Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.01.2015
0
346
0

Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы

Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан обласы,Шыңғырлау ауданы,Шыңғырлау ауылы

Балалар саз мектебі
Домбыра сыныбының мұғалімі
Темирова У.С.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға күй туралы түсінік беру. Музыкалық қабілетін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының музыкалық білімін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай плакат.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Тень - тень» В. Калинников.
«Еркем - ай» халық әні.
«Алма ағаштың аясында»Т. Камалдинов

ІІІ. Сергіту сәті: (тренинг - жаттығу)
Осы өлең жолдарын айтып түрлі дене жаттығуларын жасаймыз.
Қанат қағып жалма - жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Баян болып тартылып,
Барабанша соғамыз.
Домбырамен ән айтып,
Қамажайға билейміз.

ІV. Жаңа сабақ: «Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы».

Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланыс - ты бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады. Осыған орай домбыра мойны да сондай бөлшектерге бөлінеді.
Күйлер - тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер, лирикалық күйлер, халық күйлері болып жіктеледі. Бүгін біз халық күйі «Кеңесті» үйренеміз. Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған.
Күйді орындап көрсету.

«Кеңес» күйі С - dur тональділігінде жазылған. Өлшемі 2/4. Күй бас, негізгі, ортаңғы, буындар мен кіші сағада орындалады.
Дамыту:«Кеңес» күйін нота бойынша талдау. Тактмен жұмыс жасау.
Бекіту:
- Күй дегеніміз не?
- «Кеңес» күйінің авторы кім?
- Халық күйі дегеніміз не?

Қорытындылау: Міне бүгін біз домбырада күй тартып үйрендік. Домбыра тарту өнері атадан балаға ғасырлар бойы рухани дәстүр болып келе жатқан музыкалық мұрамыз. Сондықтан өнерді, музыканы қастерлей білуіміз керек.
Үйге тапсырма: «Кеңес» күйін сағаға дейін нота бойынша жүргізіп қағыстарына қолдарын жаттықтырып келу,ырғақпен ойнау.
Бағалау. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения