Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.01.2015
0
479
1

Қазақстан менің - Отаным





Дарибаева Маншук, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, №119 жалпы орта мектебі

Д Ү Н И Е Т А Н У

«Қазақстан менің - Отаным»

Мақсаты:

      

         Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар  

бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін

арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай

білуге тәрбиелеу.Мақал-мәтел, тақпақтар

арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын

молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекілігі:

     Қазақстан Республикасының рәміздері, Л.Асанова,

Қ.Рысқұлбеков суреттері, «Қазақ елі» бейнефильмі.

— Біз аспаны ашық,сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел – Қазақстан!
— Бүгінгі сабағымызды Қазақстан

Республикасының ән ұранынан бастайық.

Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

- Ту, елтаңба, әнұран.

— Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?

- Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

        Балалар Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер,  

     еске түсірейік.

        Рәміздер тұрған бұрышқа назар аудару,әңгімелеу.

               1. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

               2. Айбынды ел таңбамыз бар.

               3.Мағыналы ән ұранымыз бар.

- Балалар көрдіңдерме бізде қандай тамаша рәміздер бар.

               5. – Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай атаймыз-?

-Отанымыз.

-Өте дұрыс.

         -Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады! Біз қай  

      Республикада тұрамыз-?

     - Қазақстан Республикасында.

     -Дұрыс айтасыңдар. Біздің Республикамыз Қазақстан  

      деп аталады.

     -Қазақстан қандай Республика?

     -Егеменді тәуелсіз Республика.

     -Еліміздің астанасы қандай қала?

     -Астана қаласы.

     -Жақсы балалар, суреттегі Астана қаласының әдемі 

       ғимараттарын қарайық.

Отан сенің ата-анаң,

   Отан досың бауырың.

   Отан өлкең, астанаң,

   Отан аудан, ауылың.

                      Отан деген-атамекен,

                      Отан деген туған жер.

                      Отан-ана, Отан-үлкен,

                      Қазақстан туған ел.

                                                 Апамыздай тілеуі-ақ,

                                                 Отан бізде біреу ақ.

                                                 Ол біздің Қазақстан.

1. I see green

    I see yellow

    I see this funny fellow

2. Blue sea

    Green tree

    Brown hand

    Yellow sand

3. Please tell me

    What is green

    Grass is green

    So nice and clean

4. Good morning

    Good morning

    Good morning to you

    Good morning

    Good morning

    I am glad to see you

Бір шаңырақ астында ,

Тату – тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата – бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз!

Ойынның шарты:  Астана қаласының қиылған суреттерін үш топқа бөліп беру,қай топ жылдам,әрі дұрыс құрастырады.

Сабақты қорытындылау:

- Балалар бүгінгі сабағымыздан не түсіндік?

-          Отан туралы,Қазақстан туралы білдік.

-          Рәміздерді үш тілде білдік.

-          Өте жақсы,енді есімізден шығармайық.

-          Қыран  құсым көк аспанда самғасын

-          Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!

-          Жас ұландар берік ұста туыңды,

-          Жарқыратып туған елдің таңбасын.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения