Кундызбаева Назерке Терекбаевна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Астана
31.01.2015
0
888
2

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Ұлттық ойындар"

Пән : қазақ тілі

Сынып : 6

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың  ұлттық  ойындар туралы білу керек, оның  түрлерін,ерекшеліктерін  сын тұрғысынан бағалай білу керек. Етістік бойынша тапсырмаларды талдап, талқылап мағынасын ашулары керек.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі:түрлі стратегияларды  пайдалану  арқылы,оқушылардың қызығушылығын арттыруда өз бетінше білім алуға итермелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгендеу

Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы мен назарын бақылау

Б) Топқа бөлу –синоним ,антоним, омоним сөздер арқылы

«Сәттілік сатысы» оқушылар сабақтың басында өз дайындықтарын бағалайды. өзін -өзі бағалайды

                                                          5

                                           4

                             3

«сәттілік сатысы» арқылы өздерінің білімдеріне баға береді де,сабақ соңында өз жасаған жұмыстарымен сәйкестендіреді.Бұл стратегия  өздерін сабақтың соңында бағалауға оңай

Дейін

Кейін

 

 

 

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

Миға шабуыл танымдық білімдерін анықтау мақсатында  «Өрмекші» тренингі сұрақ-жауап  арқылы  диалогқа түсу, үй жұмысын тексеру.

ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалім: Балалар, тақтаға назар аударыңдар қазір біз  бейнеролик тамашалайық.

-         Бейнеролик не туралы? Кім айтады?

-         Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды  білесіңдер?

Қазақтың ұлттық ойындары төрт түрге бөлінеді. Олар:

1.     Аңға байланысты

2.     Малға байланысты

3.     Түрлі заттармен ойналатын 

4.     Зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін

Класстер толтыру кезеңі: Қазір тақтаға назар аударайық, берілген ойындарды түрлеріне байланыстырып топтастырайық. Мысалы асық ойыны қандай топқа жатады?

 «Тірек сөздер»стратегиясы   тақырып бойынша қысқа әңгіме немесе сөйлем құру.

 «Дейін және кейін» стратегиясы оқушылардың тақырып бойынша өз білімдерін  анықтау  «Атбегі және ат»сыңарын  табу стратегиясы

(Оқушыларға етістіктің райлары бойынша жалғанатын қосымша арқылы өз сыңарын табу керек).

Жоба қорғау кезеңі : Қазір сендер «Тұлпар», Көкпар», «Ақсүйек» болып  кезектесіп үш топқа бөлінесіңдер. Әр топ кезектесіп өздеріне тиісті  тапсырмаларын орындайды.  Осы тапсырмаға 5 минут беріледі. 

Мұғалім: Жақсы балалар, тапсырмаларыңды жақсы қорғап шықтыңдар.

Мәтінмен жұмыс. «Қыз қуу» қазақтың ұлттық ойыны. Ал, енді жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сабақ.  

Сөздікпен жұмыс:

 Қызық - интересное

Жігіт - парень

Қуады - догоняют

Жету керек - должен догнать

Сүйеді - целует

Соғады – будет бить

 

Қыз қуу

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.

Сұрақтарға жауап беру:

1.     Қыз қуу қандай ойын?

2.     Қыз қуу қалай ойналады?

3.     Ойынның тәрбиелік мәні қандай?

4.     Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажырату.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

Сергіту сәті: «Қаражорға биі» (Интерактивті тақтада қаражорға билеп жатқан қыздардың суреті және видео тұрады. Оқушылар сол видеоға қарап биді билейді.)

ГРАММАТИКА

Тапсырма.  Адасқан әріптерді тап.

  1.  Т,ы,о,б,қ /Тобық/

  2. А,қ,ү,е,к,с,й /Ақсүйек/

  3. Х,н,а,а,т,п,й,а,л,а /Ханталапай/

  4. А,қ,с,ы /Асық/

  5. Т,ғ,о,ы,қ,м,а,ұ,з,қ,а,л /Тоғызқұмалақ/

  6. Ұ,т,т,қ,л,ы /Ұлттық/

Тапсырма. Сөз құрастыру. Тақтада берілген «Тоғызқұмалақ»  сөзінен бірнеше сөз  құрастыру керек. Тоғыз, құмалақ, ұлт, қалам,  құлақ,  лақ, тоқ, құм, қыз, қаз, мол, қозы, ақ, мал, ғалым.

Сабақты қорытындылау«Ыстық орындық » ойыны ретінде өткізіледі.

1)    . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. (қазақша күрес)

2)    . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)

3)    ... - алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)

4)    . . . - бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан)

5)    . . . - ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асықалынады. (ханталапай)

6)    . . . – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты атып түсіру. (жамбы ату)

7)    ...- белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталы-нады. Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

8)    . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

9)    . . . – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бір-бірін қуады. (қыз қуу)

10)                      Жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа сөздер не деп аталады?/омонимдер/

Кері байланыс: Сақина тастамақ және теңге алу ойынымен байланыстырып, осы кестеге бүгінгі сабағымыздың қай кезеңі ұнағанын белгілеп шығайық. (интерактивті тақтада сақина және теңгенің суреттері болады. Оқушылар бір - бірден шығып, сақина мен теңгені ұнаған тапсырмасының астына тізбектеп жинайды.)

Балаларды бағалау. Оқушылардың өздерін бағалаған бағалау парақтары бойынша қойылады.

Аты –жөн

Тапсырмалар

/ ұпай

1

2

3

Топ басшысы

Үй жұмысы

 

 

 

 

Топтастыру

 

 

 

 

Тірек сөздер бойынша әңгіме

 

 

 

 

Жоба қорғау

 

 

 

<p class="MsoNormal" style="margin-bott
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения