Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
27.01.2015
0
2040
11

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу 2 сынып "Ата тәлімі" Джуматаева А.Б.





«Асыл сөз» тарауының     №2 сабағы

 

Сабақ жоспары                                   2-  сынып             Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:   Ата тәлімі.   С.Ақаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :мәтіннің мазмұнын аша отырып,  үлкеннен тәлім-тәрбие  алудың маңыздылығын  ұғындыру.

Дамытушылық: а). Оқылған материалды сараптауда өзіндік ой-пікірдің қалыптасуы, өз ойын шығармшылық тұрғыда жеткізу. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; балалардың дүниетанымдық белсендігін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру,болжауын,  білімдарлығын,  ойын тез және анық тұжырымдап айта алу, логикалық пікірлер айта алуы, алған білімдерін өмірде қолдана алу білігін дамыту, жұмыс істеу машықтарын дамытуды жалғастыру.                               ә) мәтінмен жұмыс істеу  дағдыларын жетілдіру.                                                             

Тәрбиелік: а). Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Өзара көмек көрсетуді қалыптастыру, бір-біріне жақсы тілекте болу, сыныпта бірін-бірі тыңдауға, ортақ іске барлығы бірдей жұмылуға,  ұжыммен  жұмыс жасай алуға; оқушыларды       еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыпты және жауапты болуға, пәнге қызығушылықпен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.                                                

    ә). Үлкеннен жақсы өнеге алуға баулу, қоршаған ортаға деген қорғау, аялау сезімдерін тәрбиелеу. Адал   еңбектенуге, елін, жерін сүйюге баулу.                        Сабақтың типі:         

   Жаңа алған білімді игеру және бекіту;

   білімді бекіту сабағы;

   білімді кешенді қолдану сабағы;

   білімді жинақтау, қорыту, жүйелеу сабағы;

   білімді тексеру, бақылау, бағалау сабағы;

   аралас сабақ.

   Кіріктірілген  сабақ.

   Өз бетінше жұмыс жүргізу. Практикалық сабақ, т.б.


Оқытудың әдіс-тәсілдері:

                  -   Оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері  –  түсіндірмелі -иллюстративті:      

 

Р



(көрнекіліктерсуреттерді көрсету арқылы, иллюстрациялар, кестелер және т.б) .___________________________________ __                                                                                                                 Оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері (ауызша  - түсіндірмелі -иллюстративті:       , немесе  ақпаратты: әңгімелеу, лекция, түсіндіру,оқулықпен жұмыс)


Репродуктивті (Жаттығулар жүйесі  арқылы жаттау негізінде ББД меңгеруді қалыптастырады,  білімдерін тәжірибеде қолдану іс-әрекеттері, алгоритм бойынша іс-әрекет, бағдарламалау.

     -Оқу-танымдық әрекеттерді ынталандыру және  оқу түрткілерін тудыру әдістері:        (Танымдық ойындар,  оқу пікірталастары, эмоционалды-өнегелілік жағдайларды тудыру,  қапыл(күтпегендік), танымдылық және қайшы келетін пікір тудыру(пародоксті) т.б.                                                                                                                                                                   -         

 Бақылау мен өзін-өзі бақылау әдістері:( оқу –танымдылық әрекетінің тиімділігін бақылау) .( Сынақтар:  ауызша, жазбаша, топтық, жеке, қорытынды, ағымдағы бақылаулар, ТҚ қолдану арқылы, бағдарламалық, терминдік  тестер. _________________________________________________________________

-

 Зерттеушілік іс-әрекеттің әдістері   (оқушыларға өз бетінше орындайтын  танымдық міндет тапсырылады, олар  мұғалімнің көмегімен тиісті  әдістерді  таңдайды)

- меңгеріліп жатқан  материалды мәселелік  мазмұндау;

 - жартылай-ізденіс немесе  эвристикалық әдіс;

Оқытудың басқа әдістері:сұрақ-жауап, суретті сөйлету.                                                                                    

СТО стратегиялары (элементтері) : қызығушылықты ояту, ой шақыру, ЖИГСО 1, ЖИГСО 2, Венн диаграммасы, Т-таблицасы, ассоциациялық шеңбер, ББҮ, Инсерт кестесі, кубизм, ұқсастық пен даралық, Жұптасып оқу-қорытынды шығару -ортаға шығару, эссе,түртіп алу,  автор орындығы, авторға сұрақ, интервью  алу, елес жетелеу,топтастыру, 5-жолды өлең, жолаушының қойын дәптері.

Сабақтың құрылымы және  сабақтың  әр  кезеңінде   оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру:

Негізгі және басты құзыреттіліктер:  құнды-мағыналық  (1),  жалпы мәдениеттіке (2), оқу-танымдық  (3), ақпараттық (4), коммуникативті (5),  әлеуметтік-еңбек (6), тұлғалық  жетілгендік (7), социомәдениеттілік (8) (әлеуметтік орта),  дүниетанушылық пен денсаулық сақтау (9), полимәдениетті  (10) («поли» гректің «көп» деген сөзі)                                                          .I. Ұйымдастырушылық кезең , оқушылардың  сабаққа  іштей және сырттай дайын (психологиялық тұрғыда) болуын сипаттайды. – құзыреттілікті қалыптастыру _1                                         

  II. Бағдарлы-мотивациялық  кезең -– құзыреттілікті қалыптастыру _1,2,3                                                 

III. Ақыл-ой және  тәжірибелік  машықтар мен білімдердің өзектілігі  (оқушыларды жаңа оқу материалын  қабылдауға  дайындау): – құзыреттілікті қалыптастыру ... 7,3,2                                 

          IV. Операциондық-орындаушылық кезең – құзыреттілікті қалыптастыру _ 4,5,2,3                                      

V. Білімдерін алғашқы тексеру кезеңі  – құзыреттілікті қалыптастыру_ 7                                              

  VI. Бекіту, жаттығу, білім мен машықтарды өндеу_– құзыреттілікті қалыптастыру...4,3                  

VII. Білімдерді бақылау және есепке алу– құзыреттілікті қалыптастыру_ 10                      

   VIII.Денсаулық сақтау технологиялары_  – құзыреттілікті қалыптастыру ... 9                                       

   IX. Үй тапсырмасы   – құзыреттілікті қалыптастыру ___10                                                        

  X.Рефлексивті – бағалау кезеңі  – құзыреттілікті қалыптастыру___10                                           

Көрнекі-құралдар: слайдттық  презентация, ойын.                                                                                       

   Жаңа түсініктер мен ұғымдар  (терминдер):                                                                                       

  Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең , оқушылардың  сабаққа  іштей және сырттай дайын (психологиялық тұрғыда) болуын сипаттайды.

ІІ. Бағдарлы-мотивациялық  кезең:

- Бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз қозғаймыз. Бүгінгі сабағымызды балалар, мынадай ұраннан бастайық:

№2 слайд.  Психологиялық дайындық. –балалар, мына жұмбақты шешсеңдер бүгінгі тақырыбымыз шыға келеді.

Көкке бойын созады,                                                                                     

  Көпке  қолын созады                                                                                       Кең құшағын ашады,                                                                                       Көлеңкесін тосады.  –Бұл не екен балалар?   (ағаш)

-Бұл жұмбақта   не туралы әңгіме болып отыр?

-Ағаштар туралы.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Ағаштар туралы сөйлесеміз.

-Дұрыс балалар, біз бүгін орман туралы және т.б. маңызды нәрселер туралы сөз қозғаймыз.

III. Ақыл-ой және  тәжірибелік  машықтар мен білімдердің өзектілігі  (оқушыларды жаңа оқу материалын  қабылдауға  дайындау) :

.№3 слайд.  Ағаш суреті беріледі. «Сөйлемді  аяқта»  ойыны.

-Балалар мына суретті  сөйлетейік. –Қане, «қиял қалпақтарын» киейік.

-Мен ағашпын . . . ., деп  ағаш болып сөйлейік.

*Көмекші, жетелеуші сұрақтар: - Ағаш өзін қалай сезінеді?

-ағашқа өсіп-өну үшін не керек? Т.с.с.

-Жарайсыңдар, балалар!

IV. Операциондық-орындаушылық  кезең

1.Оқулықпен жұмыс. «Ата тәлімі»  мәтінін оқу. №4-5 слайд.

*дауыстап мұғалім оқиды.

-Мәтінді мәнерлеп,түсініп  кезектеп оқиды.

2.Мазмұнын ашу: №6 слайд  -Орманда қандай ағаштар өсетінін білгілерің келе ме? Ендеше, тапсырма орындайық, сонда ағаштың түрлерімен танысамыз.

-Әңгіме не туралы?

-Зейнеткер  табиғатқа  қандай  қамқорлық  жасаған?

-Атайдың  немерелері  қандай  істермен  айналысты?

-Құстарға, жалпы табиғатқа адам неліктен қамқорлық жасайды?

--«Жақсы ата-орман,жақсы бала-қорған» дегенді қалай түсінесің?

-Өздерің осындай істер атқардыңдар ма?

-Мәтіндегі негізгі ой неде?

–Негізгі ойды білдіретін  бір ауыз сөзді тауып көрейікші. (соңғы бөлімі)

-Жарайсыңдар!

*** Қандай ағаш түрлерін білеміз? №6 слайдта

3. Сөздік жұмыс: №7-8 слайд (аңшының суреті)

 Ашкөз аңшы- сараң,қызғаншақ аңшы. 

-Қандай аңшыларды ашкөз аңшы деп атайды? –Олар неге ондай деп ойлайсыңдар?

4.  Дәптермен жұмыс: «Атамның ақылы»шағын эссе жазу.

№9 слайд. Орманшының 1тапсырмасы. 

 -Балалар, орманды кім күтеді?  -Орманшы  №10 слайд

-Мінекей орманшының  өзі де келіп қалды, сендерге әкелген тапсырмалары  бар екен?

-Сендердің аталарың бар ма? Атадан қандай ақыл үйрендіңдер, соны тиянақтап жазып көрейік.

-Ал енді жазған шығармаларымызды  дауыстап оқиық. (Мадақтау)

5. Сергіту сәті: №11 слайд. –Балалар ағашқа ең біріншіден не қажет? –Су

-Жаңбыр шақырайық.

*Күркіреді күн, күн . . .

Терезелер шың,шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек, көп-көп,

Жон арқаңды тос-тос,

Ағашым, тез өс-өс.

V. Білімдерін алғашқы тексеру кезеңі.

-Ауыл балалары мен қала балаларының жазғы демалыстары бір-біріне ұқсай ма? 

- Қандай айырмашылығы бар?

Орманшының 2 тапсырмасы.  №12 слайд.  Ойын: « Жатқа айт»    Ата тәлімі туралы мақалды жаттап алу, мағынасын түсіндіру.

Ағадан-ақыл,

Атадан-нақыл.

- VI. Бекіту, жаттығу, білім мен машықтарды өндеу.

-Қараңдаршы, бұл қай жердің суреті?  

-Бурабай.

-№13 слайд. Көкше тауындағы қарағайдың  1997 жылы күйіп кеткен жерінің көрінісі.

-Слайдқа мәтін: Адамның олқылығы  , жауапкерсіздігі   табиғатқа  көп зиян тигізеді. Соның бірі мына өрт. Кез-келген ағаш өсіп, қалың орманға айналу үшін көп уақыт керек. Мәселен, қарағай ағаш болып, толық жетілу үшін 80 жыл керек екен.

Қорытынды: -Сонымен балалар, айналаға  қамқорлық  жасауды  үлкендерден  үйреніп, өзімізден кейінгі  кішкентайларға  үлгі-өнеге болып жүрейік.

IX. Үй тапсырмасы: мәтінді түсініп оқып келу,жұмбақты жаттау(35-36 бет).

X.Рефлексивті – бағалау кезеңі.

№14-15 слайд 

Мұғалім балаларға  бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін ағаш макетіне арнай белгілермен белгілеуі керек. (Белгілер алдын-ала  партаның шетінде дайын тұрады)


Бағалау.


                         –  қуанышты, жақсы, ашық-жарқын көңіл-күй

                          – көңілс

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения