Дюсупова Калима Калымкановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
22.01.2015
0
527
0

Открытый урок по развитию речи "Обучение детей пересказыванию текста"

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                             

                                             

Каирканова Сайран Талдыбаевна. Тәрбиеші.

КМҚК «Дәншік» балабақшасы. ШҚО Кокпекті ауданы, Самар ауылы.

 

Бөлімі:   Тіл дамыту                                        

Тақырыбы:  Ойыншықтар достығы (мазмұндап әңгімелеу)

Мақсаты: Шығарма әңгімелерді мазмұңдап баяндап  беруді үйрету.

Білім беру: Шығарма әңгімелерді тыңдауды, мағынасын түсініп  және байланыстырып  әңгімелеп беруді үйрету.

Дамыту: есте сақтау, ойлау қабілетін және  сөйлемнің грамматикалық  құрылымын байланыстыруын дамыту.

Тәрбиелеу: бір-біріне қол үшін беріп мйірімділікке баулу, айналадағы адамдарды сыйлауды білу, әдепті болуға тәрбиелеу.

Аймақтық компонент:  Біздің аймақта және Қазақстанымыздың барлық аймақтарында халық тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

Әдіс,тәсілдері:  Әңгімелесу, сөздік жұмыс,  сурақтар, көмектесу, мақал-мәтелдер, сөздік ойындар,  ТРИЗ  элементтерін және ойындарын қолдану.

«Ия –жоқ» (данетка»),  «Егерде ...»,  денсаулық сақтау технологиясын -сергіту сәт жасау. ИКТ қолдану.

 

Қажетті құралдар:   Жазушының портреті және әдеби шығарма кітабі.

Мотивациялық   қозғаушылық :

Қайырлы таң, әсем күннің шуағы,

Қайырлы таң, жасыл  әлем, тіршіліктің қуаты.

Қайырлы күн, Отан, Елім, Жерім!

Қайырлы күн, саған, маған, сізге де.

Қайырлы күн, құрметті апайлар!

Тәрб: Сырымен бөлісетін, әркез қасыңда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиін кезде қасыңнан табылатын кім?

Тәрб:  Дос қандай болу керек?(Дос шыншыл болу керек, дос мейірімді, жақсы, ақылды т.б)

Біреу есікті қағып  топқа  кіреді.

Почтальон:  Сәлеметсіңдерме,  балалар,  мен  почтальонмын  

Мына қорапты  «Айгөлек»  балабақшасындағы 

балалар  сендерге жіберді.

Ұйымдастыру-іздестіру:

Мына қораптың  ішінде не бар екенің (ашып қарайды).  Кәне балалар не бар екенің кім табады?

ТРИЗ ойыны:  «Ия –жоқ»  («данетка») 

Тәрб: ескертемін – бұл зат тірі табиғаттан емес.

Бала:  Қолжасамды зат па?

Тәрб: Ия.

Бала:  Ол ойыншық па?

Тәрб:  Жоқ.

Бала:  Ыдыс па?

Тәрб:  Жоқ.

Бала:  Оқу құралдарі  ма?

Тәрб: Ия.

Бала:  Дәптер ме?

Тәрб:  Жоқ.

Бала: Қылқалам шығар?

Тәрб:  Жоқ.

Бала:  Қарындаш?

Тәрб:  Жоқ.

Бала:  Кітап шығар?

Тәрб:  Ия, балалар таптыңдар.

Осы кітаптың ішінен  бір әңгіме оқып берейін. 

Әңгімені жазған Татьяна Благовещенская .

Орыс халық елінің жазушысы.

Міне портреті. (көрсетеді)

Шығарма әңгіме  «Ойыншықтар достығы»  деп аталады.

Кітаптан  оқу.

Не туралы әңгіме?

Қуыршақ қандай болды?

Қалай ойлайсыңдар  ойыншықтардың қылықтары дұрыс болды ма?

Көмектесті дейсіңдер  оларды  дос деп айтуға болама? Неге ?

Мына сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер:  әдемілігіне  масаттанған, тәкаппар қуыршақ,  Қонжық  жұбатады,  ажарлана түскендей.

Біздің аймақта халық  қалай өмір сүріп жатыр?  Қазақстанымыздың барлық аймақтарында халық тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

Тағы оқимын мұқият тыңдаңдар сендер баяндап бересіңдер.

Тағы бір рет оқылады.

(Тақтаға әңгіменің моделі қойылады)

                                                       2                                

1                                                                                                           3

 

 

Тәрбиеші тақтада ілініп тұрған кішілеу тіктөрт бұрышқа көрсетеді.(1)

Тәрб:  Басында қуыршақ  қандай болды қай жерде отырды   Нурахмет  айтып береді.

Жақсы енді  ең маңыздысы.

 Тәрбиеші үлкен шаршыны көрсетеді. (2)

Қуыршақ  қандай жағдайға тап болды және нелер көмектесті екенін Ерасыл жалғастырады.

Оқиға немен аяқталды,  қуыршақ нені түсінді екенін Баян айтып береді.

Тәрбиеші ең кішкентай үшбұрышты көрсетеді. (3)

Осы әңгімені басынан аяғына дейін  Нурай баяндап береді.

Сергіту сәт: 

Триз ойыны: 

Өздеріңді  қуыршақтың орына қойып елестетіңдер:  сендер сондай жағдайға тап болсаңдар не ойлайтын едіңдер? (Мен қолымды ауыртып алдым,  маған біреу көмектесіп, қолын берсе екен деп ойладым  т.с)

Сөздік  дид/ойын:  «Егерде...»

«Егерде  танымайтын адам жолда аяғы тайып  құлап жатса сен не істер едің?

(мен қолынан алып көтерер едім, мен жедел жәрдем  шақырар едім, мен таяғын әперер едім, мен сөмкесін әперер едім, мен жолдын шетіне жетектеп апаратын едім, мен «қалыңыз жақсы ма ?» деп сұрар едім т.с)

Қорытындысы: 

Әңгімені кім жазды?

Әңгіме қалай  аталады?

Кейіпкерлердің қайсы ұнады?

Неге?

Осы әңгімеден қандай сабақ алуға болады?

Тәрбиеші:  Балалар,  қораптын  ішінде тағы бірдеме бар, бұл не?

(балаларға сыйлық)

Балалар шеңбер құрып  тұрады:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға ,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Тәрбиеші:  Өте жақсы балалар.  Осы жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық.

Күтілетін нәтиже:

  Нені  біледі:  «Ойыншықтар достығы» әңгіменің мазмұның  және кім жазғанын біледі

  Қандай  түсініктерді игерді:  әңгімелерді жазушылар жазады, шығармаларды оқып білу керек екенін.

  Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Шығарма әңгімені  мазмұңдап баяндап  беруді үйренді,  қойылған сұрақтарға  жауап берді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения