Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.01.2015
0
468
0

Отан отбасынан басталады

Қазақстан,Астана қаласы

№36 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім
Адамзатова Ж.О.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың Отан, отбасы туралы түсініктерін кеңейту; лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білу, дұрыс сөйлем құра білу;

2) тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

3) үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту, отбасының саналы мүшесі болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ, дәстүрлі емес.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Ресурстар: интербелсенді тақта,фото, ватман, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң досым, 
Қайырлы күн болсын
 
Күніміз жарық болсын
 
Аспанымыз ашық болсын.
 
Амансыз ба, қонақтар
 
Амансыз ба, әлем
 
Баршаңызға амандық сәлем.

Сәлеметсіңдер ме. Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Отан отбасынан басталады»,  яғни біз Отан, отбасы туралы жайында айтып әңгімелесеміз. Әңгімемізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын, бір-бірімізге тілек айтайық. 

   Шаттық шеңбері:

  Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

  Бір-бірімізге жақындасып,

  Бақыт, күлкі сыйлайық.

  Жүректі біз ашайық,

  Бақыт нұрын шашайық.

  Барлық жақсы тілекті,

 Сіздерге біз арнайық.

әдемі бол

- ақылды бол

- отанның қорғаны бол

- батыл бол

- ізетті бол

- мейірімді бол

- әдепті бол

- сәттілік тілеймін

- Балалар, мен де сендерге сәттілік тілеймін
-Сыныпта кім кезекші? 
-Сыныпта кім жоқ? 
- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

  1. Үй жұмысын тексеру. «Біздің отбасымыз» мәтінді мазмұндау

- Отбасы дегеніміз не? (Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. ). 
- Сен отбасында кімсің? (Мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін т.б.)
      

  1. Жаңа сабақ: Топпен жұмыс

1)    Сабақтың мақсаттарымен таныстыру. 

-          Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Отан отбасынан басталады».

 3) Мәтінмен жұмыс (слайд)

Отбасы- шағын мемлекет

Отбасы әр адамның шағын Отаны. Әр адам отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы, үлкендерді сыйлауды отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын,ең қымбат жандар отбасымызда. Отбасы - шағын мемлекет.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу

ә) Сөздік жұмысы

- Қиын, түсініксіз сөздерді талқылау

Шағын – небольшой

Өсіп өну – расти и развиваться

Жастайымыздан – с детства

Өзгелерге – быть заботливым

Қамқор болуды - быть заботливым

Қымбат - дорогой

б) сұрақ-жауап.

2)      Сурет бойынша жұмыс (слайд):

-          Суретте не бейнеленген?

-          Отбасы қандай?

-          Отбасыда кімдер бар?

-          Енді осы сурет бойынша дұрыс сөйлемдер құрыңдар. (сөздер бөлек-бөлек жазылған)

·         жемпір                    тоқып отыр                әжем

·         оқып отыр             қарындасым               кітап

·         анам                       пісіріп  жатыр             тамақ   

·         теледидар              көріп  отыр                  атам

 Сергіту сәті. Видео «Мен қазақпын»

4) Дәптермен жұмыс

Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.

Берілген сөздер: ата, аға, әпке, жеңге, әже,жезде, шеше, сіңлі, әке.

- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

І топ – сіңлі

ІІ топ – әпке

(әр топқа сөз беріледі)

5) Диалог құру «Менің отбасым»

ІІІ. Сабақты бекіту. Рефлексия
- Еліміздің Отаны – Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.
 
- Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер?

- Тілектеріңді күзгі жапырақтарға жазып, құмырыға жапыстырыңдар.

- Отбасымызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтан «Отан – отбасынан басталады» деген сөзді естеріңде сақтаңдар. 

Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасында  сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады

ІV. Үйге: мәтінді мазмұнын айту, сөздерді жаттау

  1. Бағалау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения