Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.01.2015
0
456
0

Графикалық редактор. Практикалық жұмыс





Казахстан,Астана қаласы
№17 мектеп-гимназиясы
Информатика пәні мұғалімі
Ахатова Анар Ғабдоллақызы

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды  Paint  графикалық  редакторының сурет салу  құралдарымен  және  олардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.                                                                                                                    Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой – өрісін  дамыту, компьютерде Paint редакторының құрал – саймандарымен сурет салуды үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, суретті кестелер, бағалау парағы.

 

Сабақтың өту барысы:

               1. Оқушыларды ұйымдастыру

               2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

               3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

               4. Тапсырмаларды орындау

               5. Сабақты бекіту

               6. Үйге тапсырма беру   

    

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  •         Графикалық   редактор  дегеніміз  не?
  •         “Paint” сөзі  ағылшын   тілінен  аударғанда қандай мағына білдіреді?
  •         Графикалық  редактор  бізге  не  үшін  қажет?
  •         Расторлық  бейнелер  неден  тұрады?
  •         Paint редакторын  қалай  іске  қосамыз?

       

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылар екі топқа бөлініп түстер бойынша тақырыптар таңдайды.

 

          

            

                                     

 

Таңдалған түстер бойынша сәйкестендіру кестесін толтырып, оны қорғайды (7 минутта аяқтаулары қажет).

 

Әр топқа техникалық диктант таратылады, оны орындап, талдайды.

 Сергіту сәті: Бауырсақ

Тапсырмалармен жұмыс

1 - тапсырма

Оқушылар өз қалауы бойынша суреттердін біреуін, Paint редакторында салады және салынған сурет ішіне текст енгізеді.

 

 

 

2 – тапсырма

Шыршаның суретін салып, оның бірнеше көшірмесін шығарады.

 

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

  •         Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
  •         Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  •         Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  •         Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
  •         Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

 

Үйге тапсырма:  Paint графиктік редакторының құралдарын жаттау.

Рефлексия (Флешка, диск, дискета суреттерін қолдану арқылы өз ойларын білдіреді).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения