Пользователь с логином Рая не найден.
10.06.2012
0
878
0

Ана тілі - тұғыр болсын, қалғаны тіреу болсын

Казахстан.Кызылординской область,

Казалинский район,кент Айтеке би

Демеубай Рая Алкуатовна

учитель начальных классов

средней школы №190 населенного

пункта имени Актан батыра

 

Тақырыбы:

Ана тілі - тұғыр болсын, қалғаны тіреу болсын


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін маңызын түсіндіру, Қазақ еліндегі қорықтар туралы мәлімет беру.

Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.


Тілмен байлағанды қолмен шеше алмайсың деген қанатты сөз бар. Мұнда ана тіліміздің құдіреттілігі паш етіледі.Осыны бала зердесіне ұялату- ұстаз,тәрбиеші және ата-ана парызы.Тіл- адамзаттың өз қажеттісі. Демек, өмір сүрудегі қатынас құралы. Соның ішінде ана тіліміз бай, қадірлі де қастерлі қазынамыз. Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайда біз Еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер ол әңгіме айта қалса, сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда, шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті. Сондай-ақ Француз ғалымы Жорри де Макси «Қазақ тілі-түркі тілдері ішіндегі таза тілдердің бірі» деп тамсанған екен. Біз сол таза тілімізді майдаламауымыз керек.Мәңгілік мұра етіп қалдыру-кейінгі ұрпақ борышы. Ана тіліміз байыған үстіне байи түсуде. Қазір жаңа технология ғасыры. Күн сайын жаңалық, жаңалық сайын жаңа сөздер туындауда. Елбасы халықтар бірлігінің маңыздылығына ерекше мән береді. Тіл, білім мәселелері, оның ішінде мемлекеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін көтеру жөнінде де жиі мәселе көтеріліп жүр. Оның себебі неде? Тіл-мемлекеттің символы. Тіл-ұлттың сақшысы. Тіл-біздің түп-тамырымыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ғасырлар бойы сақтаушы. Тіл-сақталса ұлт бар. Тіл тағдыры-ел тағдыры. Тілін білмеген-түбін білмейді. Демек, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қызметтік маңызын көтеру-өте өзекті мәселе. Еліміздегі басқа ұлттар мен ұлыстарға қарағанда, бізде-ұйғырларда, қазақ тілін терең меңгеру жағынан бірқатар артықшылықтар бар. Ең негізгісі, қазақ халқы мен ұйғыр халқы бір-бірімен туысқан, сондай-ақ, тілі, ділі, діні бір бауырлас халық. Сондықтан да ұйғырлар мемлекеттік тіл-қазақ тілінде еркін сөйлей алады және оған құрметпен қарайды. Екіншіден, біздің ана тілімізде білім беретін мектептеріміз бар. Мемлекеттік тілді меңгеру- бүгінгі заман талабы.
Көп адамдар тарихи атаулар мен арнаулы кәсіби терминдерді реттеу жөніндегі жұмыстар тым баяу жүргізіледі деп реніш білдіреді. Бірақ, мынадай жайтты ескеру керек, барлық осы атаулар мен терминдерді жай реттеу ғана талап етілмейді, оларды сондай-ақ тілдің фонетикалық, графикалық және лексикалық талаптарына сәйкес келтіру керек. Бүгінгі күнге дейін 4 облыс, 64 аудан, 12 қала, 957 ауыл 1001 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары қайта аталатын болды. Осының бәрі басқаруды жеңілдететіп елдің әкімшілік жіктелісіне айқындық енгізді. Жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу » жаңа мамандығы енгізілді, мұның өзі ұлттық тілді жете білетін, мемлекеттік құрылымда жетіспейтін кадрларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілерді деңгейлік оқытудың тұжырымдамасы, стандартты мен тұрпаттық бағдарламасы талдап, жасалып бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің арасында «Жаңа толқын» арнаулы оқу-әдістемелік бағдарламасы таратылуда. Бұл-мемлекеттік қызметшілерді жеделдете оқытудың 18 кітабы мен дискісі. 10 облыс және Астана мен Алматы секілді ірі қалаларда іс жүргізу қазірдің өзінде қазақ тіліне көшірілді және бұл үдеріс жалғасуда. 2000 жылдан бастап қазақ тілінде сөйлейтін қазақтардың саны тоқтаусыз өсіп келеді. Өзге ұлттардың өкілдері де қазақ тілін үйреніп жүргенін ұмытуға болмайды. Мәселен Түрік Республикасының бас қаласы саналатын Стамбулда «Қазақстанның мәдениет үйі мен қазақ тілін оқыту орталығы» ашылды.
Биыл Мәскеу мемлекеттік Лингвистикалық университетінің алты түлегі «Қазақ тілі мен мәдениеті» пәндерін бітіріп шықты. Қазақ емес тұрғындардың 26.9 пайыз мем лекеттік тілді еркін жазып, еркін сөйлей алады.
Қорыта айтқанда қазақ халқы бар тарихын Ғабит Мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашапай, жұртында қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді». Сол асыл қазынаны қаз қалпында сақтасақ деймін. Қазақтың әрбір ұлы Алпамысқа, әрбір қызы Қыз-Жібекке қызығып, тәрбиеленсе деймін.



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения