Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
28.01.2015
0
579
1

"Ата-мұра мәдениеті" факультатив сабағын оқытудың әдістемелік жүйесін құру туралы

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Мектеп директоры

Бекбай Кенжебай Айдосұлы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің ұлттық білім беру жүйесін бұдан әрі жетілдіру үшін аса маңызды оқиға болып табылады. Айрықша болатын себебі: ерте дүниеден бастап осы күнге дейінгі әлемдік мәдени мұраның жауһарлары алғаш рет мемлекеттік тілімізде сөлей бастады. Тағдыр – тәлейлі игілікті мәні бар деп ерекшелеуіміздің мынандай негізі бар: жүздеген, мыңдаған томдарды құрайтын және құндылықтардың сарқылмас көзі болып табылатын мәдени мұраның тәрбиелік әлеуметі өскелең ұрпақ үшін ұшан-теңіз, ал қазіргі әлемде ұлттың және мемлекеттің бәсеклестік қабілеті сол ұрпақтың интеллектуалдық деңгейіне тікелей тәуелді.

         Расында да, бір жағынан ұлттық білім беру жүйесіне басымдық беруді қазіргі қоғам дамуының айрықша маңызды заңдарының бірі, ал екінші жағынан, төлтума ұлттық-рухани құндылықтарын әлемдік мәдени мұралармен асқақтата әрі жарасымды кіріктіруі үшін өздерінің білім беру жүйесіне қажетті жағдай жасап отырған мемлекеттердің ең жоғары бәсекелестік қабілетке ие екенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған ақиқат ХХ – ғасырдың екінші жартысында басқалардан бұрын жапон ұлты сезініп, қазіргі қоғам дамуының айнымас заңы екенін тәжірибеде дәлелдеп берді.

         Жапон халқының ұлттық-рухани мұрасын әлемдік мәдени және ғылыми-техникалық жетістіктерімен үйлесімді кіріктіру қажет деп таныды.

          Жапондықтар өздерінің «таңғажайыптағы» - негізгі қызметі ана тілін берік әрі түбегейлі меңгеруі – жапондық рухты терең қалыптастыра алатын        6 жылдық бастауыш мектебімен байланысты деп есептеді. Осылайша 6 жылдық бастауыш мектепте берік бекіп орныққан ұлттық тіл мен ділдің негізінде білім берудің кейінгі басқыштарын-да әлемдік мәдени мұра да, ғылыми-техникалық жетістіктер де терең меңгеріліп, мемлекеттік әлемдік өркениеттің өріне көтеріп отыр. Қазақстандық педагогтер қауымы алдында берілген үлгі аясында өзінің ұлттық мәдени мұрасын әлемдік құндылықтармен үйлесімді кіріктірудің күрделі мәселесі тұр.

 «Ата-мұра мәдениеті факультативтік курсы» оқыту біртұтас әдістемелік алгоритмдік ретінде құрылуы керек

  1.      оқыту мақсаты;
  2.      берілетін пәнді оқытудың мазмұны;
  3.      оқытудың пішіндері (формасы);
  4.      оқыту әдістері;
  5.      оқыту құралдары

Факультативті сабақтың дидактикалық ерекшеліктері

  •         факультативтік сабақ оқыту мазмұндық жағынан оқшауланбайды, ол бұрын өтілген сабақтарға сүйене отырып жүргізіледі, сол арқылы жаңа ілім көздерін игеру жұмысы жүргізіледі;
  •         жаңа ілім көздерін игеру процесінде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін, талдай білу және дәлелдей білу қабілетін дамытуға баса назар аударылады.

Факультативті сабақтың дидактикалық құрылымы

  •         бұрынғы алған білім  мен іс әректет тәсілдердің маңыздылығына мән беру;
  •         жаңа білімдер мен іс -әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
  •         оларды қолдана білу арқылы қабілеттілікті дамыту

Факультативтік сабақтың типтік құрлымы

  •         лекция-парадокс
  •         егіз сауал
  •         экспресс-сауал
  •          консультация сабағы
  •          позитивті қорғау сабағы
  •          практикум сабағы
  •         семинар сабағы/ сабақтардың кезектік жалғасы осы тәртіппен реттеледі/

Факультативтік сабақтың ұйымдастыру шарты

  •         әрбір жасқа және сыныпқа арналған оқыту жоспарын құру
  •         қойылатын талаптарды жүзеге асыру

Факультатив  кусы нәтижесінде 4 сапалық көрсеткішке бағыттау

1. Тұлғалық / оқушының іс әрекетінде/ моральдық  адамгершілік аспектілерін тани білуі

2. Реттеу /іс әрекеттің нәтижесін белгілі эталонда салыстырып бақылау/

3. Танымдылық /шығармашылық және ізденіс сипатында проблемаларды шешу кезінде қолданатын әрекетті өз бетінше жасау/

4.  Коммуникативік /құрдастарымен, ересектермен және басқадай орта  қарым - қатынасында  өзгені тыңдап  диалогка ене алуы, ұжымдық талқылауда  өз-ара байланыс орната білуі/

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Ата-мұра мәдениеті» факультативтік курсын  оқыту тұжырымдамасын, оқыту бағдарлама мен хрестоматиялар, дидактикалық материалдар, әдістемелік нұсқаулар құру қажеттілігі шешіліп, «Әлемдік мәдени мұра» дәрісінің толқынында  «Ата-мұра мәдениеті факультативтік курсы» орта мектептерде жаппай енсе, аталған факультативтік курс ұлттық мәдениеті жаңғыртуға негіз бола алады. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения