Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.01.2015
0
825
0

Мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Қазақстан,Павлодар қаласы
ЖОМ №43

Мұғалім
Қайырбековаға Л.М.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.

 Олар: 
• Дыбыстармен жұмыс; 
2. Сөздіктермен жұмыс; 
3. Сөздік қорларын жетілдіру; 
4. Тіл дамыту; 
5. Ережемен жұмыс; 
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру; 
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді: 
• Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс; 
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі; 
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең; 
• Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту. Мәтінді  оқу арқылы бала дамуына әсер ету үшін , мен өз сабақтарымда әртүрлі әдістерді қолданып отырамын. Әдебиет халқымыздың басынын өткен тарихымен, еліміздің ерлік, елдік дәстүрімен, қазіргі тұрмыс -тіршілігімен , адамдардың қилы тағдырымен, олардың асыл арманымен, мінез құлқымен таныстырады. Көркем шығармадан оқушылар рухани азық, тәлім-тәрбие алады.5-ші сыныптан бастап қазақ әдебиеті пән ретінде оқылады, сондықтан осы кезден бастап баланың әдебиетке деген құмарлығы мен құштарлығын арттыру  және болашақ ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу керек. 5-ші сыныпта оқушылар қазақ халқының мақал-мәтелдерімен, жұмбақтарымен, ертегілерімен танысады.Тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру үшін балаларға түрлі ойындар, суреттеу, әртүрлі тапсырмалар ұсынуға болады. Ертегілерді өткен кезде балаларға кейіпкерге мінездеме бер, суретте деген тапсырмалар беремін .Қызықты оқу үшін оқушылыр ертегіні рольмен оқиды. Кейіпкерлер туралы не білесіңдер?деген сұраққа жауап береді. Ертегі  «Түлкі мен ешкі»  тақтаға суреттер ілінеді.Ешкі   мен  түлкіге мінездеме беріледі Бұл  туралы не білесіңдер?  деген  сұраққа жауап береді.Балалар түлкі мен ешкі туралы білетін ертегілерін, өлеңдерін айтып береді.  Ертегіге кесте сызады.   

 

 

                  .

Ертегінің авторы

Ертегінің аты

Оқиға орны

Кейіпкерлер

Кейіпкер несімен ұнады.

Кімдікі дұрыс.

Соңында не болды?

Ертегінің идеясы

Ертегі қай түрге жатады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеден кейін оқушылар екі кейіпкерді салыстырады.Айырмашылығын және ұқсастығын көрсетеді.Ертегі туралы өз пікірлерін айтып береді.Ендігі сабаққа өзіне ұнаған ертегінің• Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет. Оқулықтардағы  мәтіндер оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:
1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.3) араласып немесе кезектеп оқу.
4) буынға бөліп оқу.
5) мәнерлеп оқу.
6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушының  қызығушылығын есепке алу, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу,  қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.Мәтінмен жұмыс жасау кезінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдануға болады.Мәтінмен жұмыс  арқылы ойды қозғату, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінде  оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мәтіннен жаңа ақпарат алады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың мәтін бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения