Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.01.2015
0
889
0

Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.





Республика Казахстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
География пәнінің мұғалімі
Нурмашов Адилхан Алдабергенович

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың бесенділігін, қызығуын арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: “Кім көп біледі?””Сен-маған, мен-саған” ойындары, сәйкестендіру тесті, географиялық диктант.Презентация.
Сабақтың көрнектілігі:Электронды оқулық, дүние жүзінің саяси картасы, және Оңтүстік Американың физикалық карталары.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй жұмысын тексеру.
I.Қызығушылықты ояту кезеңі.
Өтілген тақырыптар бойынша”Сен-маған, мен-саған”/доп ойыны/ ойыны.

/Электронды тақтағда Африка материгінің картасы көрсетіледі./

1.Африка материгі жайлы жалпы мәліметтерді еске түсіру.

Дүниедегі ең үлкен шөл?/Сахара/.Дүниедегі ең ұзын өзен?/Ніл/Экватор сызығын 2 рет кесіп өтетін өзен?/Конго/Африканың жалпы ауданы?/30,3млн.шаршы шаұырым/Дүниедегі ең ыстық материк?/Африка/.Ең үлкен табиғат зонасы?/Саванна/.

2.Аустралия материгі жайлы мәліметтерді еске түсіру.

/Электронды тақтағда Аустралия материгінің картасы көрсетіледі./

 

Аустралияның ауданы?/ 7,6млн.шаршы шақырым/.Үлкен тосқауыл рифінің ұзындығы?/2300км,ені150км дейін барады/.Аустралияның басты өзендері?/Муррей,Дарлинг/. Аустралия материгінде неше ел орналасқан?/1-ел Аустралия Олағы/.Аустралияның ең биік жері?/Косцюшко тауы 2228м/. Ең төмен нүктесі?Эйр көлінің деңгейі-16метр./.Аустралияның басты ерекшелігі неде?/Эндемик өсімдіктерімен,жануарлары/

3.Антарктида материгі жайлы мәліметтерді еске түсіру.

/Электронды тақтағда Антарктида материгінің картасы көрсетіледі./

 

Антартида материгінің жалпы ауданы?/12,4млн.шаршы шақырым./.Материктің аумағының неше пайызын мұз кұрсауы қаптап жатыр?/99пайызын/.Материкте бүкіл тұщы судың неше пайызы орналасқан?/80 пайызы/.Антарктида қай жылы ашылды?/1820жыл 28 қаңтар/.Қазақстандықтар қай жылы Антартидаға барды?/2011 жыл.Руал Амундсеннің оңтүстік полюсті ашқанына 100жыл және Егемендіктің 20 жылдығына байланысты барды/.Антарктиданың жануарлар дүниесі?/Ақ аю және пингвиндер/.

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Оқушыларға ой тастау: .Бұл материктердің барлығы қай жарты шарда орналасқан?/Оңтүстік/ және осы жарты шарда орналасқан қай материк қалып тұр?/Оңтүстік Америка материгі/

2. Мағынаны тану кезеңі. Оқушыларға электронды оқулықтан мәліметтер беру.

\Электронды тақтада Оңтүстік Американың физикалық картасы арқылы физикалық географиялық жайласқан орны,материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер,зерттелу тарихы түсіндіріледі\.

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Оңтүстік Американың географиялық орны.
2. Жағалаудағы мұхиттар мен теңіздер.

3. Зерттелу тарихы.

/Электронды тақтада Оңтүстік Американың физикалық картасы арқылы көрсетіп түсіндіріледі/
1.Оңтүстік жарты шарда жайласқан.Жер көлемі 18,3 млн км2,Солтүстік Америкадан Панама каналы/мойнағы/арқылы бөлініп тұрады.Оның шеткі нүктелері:солтүстігінде-Гальинас мүйісі/Колумбияда/,Оңтүстігінде-Фроуард мүйісі/Чилиде/,Шығысында-Каабу-Бранку мүйісі/Бразилияда/,Батысында-Париньяс мүйісі/Перуде/.материктің аумағын 1.Экваторлық.2.Субэкватор.3.Тропиктік.4.Оңтүстік тропиктік.5.Қоңыржай климаттық белдеулері кесіп өтеді.

Жер бедері:1Бразилия таулы қыраты.2Амозонка ойпаты.3 Ориноко ойпаты.4 Ла-Плата ойпаты.5 Гвиана таулы қыраты.6 Анд таулары иелеп жатыр.Мұнда дүниедегі ең ұзын тау жүйесі Анд тауы-ұзындығы 9000км,ең биік нүктесі Аконкагуа тауы-6960метр.материкте ең биік сарқырама-Анхель 1054метр/Ориноко өзені/ және ең енді сарқырама Игуасу ені-2700метр,биіктігі-72 метр орналасқан.материктің ең ойыс жері-Вальдес түбегі-40метр.Материктің оңтүстігінде орналасқан Отты Жер аралынан Магеллан бұғазы бөліп тұр, аралдардың ең ірісі Отты жер аралы. Су мол өзен –Амазонка..
2.Материктің батысын – Тынық мұхиты, шығыс жағалауларын – Атлант мұхитының сулары шайып жатыр, солтүстік жағалауын – Кариб теңізі шайып жатыр.
3.Христофор Колумб – Орталық Америка аралдарын, Саргасс теңізін, Ориноко өзені 1498 жылы зерттеді.
Америго Веспучи – 1499 жылы Амазонка сағасын, 1501 жылы Бразилия жағалауына саяхат жасады. 
Фернан Магеллан-Оңтүстіктегі бұғазы арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. 
Александр Гумбольдт Бонпланмен бірігіп Оңтүстік Америка табиғатын зерттеген.
А.И.Ваейков материктің климатын зерттеген.
Н.И.Вавлов егіншілік орталықтарын анықтаған. Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтығ отаны екенің дәлелдеген.

IV.Жаңа тақырыпты пысықтау.

Оқушыларға Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі:
”Сен-маған, мен-саған” ойыны – оқыушылар бір-біріне сұрақ қояды.

1.Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?(4)
2. Қандай ежелгі материктің қалдығы?(Гондвана)
3. Ең биік тауы?(Анды)
4. Ең үлкен өзені?(Амазонка)
5.Оңтүстік жарты шар материктерін ата?( Оңтүстік Америка,Антрактида,Аустралия )
6. Оңтүстік жарты шар материктеріндегі жел бедерінің қандай түрі басым?(Жазықтар)
7. Отты жер аралы  қай материктің құрамына кіреді?(Оңтүстік  Америка) .
 V.Сабақты бекіту кезеңі.
1.Ой толғаныс.

Электронды оқулықтан 1,2,3,4,6,7 интерактивті тапсырмаларды орындау.Мұнда әрбір тапсырмаға 1оқушыдан шығып орындайды және баға қойылады.

Тапсырма №1
1.Шеткі нүктелері бойынша сәйкестендіру.

2.Артығын жинау.

3.Климаттық белдеулері.

4.Жер бедері формалары.

6.Ойпаттары.

7.Таулы қыраттары.
VI.Шығармашылық жұмыс.

1.Карточкамен жұмыс.

Тапсырма№1.. «Орнын тап» тапсырмасы.сыныптағы 5-6 оқушыға карточкалар беріліп орындаған соң жинап алынады.Карточкаға аты,тегін жазып тапсырады.

Тапсырма№2.
2.Географиялық диктант.

Оңтүстік Америка жерінің ауданы жөнінен _________ материк. Тілдік ерекшелігіне қарай материикті Орталық Америкамен қосып, ___________ деп атайды. Материктің батысын ____________ мұхитының сулары шайып жатыр. Материктің ең биік нүктесі ______________,______________ түбегінде материктің ең томенгі нүктесі орналасқан.
Керекті сөздер: Латын Америкасы, төртінші, Аконкагуа, Тынық, Атлант,Валдес
Тапсырма№3.
Оңтүстік Америка материгінің басты ерекшелігі?/Ең жасыл материк/ 
Оңтүстік Америка материгі қандай мәдени өсімдіктердің отаны?/Картоп,жүгері,қызанақ/
Не үшін материкті Латын Америкасы деп атайды?/Халықтары латын тілінде сөйлейтіндіктен/
3.Презентация.\Қорғау\

Тапсырма№4.

Әрбір топ берілген 1,2,3 тапсырмаларды орындаулары бойынша жинақтаған білімдерін қорғайды.

VII. Сабақты қорытындылау
Сиқырлы сандар. Сиқырлы сандарды алып оларға сипаттама беріп, ой қорыту .
18,3 млн км2 ,1054 м,  9000 км, 6960 м, -40 м, 1498 жыл, 1499 жыл, 1874 , 1932-33, XVI ғасыр. 
VIII.Бағалау.

Әрбір топ басшысы берілген бағалау парақтарына бүгінгі сабақта әрбір оқушы бір-біріне бағалар қояды.Мұғалім бағаларды жариялап журналға қояды.

XIX.Үйге тапсырма:

1.Оқулықпен жұмыс.

2.Картамен жұмыс.Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін,жағалауындағы мұхиттар және теңіздерді түсіру.

3. «Оңтүстік Американың өзендері» тақырыбында презентация жасау. “Оңтүстік Американың физикалық географиялық орны мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі” оқу.
Картамен жұмыс. Кесікн картаға материктің шеткі нүктелірің, жағалауындағы мұхиттарды түсіру.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения