Алиева Машук Нурлыбековна
Должность:учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская область. Мугалжарский район. село Сагашили
25.01.2015
0
481
0

Аңдар

                     Сағашилі орта мектебі

                         Ашық сабақ

  Тақырыбы:   «Аңдар».

 

                                          Өткізгін: М.Н. Алиева

 

                            Тақырыбы: « Аңдар».

 Білім беру саласы : Әлеумет, таным, қатынас, шығармашылық .

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Айналамен танысу , көркем әдебиет, тіл дамыту, ҚМТМ.

Мақсаты: 1. Балалардың тілдік қатынас  дағдыларын дамыту .

2. Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере  отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.

3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу,  мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін  ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтын әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойың, әңгімелеу.Жұмбақ шешу.

Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті  ән-ұранмен басталады.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз

Бәріңізді құрметтеп,

Бас иеміз біз! (Ата-аналарға қонақтарға иіліп  амандасады).

Балалар,бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын.

Сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың, кім екенін білесіңдер.

-Жұма сайын біз, яғни  аналарымыз ,апаларымыз не пісіріп таратады?

- Балалар атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен?

Балалар: бауырсақ.

Дұрыс балалар, жарайсындар.

-         Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,сен неге ата, әжесінен қашып келе жатырсын?

-      Бауырсақ: Менің  достарым, мен  нан түрлерін іздеп келемін.

Балалар: Бауырсақ, біз нанның барлық түрін қастерлеп, қадірлейміз. Сен бізбен дос боласыңба бауырсақ?

Бауырсақ: Онда менің шартым бар: балалар бір ойын ойнаймыз «Адасқан сандар» деп аталады. Бірақ балалар мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын.  Сендер  маған көмектесесіндер ме?

Балалар: (Балалар сандарды тура  және кері санап, ретімен орналастырады).

Бауырсақ: Балалар менің тағы да бір шартым бар. Ол ойын. Ойының аты «жақсы-жаман» деп аталады.

Ойының шарты: Ертегідегі  кейіпкердің  жақсы-жаман іс-әрекетін бағалап, геометриялық пішіндер арқылы фишкалармен белгілеиміз.

«Жақсы іс әрекетте» қызыл текшемен , «Жаман іс- әрекет» көк текшемен белгілеп   санап салыстырамыз. Жұмбақтың шешуін  білдіретін  жануарлардың суреттері тақтаға ілінеді.

Жануарлар туралы жұмбақтар.

Жұмбақтың

Шешуі.

Жануар туралы ертегілер.

Жануарлардың ертегідегі іс-әрекеттерін салыстыру.

Балалар геометриялық пішіндерімен жақсы –жаман іс-әрекеттерінді белгілейді.

1. Өзі  аңдардың патшасы Айбарлы түрі бар,Тұла бойында тасыған  күші бар.

2 Жалп-жалп сақалы қолыңнан дәм татады.

3 Орманда тұрады, өзі бір қу. Жүрген жері айқай-шу.

4 Мұртын сипап күн бойы,Бетін сусыз жуады. Тырсылды аңдып күн бойы, Тышқанды көп қуады.

Арыстан

 

 

 

Ешкі

 

 

Түлкі

 

 

 

 

Мысық

«Арыстан мен тышқан».

 

 

«Жеті лақ пен қасқыр»

«түлкі».

 

«Түлкі мен торғай».

 

 

«Шалқан».

Арыстан- ақылды, жақсы.

 

 

Ешкі-ақылды, лақтарына қасқырға есікті ашпауды ескертеді.

Түлкі қулық жасайды.

 

Мысық барлығына көмектеседі.

Қызыл текше.

 

 

 

Қызыл текше.

 

 

Көк текше.

 

 

 

 

Қызыл текше

Тәрбиеші: Белгіленген текшелерді санап, «жақсы мен жаман» әрекеттерді салыстырып, нәтижесін шығарайық. Қызыл текше – 3, Көк – 1. Қайсысы көп екен? Балалар: Бұл жерде жақсы әрекет көп.

-      Міне, балалар, жақсылық әрдайым жамандықты жеңеді. Сендер де жақсы әрекеттер жасап, жамандықтан аулақ жүріндер.

-         Балалар: Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен ата, әжесінен қашып келе жатыр, бізден көмек сұрай келіпті, кәне көмектесеміз бе?

-         Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық. (Сол кезде алдымыздан қоян шығады).

-         Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

-         Бауырсақ: - жемеші мені.

-         Қоян: - сендер онда менің тапсырмамды орындандар.

-         Бауырсақ: жарайды.

-         Қоян: сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендерді босатамын.

Ал енді бойымызды сергітіп, қоян туралы олең айтамыз. «Ұзын құлақ сұр қоян!».

Қоян: Рахмет!(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады).

-      Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

-      Бауырсақ: - жемеші мені.

-    Қасқыр : - сендер онда менің тапсырмамды орындаңдар, сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.

-       Бауырсақ: жарайды.

-         Біз қай елде тұрамыз? ҚР елбасы кім? Қай ауылда тұрасыз? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Апта күндерін ата?

-      Бәрі: тақпақ «Апта деген ағайдын жеті бірдей ұлы бар».

Қасқыр: Рахмет! жарайды. !(балдармен, бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан аю шығады).

-      Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

-       Бауырсақ: - жемеші мені.

-       Аю: - онда маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріндер.

-       Аю: Егер орындасандар мен сендерді босатамын.

-       Бәрі:  сергіту сәтті «Ормандағы аюдың!».

Аю: Рахмет! жарайды. !(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан түлкі шығады).

-       Түлкі:  бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ:

-       Бауырсақ: - жемеші мені.

-   Түлкі: онда мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тапсандар мен сендерді босатамын.

-         Тауықтар қашып жасқанған,

-         Қулығы артық басқа аңнан. (түлкі).

-        Түлкі: Рахмет!

-   Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар,  балалар!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения