. Залдың  ортасында бүгінгі  іс-шараның  тақырыбы  жазылған.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н.   Құрметті  ұстаздар, ата- аналар,  оқушылар  сіздерді қазақ тілі апталығына  арналған  «Қазақ тілі –мақтанышым» атты  іс-шарамызға  келгендеріңізге көп  рахмет! Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біз үшін зор қуаныш.Бүгін біз осы тілде ән айтып, мәнерлеп тақпақ оқып, ертегіден қойылым көрсетеміз.

2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К.   Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Мектебімізде әр сыныптарда  қазақ тілі  апталығы өтіп жатыр.

Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі  іс-шарамызға қош келдіңіздер. Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н.   Қазір 3 «а» сынып оқушылары мемлекеттік тілде «Қуыршағым» әнін орындайды.Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К   7 «б» сынып оқушысы Турусбаева Адель М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін оқып береді.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н.  7 «б» сынып оқушысы Балтабай Арлен өзінің шығарған  өлеңін оқып береді.

 2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К   Сіздердің назарларыңызға 4 «в» сынып оқушыларының бүгінгі мерекеге дайындаған «Мақта қыз бен мысық» атты қойылымын тамашалаңыздар.

Даниэль Юнусов:

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде, Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Ботбаева Аружан (үй сыпырады,  мейіз тауып алады).
Даниэль Юнусов: Мақта қыз мысығын шақырады.
Аружан: - Мияуым менің, қайдасың?
- Мысығым  менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.

Даниэль Юнусов:  Мысық келмейді.

Ботбаева Аружан:- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе.

Юнусов - Мейізді қыз жеп қояды.
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады,

Ботбаева Аружан:

Мысығым-ау, мысығым,
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой..

Мысық- Камран Муталипов
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп .
Мысық- Камран Муталипов:  Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз:  Айтпаймын

 Мысық- Камран Муталипов  Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз:  Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық- Камран Муталипов  Берші, құйрығымды!
Мақта қыз:  Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Даниэль Юнусов:   Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр – Досымжан Шаяхмет
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір .
Мысық- Камран Муталипов
 Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр- Досымжан Шаяхмет: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
 Даниэль Юнусов:   Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш – Анисимова Анна
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым тамақ,
Мысық- Камран Муталипов

 Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш – Анисимова Анна:

 Маған су әкеліп бер, мен саған жапырақ беремін.
Даниэль Юнусов:    Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар- Катызина Мадина
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір жоқ.
Су адамға өте керек.
Мысық- Камран Муталипов

 Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыз- Катызина Мадина

 Сен маған  дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Даниэль Юнусов:    

 Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық- Камран Муталипов

 Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші – Де Даниал:

 Маған жұмыртқа әкеп бер, мен саған сағыз берем.
Даниэль Юнусов:    

 Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық – Байжанов Тимур:
Мен ақ тауықпын,
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам

Мысық- Камран Муталипов.:  Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық- Байжанов Тимур: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер.
Даниэль Юнусов:  : Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Асылхан Нұрайхан
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін.

 Мысық- Камран Муталипов   - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп  қоям.

Даниэль Юнусов:   Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді,  қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды,  ағаш мысыққа жапырақ береді, жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық- Камран Муталипов   

Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.

Даниэль Юнусов:   Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
1-жүргізуші Мамереженова А.Н. Бүгінгі  тіл апталығының мерекесі осымен аяқталды, ортаға  кейіпкерлерді  шақырамыз, оларға қошемет көрсетеміз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения