Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
22.01.2015
1
1438
7

Ойын элементтерін қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру





Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш сынып мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығармашылық  жұмыс

Тақырыбы: “Ойын элементтерін қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Бастауыш  сынып мұғалімі: Сабирова Қалбибі Сабыровна

Шығармашылық жұмыстың  өзектілігі: Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, жаңа стратегиялық бағыт-бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы –осының бәрі білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды қайта жаңғыртуға қосар үлесін арттыруда. Осы себепті Қазақстан Республикасының білім беру саясаты 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді бағдарға алды. 12 жылдық білім берудің мақсаты, мазмұны, функционалдық сауаттылық талаптарына негізделген күтілетін нәтижесі білім берудің әдіснамасын түбегейлі жаңартуды талап етеді.

 

Шығармашылық жұмыстың  мақсаты: Оқушылар бағдарламаның берілген тарауын, бөлімін не мақсатпен, не үшін оқып жатқанын, онда нені біліп шығуы, меңгеруі тиіс екенін түсінеді. Оқыта үйрету ойын барысында оқушылар бір – бірінің көмегімен психологиялық  жағынан әдістеме талабына  сай  келетін  шығармашылық іскерлігі тәжірибесін қалыптастырады.  Белсенді оқушылар басқалардан ерекшеленбеуге  тырысады, ал әлсіздері күтпеген жерден жасырын қабілеттерін көрсете бастайды, яғни, бәрі бір деңгейде, бір  дәрежеде болады.

 

Жоспар

       І. Кіріспе

       Ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

       ІІ. Негізгі бөлім

       А) Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлері

       Ә) Танымдық  және дидақтикалық ойындарды тәрбие жұмыстарында  қолдану түрлері

  Б) Логикалық ойлау қабілетін арттыратына

байланысты  қолданылатын ойын түрлері

         ІІІ Қорытынды

       Оқушылардың танымдық және дидактикалық  ойындарды қолдануда сабақты қабылдау нәтижелері

       І. Кіріспе

       Ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

       ІІ. Негізгі бөлім

       А) Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлері

       Ә) Танымдық  және дидақтикалық ойындарды тәрбие жұмыстарында  қолдану түрлері

  Б) Логикалық ойлау қабілетін арттыратына

байланысты  қолданылатын ойын түрлері

         ІІІ Қорытынды

       Оқушылардың танымдық және дидактикалық  ойындарды қолдануда сабақты қабылдау нәтижелері

       Мазмұны:

       Сынып оқушылары  3 топқа бөлініп, өздері ұнатқан  атты таңдап алады. Бөлініп, топ аттарын алғаннан кейін 3 түрлі түсте  боялған парақты алады (қызыл, жасыл, көк). Мұғалім  үстелінің  үстінде  әр  түске  боялған 5 саннан  15 саны  бар тақтайша  жатады. Жүргізуші оқушылар арасынан  дайындалады. Жүргізуші алдымен жоғарыда  айтып өткен парақшаларды  тиісті  сұрақтардың  қастарына  қояды.  Енді ойын  барысында тақтайшаға  кубик лақтырып қай  сан қай  парақта ойналатыны  арқылы  сұрақтарға  жауап беріп отырады. Әр сұраққа  дайындалу  1 минут ,  жауап беру  1,5 минуттан. Бүкіл сұрақ ойналып, жеңімпаз топқа ынталандыру  дипламы беріледі.

       Ойынға керекті құралдар:

       « Сөз тапқанға...»

  1. Суды немен ішесің?
  2. Сенің досың кім?
  3. Жыл басын көрген жануар?
  4. Сенің есімің кім?
  5. Бүгін сенде неше сабақ?
  6. Қандай тағам ұнатасың?
  7. Арманың не?

Қай көшеде тұрасың?

                «Сен білесің бе?»

  1. Үш бидің атын ата.
  2. Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?
  3. Ы.Алтынсарин не ашқан?
  4. Тоқтар Әубәкіров кім?
  5. Адамның сезім мүшелерін ата
  6. Б дыбысы қандай дыбыс?
  7. Қорытынды
  8. Бүгінгі таңда  білім беретін мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан –жақты жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс -әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет .
  9.   Оқушылардың оқу тәрбие саласында шығармашылық қызығушылығына түрткі бола білу – ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Сондықтан тәрбие саласындағы  оқушылардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды міндет. Оқушының таным әрекеттері ішінде ойлау әрекеті жетекші рөл алады. Оқушы белсенділігі берген мәселені сұрау, берілген тапсырманы талдау, салыстру, жинақтау және ғылыми болжам жасау арқылы туындайды. Оқушылардың оқу үрдісінде іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, карта, тірек –сызбаларды қолдану керек.
Комментарии пользователей /1/
справедливость | 3 апреля 2016 19:04
тангалып отырмын, сіздің баяндаманызга менің қандай қатысым бар. Менің фотом, сыныбыммен өткізген сабақ қайдан жүр
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения