Пользователь с логином Рая не найден.
10.06.2012
0
2921
0

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Казахстан.Кызылординской область,

Казалинский район,кент Айтеке би

Демеубай Рая Алкуатовна

учитель начальных классов

средней школы №190 населенного

пункта имени Актан батыра

 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ

САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

   Елімізде ғылыми – технологиялық прогресті жеделдету оқушыларға іргелі пәндер (математика, физика, химия, биология,т.с.с.) бойынша терең білім беруді қажет етеді. Сондықтан Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» Еуразия университетінің 10 жылдығында сөйлеген сөзінде айтқанындай «Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инжинерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруге тиіс» дегенін басшылыққа аламын.Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет.Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық діні жоғары,сана – сезімі дамыған,өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу долдарын үйрету.Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде,әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат – міндеттерін анықтап,соларды іске асырудың өзінің оқу әрекетінің мақсат – міндеттерін анықтап,соларды іске асырудың нақтытәсілдері мен амалдарының қолданып,өзін – өзі бақылап отыруға тиіс.Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік,талпыныс,қызығушылық,танымдық белсенділік қалыптасады.Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған,белсенді,өмірге талпынысы,қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық мәселелері оқу процесіндегі толығымен орындалмай отырғандығын көрсетеді. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге деиін аз айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп отырса білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.Бұл аумақты да күрделі мәселе қоғамымыздың,жалпы әлемдік қауымдастықтыңпринциптік жағынанжаңа жалпы білім беру жүйесінқалыптастыру міндетін жүктейді.Осы міндеттің жалпы бағдары қоршаған ортада толыққанды тіршілік ете алатындай қажетті әрі дамытуға бағытталуы тиіс.Соған байланысты оқушы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс оқи,жаза,сөйлей білуге машықтанады да,оның алғашқы баспалдағы кәдімгі «Әліппе».Бұл бәрімізге таныс құралды меңгерген бала әрі оқи,әрі жазуды жаза біледі деп есептесек сынып жоғарлаған сайын сауаттылықтың басқа қырлары көрінеді.Соның бірі – «математикалық сауаттылық».
Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе,алгебра,геометрия,тригонометрия әлеміне енген сайын басқа жаңа талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V, X, M, L, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз.Ал енді алгебрада латын,грек әріптерін үйренуге тура келеді.Міне,осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді.Мұғалім бұл әріптерді үренген күнінен бастап теңдеуді шешу X, Y, Z әріптері көп кездеседі,оның оқылуын оқушы дұрыс түсіне білуі керек.Бастауыш сыныптарда жоғарлаған сайын талап та күшейе түседі.Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады,кейін жаңа жазулар мен сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар сақтау қажет.Түзу сызық жоғарыдан төмен,солдан оңға қарай сызыладым.Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда,жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп,тәртіпке бейімделеді де,есептерді де алгаритм немесе логика бойынша тез,әрі сауатты шеше алады,сабаққа да ынтасы арта түседі.Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыш және орта буынның математикалық жаңа мазмұнын жасаудың,онымен үйлесімді оқытудың әдіс – тәсілдерін,құрал – жабдықтарын жәнеұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттігін көрсетеді.Осыған орай бүгінгі күн талбына даярланған,көзі ашық,білім дәрежесі жоғары,жан – жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр.Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ.Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып,оның қыр – сырын толығыен түсіндіре жалпылау.Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыста нақты айтылуы мен жазылуын ескере отырып,математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу керек. Математикалық сауаттылық функциональдық сауаттылықтың бір тармағы болып табылады.Сауаттылық қызметі – алған білім,білік,дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді.Мен өзім сабақ беретін сыныбымды рефлективтік сұрақтар қоя білуге үйретемін. Оқушы жауап беріп қана қоймай есептер сұрақтар құрастыра алуға үйренеді. Ал бұл рефлексияны дамытады. Шығармашылық белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып,қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады.Осыған қоса,көп жылғы іс – тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі,оқытылу дәрежесі жоғары болған сайын,оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында дамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар. Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға,ұғымдары дұрыс қолданылып,дұрыс ажыратуға көңіл бөліп қосымшы жұмыстар жүргізу арқылы қалыптастыруға болады.Оқушының пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен ескере отырып,пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің ерекше маңызы зор.
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста.Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда.Педогогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.Педогогикалық ой – пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл педогогтарды толғандырған.Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір он сегізінші ғасырда пайда болған.
Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» Егемен Қазақстан газеті 2006 жыл № 115 (24368)

2. Б.Баймұханов, З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы дербестігін арттыру» Алматы, 2006ж

3. Н.Кабушева «Математиканы деңгейлеп оқыту технологиясы» ИФМ № 2 2001ж

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения