Молдагалиева Эльза Зинеденовна
Должность:учитель русского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, село Акколь
24.01.2015
0
395
0

Доклад для родителей "Школа и родители"

Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады. 
Қазіргі уақытта орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді.

·        Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау;

·        әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету;

·        кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. 
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді.

·        Олар: 
- тәрбие мақсатының реализм идеясы; 
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; 
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы); 
- бала күнінің жартысы; 
- қиын мақсаттық идеясы; 
- сүйеніш идеясы; 
- ірі блоктар идеясы; 
- ата – аналармен ынтымақтастық; 
- мұғалімдердің ынтымақтастығы; 
- өзін - өзі сыйлау идеясы; 
- өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа. 
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды. 
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті. 
Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы 
"Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс. 
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға –бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. 
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады. 
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. 
Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды өзін - өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

                Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы

Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы шырайлық қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата – аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата – аналар арасында ұрыс- керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата – анаға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата ананың есігін қағуды қою керек. 
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата -аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықылыасын оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым –қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың принципі. 
                                  Мұғалімдердің ынтымақтастығы 
Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әртүрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін емес. Әрине, кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады. 
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір біріне қарама қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайларды мұғалімдер арасында да болдырмау керек. 
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден оқу және тәрбие әдістерін жаңарту; екіншіден балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу. 
Өзін өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылады. Демек, оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару әсіресе бала өзін өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды ,өзін - өзі құрметтемейді. 
Осы сияқты мұғалім де өзін - өзі құрметтейді. Өйткені, ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепке өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді. 
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты. 
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету. 
Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді.Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесін шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар тағы басқа) реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл-ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орфндауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек. 
Қабілет, өз абыройын сезу және өзін-өзі ретттеу-демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері.Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы сұрақ қояды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істедім?» Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?» «Мен қалай істеуім керек?», «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» тағы басқа. Мұндай сұрақтарда талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады. 
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады.Әрбір жалпы іске- өнімді еңбек пікір талас жарыс, жорық, демек, түрлі іс-әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларда ұжымда өзін-өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді.осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға оның барысың қадағалап бақылауға үйренеді. Өздерің сол істің иесімін деп сезінеді. 
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін лайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады. 
Міне, мұны демокрацияландыру мен жариялылық принципті дейді. 
Оқу-тәрбие жұмысының барысында орын ала бастаған жаңа идеяның бірі бұл бала күнінің жартысы жайлы. 
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушылардың өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-әрекеттеріне (спорт, музыка, пән үйіремелері, өнімді еңбек тағы басқа) арналады. 
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шәкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс 
Тірек идеясы - әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп ( күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оөқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізу де мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады. 
Оқытудың мұндай формалары балалардың жан-жақты дамуына, бірқалыпты білім алуына кері әсер етеді, өйткені балаларда күдіктену байқалады. Осының нәтижесінде олар бізде екінші қатардағы оқушыларымыз ба деген ойға бөленеді, оқуға ықыласы төмендейді. Олар жеке – жеке экспримент жасап, бәрі бір тірек идеясына келді: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы, С.Н. Лысенкованың тірек үлгілері, Е.Н. Ильинннің тірек бөлшегі (деталь) тағы басқа. Тірек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқының бұзбайды, оның тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір оқушы түрлі тірек формаларын өзінің жауабында пайдаланады. Мысалы: ереженің жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдер тағы басқа. 
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет. 
Жаңа идеялар мектептегі демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады. 
Демократияландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлкет, қоғам) қатыстыру.

 Мектеп –бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық- мемлекеттік танылған жүйе. 
Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болыуы тиіс.

  Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында-балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету. 
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды. 

Ата – анамен ынтымақтасты нығайту мақсатында мектепте   ата-аналар үшiн балалардың қатысуымен ата-аналық лекторийлер, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзу көзделген.Осы мақсатта оқу кабинеттерінде, кіреберіс фойеде БҰҰ-ның бала құқықтары жөнiндегi

Конвенциясына арналған стендтер, бұрыштар, кiтапханада құқықтық бiлiм беру жөнiндегi стендтер ресiмделген.   

Ынтымақтастық технологиясы тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Ынтымақтастық технологиясын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін-өзі іске алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Егерде ынтымақтастық технологиясы мен дәстүрлі оқыту әдістерін салыстыратын болсақ көптеген ерекшеліктерін атап өтуге болады.

 

Ынтымақтастық технологиясы

Дәстүрлі оқыту әдісі

1

      Сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы болмайды, барлығы қандай да болмасын оқу-танымдық іс-әрекетке басқалармен бірігіп қатысып отырады, жұмыссыздыққа уақыт болмайды.

      Сабақ үстінде оқушылардың жартысынан азы ғана нақты оқу-танымдық жұмыспен айналысады, қалғандары сабаққа немқұрайлы қарайды.

2

      Сабақта өз пікірін көпшілік талқысына салмаған оқушы болмайды, барлығы сабақтағы қарастырылып отырған мәселе бойынша ойларын ортаға салады.

      Әр сабақ сайын тек белсенді оқушылар ғана сабақ айтып бағаланады, қалғандары сабаққа дайындықсыз немесе дайындықтары толық қанағаттандырмайды.

3

      Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша оқулықтан тыс қосымша материалдарды өте көп іздестіреді, жауаптары мазмұнды, фактілерге негізделген болады. 

      Көптеген жағдайларда оқушылардың жауабы жаттанды, кітап көлемінде ғана болады.

 

 

 

 

4

       Оқушылар өзара көмектесіп, ынтымақтастық негізінде өздерін өздері дамытуға бағытталған.

      Әрбір оқушы өз бетінше білім алуға тырысады, өзара көмектесу байқалмайды.

5

        Мұғалім оқушылардың кеңесшісі ретінде тек бағыт қана беріп тұрады, барлық белсенділікті оқушыларға жүктейді.

      Оқушылар мұғалімнің айтқанын ғана орындайды, барлық белсенділік мұғалімге, оқушылардың барлығынан танымдық белсенділік, қызығушылық бірдей байқалмайды. 

6

      Ынтымақтастық   технологиясымен

оқытылған оқушылар ұйымшыл, алғыр, белсенді, өз күштеріне сенімді, пікірлерін еркін жеткізе алады.

     Оқушылардың

көпшілігінде еркін өз ойларын жеткізу, көпшілік алдында дәлелдеу қабілеттері толық дамымаған, өзара ұйымшылдық  байқалм-ы

 Сонымен, ынтымақтастық технологиясының идеялары қазіргі көптеген педагогикалық технологиялардың негізі болып табылады. Аталған педагогикалық технологияның жетекші идеясы –гуманистік, тұлғаны дамытуға бағыттылық, субъект –субъектілік қарым-қатынас идеясы. Мұғалім-оқушы деген қарым-қатынастық жүйеде тепе-теңдік, демократиялық стиль орныққан, ешкім ешкімге бұйрық бермейді, тек жағымды жағдай туғызуға ұмтылады. Ынтымақтастық технологиясының негізгі бағыттары:

·        оқушы тұлғасын гумандық-жекелік тұрғыдан қарастыру, ішкі күштері мен мүмкіншіліктерін ояту;

·        дидактикалық, дамытушылық бағыт, оқыту мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырылады;

·        тәрбиелеу тұжырымдамасы, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·        қоршағану тұжырымдамасы, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыпттік институттарды ынтымақтастық әрекеттерін қалыптастыру.

Ынтымақтастық технологиясын пайдалану болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика кезінде оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасауда көп септігін тигізеді. Себебі қазіргі мектептегі балалардың талаптары, даму деңгейлері тез өзгеруде. Оларға жай келісімділік позициясы жеткілікті емес, олар мұғалімдермен оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтасуды қалайды. Дұрыс ойластырылып ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас арқылы ғана оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру, олардың қабілеттерін, дене, ой және моральдық сапасын дамыту мүмкін.

 

Сондықтан болашақ мұғалімдерге, жас мұғалімдерге қазіргі педагогикалық технологиялардың тұжырымдамалық негіздерін, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан танып білу абзал. 
                    Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формулалары.

Мектеп оқу – тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата – аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата – аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата – аналарға педагогикалық білім беру.

Қазір ата – аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата – аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ата – аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық – психологиялық білім негіздерімен ата – аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата – аналар комитеті мұғалімдерге, ата – аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата – аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения