Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.01.2015
0
550
0

Педагогтың өз білімін жетілдіру – жұмыс барысында кәсіби тұрғыда жоғарлаудың және сәттілікке жетудің бірден-бір маңызды факторы

Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Мырзабаева А.Е.

Қазіргі заман педагогы тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауатты, саяси - экономикалық білімді және ақпараттық - коммуникациялық білімді және ақпараттық - коммуникациялық технологияны жан - жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Оқушылар көбінесе ағылшын тілін қиын пән деп ойлайды. Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан дидактикалық ойындар, логикалық ойын - тапсырмалар оқушылардың білімді толық игеруіне көмектеседі. Дидактикалық тапсырма түрлерін сабақтың әр кезеңінде орны мен мақсатын анықтап, қолдану теориясы мен практикасын педагог алдын ала дайындап отыруы тиіс. Дидактикалық тапсырмалар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелілік маңызы да арта түседі.
Қабілеттілік, дарындылық, логикалық икемділік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады. Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек қой. Өз ойыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу – үлкен өнер. Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде ағылшын тілі сабағының өз орны бар.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай - ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін педагог та пайдалана алады. Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.

Сабақтың соңында оқушылардың сабаққа қабілеттілігі төмендеп, зейіні қалжырай бастаған кезде олардың назарын, ақыл - ойын жұмысқа жұмылдыруға пәрменді әдіс – тәсіл Ойынды қажет болған шақта пайдаланған орынды.  Мұның үстіне ойын оқушылардан белгілі дәрежеде өзінше жұмыс істей білуді қажет етеді. Сондықтан ондай ойын өзінен бұрын орындалған жаттығудан кейін дайындалуы тиіс. Оған жеткілікті уақыт бөлу керек.
Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімдеудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы. Қазақ халқы «ойын баласы» деп баланың ойлауына мүмкіндік туғызып отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары болады. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ойын – жаттығулары пайдаланамыз. Бұл пәрменді тәсілдердің бірі. Грамматикалық ойын - жаттығулар оқушылар арасында белсенді жарыс түрінде өткізіледі. Ойында педагог ойнаушыларды басқарушы (төреші) қызметін атқарады. Жаттығуларды орындау барысында әрбір оқушы немесе топтың алдында өз білімдерін, іскерлігі мен дарындылығын көрсету міндетті қойылады.

Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті елдердің бірін бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді.
«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңалықты енгізу». XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.
«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, облысымыздағы «Өрлеу» педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында болып, әр түрлі инновациялық технологияларды меңгеріп, өз білімімізді жетілдіріп тұрамыз. Бұл да – педагогтардың өз білімін жетілдірудің және сабақ беруде құзіретті маман дайындаудағы сәттілікке жетудің бірден-бір маңызды факторы екенін ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан да, әр педагог өз білімін үнемі курстармен шектеліп қана қоймай, заман талабына сәйкес жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы қажет. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения