Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.01.2015
0
883
4

Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыру





Курумбаева Зарипа Худдусовна, ОҚО, Мақтарал ауданы,  Жетісай қаласы, №119 жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:  Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыру

 Сабақтың мақсаты: 

 

а) Білімділік:

Өтілген тақырыптарды қайталау және жүелеу. Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшектің айырмашылығын көрсету.Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра білуге дағдыландыру,анықтама айта білуге үйрету.

ә) Тәрбиелік:

Оқушылардың өз ойын толық,дұрыс жеткізе білуге,тапқырлыққа жылдамдыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін,танымын дамыту,пәнге деген қызығушылығын ояту белсенділіктерін арттыру.

 

 Сабақтың типы: Ертегі сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап түрінде

 

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

 

1)      Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Оқушыларды түгелдеп, оқушылардың назарын аудару

ә) Сабақтың психологиялық ахуалын туғызу.

 

Балалар, бүгінгі, ертенгі және болашақтағы мақсаттарың не? (Оқу, білім алу, тәртіпті болу т.б)

Барлығың дұрыс жауап бердіңдер.

Біздің қазақтың заңғар жазушысы Ғ.Мүсірепов «Алдарыңда таудай биік талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер. Жастарға тоғышарлық, бой күйездік дертінен аулақ, сезімтал болған жарасады» - деп айтып өткендей сапалы білімімізді көрсету мақсатында бүгінгі сабақты ертегі сабақ ретінде өтпекпіз.

Оқушылар бүгінгі сабақты «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша бастаймыз.

 

Ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты. Мақта қыз сабаққа барады екен. Үй тапсырмасын орындай алмай, мысықтан сұрауды жөн көріп, Мақта қыз мысығын шақырады. Мысығы келмейді. Мақта қыз сыныпта отырған оқушылардан көмек сұрайды.

№ 489 (1,2)есеп.

Үй жұмысын қорытындылау сұрақтары.

1.      Бөлшекті қасқарту дегеніміз не?

2.      Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысалы келтір.

3.      Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде қалай жазуға болады?

4.      Қандай сан аралас сан деп аталады?

Осы кезде мысығы Мақта қызға мені неге шақырдың деп сұрағанда. Мақта қыз айтпайды. Мысық Мақта қыздың қатығын төгіп қояды. Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады. Мысығы жалынып, құйрығын сұрады. Мақта қыз менің қатығымды әкеліп берсең мен саған құрйығыңды тағып беремін дейді. Мысық сиырға барады. Сиыр, сиыр  маған сүт берші деп сұрайды. Сиыр маған жапырақ әкеліп бер дейді. Талға барады. Тал су әкеліп бер дейді, Қыздарға барады. Қыз сағыз әкеліп бер дейді. Дүкеншіге барады. Ол жұмыртқа сұрайды. Тауыққа барады. Тауық жем сұрайды. Мысық не істерін білмей отырғанда тышқан кездеседі. Тышқан оған босатуын өтінеді. Мысық жем берсең босатамын дейді. Тышқан менің мына тапсырмамды орындасаң жем берейін дейді.

 

 

 

 

Тышқанның тапсырмасы. График тапсырмасы.

 

 

Тауықтың тапсырмасы. «Абревитуралар» Анықтамалардың бастапқы әріптерінен құралған.

 

 

1.      АБКБДБДА – Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

2.      ББЖББТСАСДА – Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.

3.      ЕКББНСҚСДА -  Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

 

 

 

1)      Бірінші баспалдақ: Жаяу адам 4 сағатта 22 км жол жүрді. Жаяу адамның жылдамдығы сағатына неше километр?

2)      Екінші баспалдақ: Тік төртбұрыштың ауданы 21 см, оның ұзындығы 6 см. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр?

3)      Үшінші баспалдақ: Тік төртбұрыштың ені 15 см, бұл оның ұзындығының 59  –індей. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?

4)      Төртінші баспалдақ: Дәптерде 48 бет бар. Оның беттерінің   712  бөлігі жазылған. Дәптердің неше беті жазылған?

 

 

Қорытындылау

Сиырдың тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс. (№490, №493, №499 есептерді шығару)

Сиырдан сүтті алып Мақта қызға барады. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

 

Үйге тапсырма №501 .Бос орындырды толтырыңдар.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения