Пользователь с логином Дарханасем не найден.
05.06.2012
0
2234
0

Сабақта ақпараттық технологияны пайдалану - заман талабы

Год: 2012

Страна: Казахстан

 

Учитель Математики профессионального лицея №5

Караев Дархан Жилкайдарович

Казахстан,Кызылординская область,Казалинский район,кент Айтеке би


Сабақта ақпараттық технологияны пайдалану -  заман талабы


«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез- келген азаматы елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.» Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі кезеңде елімізде білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп,олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда.Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы,жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары,жоғры білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру,яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға ену басты мәселе болып отырғаны мәлім.Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық қорға айналып,ақпараттық мәдениетті қалыптастыру,яғни өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр.Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандарудың кешенді жоспары жасалуда.Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді.Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға ,барлық пәндерге кіреді.Оқытуда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды.Ол керек оқыту құралы болып қалатын,бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді.Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал.Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар.Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да,сабақ нәтижелерінен көруге болады.Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге де болады.Нәтижесінде оқушы копьютерде жақсы жұмыс жасайды,оқытудың көркемділігі артады,ғылыми – дүние танымдық көзқарастары артады,білімге құштарлығы артады, копьютерлік желілерде еркін жұмыс жасай алу мүмкіндігі артады,ақпаратты алып,өңдеп,сақтауға толық мүмкіндік алады.Сонымен қатар мұғалімнің техникалық жұмыстан қолы босайды,үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалады,мұғалім мен оқушының жұмысы жеңілдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Хабаршы» №3(14) 2009 жыл. /61 бет/
2. «Қазақстан тарихы» №1 2012 жыл /18 бет/

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения