Пользователь с логином Асемдаде не найден.
05.06.2012
0
1972
0

ҒЫЛЫМ НӘРІ – ІЗДЕНІСТЕ

Год: 2012

Страна: Казахстан

Учитель Химии школа-лицея №26

Демеубаева Асем Кобейсиновна

Казахстан,Кызылординская область,Казалинский район,кент Айтеке би

 

 

Ақыл – тон,аладағанға тозбайтұғын
Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын
Иелік екеуін еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын Тұрмағанбет ақын


Дарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді елеміздің жарқын болашағы.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол – аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға,қорғауға міндетті», деп елеміздің болашағы – жастарға үлкен мән берген.
Қазіргі заман өз ғасыр дәрежесіне сәйкес өте динамикалы дамуда.Осыншама шапшаң өзгермелі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңа бағыт алуы баршамызға аян.Бүгінгі күн талабы - өзгерістерге бейім,кез келген проблеманы икемділікпен шеше алатын, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бұл бағытта жұмыс жасаудың тиімді тәсілі – тұлғаның шығармашылық әлеуетін ояту, яғни зерттеулік ізденіс әрекетіне мүмкіндік туғызу.ХХІ ғасырдың басында - ақ зерттеулік ізденіс біліктері мен дағдылары тек ғалымдарға емес,ол барша адамға сөзсіз қажеттігі айқындалды.Оқытуды зерттеушілік бағытта ұйымдастыру,оның теориялық идеясы мен практикасын біріктіру бүгінгі психологтар мен педогогтадың міндеттеріне жүктелгендігін байқауға болады.Психология және педогогика ғылымдары адам өміріндегі зерттеу тәртібінің ролін, жалпы білім беру үрдісіндегі зерттеулік әдіспен оқытудың бағытын қайта қарастырып бағалауда.Қазіргі білім беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту – қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін ең тиімді әдістердің бірі.
Барлық зерттеулер,ізденіс қажеттілігі оның биологиясына тән қасиет екендігі ешкімге таңсық емес.Зерттеу - балаға тән,қалыпты жағдай.Қайсы да бір дені сау бала зерттеуші болып туады?Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбиді елестетіңізші!? Бала бұл ойыншықты жан – жақты қарайды,уқалайды,умаждайды,жапырады,тістейді,сәл ересектеуі бөлшектерге бөліп тастайды.Кез келген кезде белгісіз обьектіні немесе құбылысты байқаған бала,ересектерге көп сұрақтар қояды.Өкінішке орай, көпдеген жағдайда жауап беруге ересектердің құлқы болмайды.Баланың қажымай, талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы,әуестігі,белгілі бір затты тәжірибелеуге,бақылауға ынталылығы,өмірден өздігінен жаңа мәліметтер іздеуі – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшеліктері.Білмегенді білуге деген құштарлық,үнемі зерттеу белсенділігі – зерттеулік бағытты қалыптастырады.Баланың білуге құштарлығын қолдау және дамыту – білім берудегі маңызды мәселелердің бірі,ал оны шешудің жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеулік жұмытарды ұйымдастыру барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнінде көптеген мәліметтер жинақтайды. Н.И.Павлов «Үй кірпіштен құралатын болса,ғылым деректерден құралады» дегендей әр кірпіштен немесе тастан құралған үйінді үй деп саналмайды, дәл солай кез – келген деректің жиынтығы да ғылыми білім бола алмайды.Сондықтан «ғылым» деген сөздің мағынасы ежелден «ұйымдастырылыған білім» білім түсіндірілген.Жас жеткіншек байқау жүргізу немесе тәрбиелеу нәтижесінде алынған деректері,болжамдары,топтастыру схемалары,тіпті айқындалған заңдары екендігін түсіну қажет.Бұлары ғылым ретінде ұйымдастырылған - теория.Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.
12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта мектеп бағдарламасында «Зерттеу негіздері» курстары қарастырылған.Курстың мақсаты – оқушыларды зерттеу әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру.Баланың ойлау тәсілдерін үйрету және зерттеушілк мәдениетін қалыптастыру үшін зерттеулік оқытуды бастауыш мектептен бастау керек.Себебі, бастауыш мектеп баланың санасын қарқынды дамитын маңызды,қайталанбас кезеңі.Зерттеу ізденісі баланың қызығушылығын арттыратын,өзіне тартып құмартатын іс. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде «зерттеу әдісі», «жобалау әдісі» деген ұғымдар жиі қолданылуда.Зерттеу әлеміне енді аяқ басқан балаға бұл әдістеді ажырата білудің маңызы зор.Сонымен «зерттеу жұмысы» және «жоба» ұғымдарының айырмашылығын талдайық.Зерттеу – риясыз шындық іздену,ал жобалау – туындаған мәселені саналы турде шешу.Сондықтан үнемі ізденіс пен шығармашылықты қажет етеді.Себебі,ол – белгісіз тың жол.Зерттеу барысында өзекті мәселені шешу әрекеттерімен қатар,көптеген кедергілер кездеседі.Тіпті ізденіс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсіз немесе қауіпті болуы мүмкін.
Балалардың зерттеу нәтижелерін табысты қорытындылауға семинарлар, конференциялар жаксы ықпал етеді.Зерттеу жұмыстарын қорғау немесе шығармашылық жобаны ұсыну – зерттеп оқудың негізгі кезеңдерінің бірі.оқушылардың жүзеге асырған жобасынқорғау кезеңін елеусіз қалдыруға болмайды.Онсыз зерттеу жұмыстарының аяқталуы мүмкін емес.Қорғау баланың зерттеулік ізденісінің мотиватциясын қалыптастыратын фактор болып табылады.Өз жұмысын қорғау қазіргі өмірде маңызды дағдыларды игеруге мүмкіндік туғызады.Қорғау барысында табылған ақпаратты баяндауға,проблемаға басқаша қарауға,өзінің көзқарасын дәлеледеуге,басқаны сендіруге жаттығады.
Қорғауды жоспарлау нақты мерзімді қажет етпейді.Зерттеулік ізденіспен айналысатын балалар да,олардың шығармашылықтары да әр түрлі болғандығын ескеру қажет.Жұмысты даярлау мерзімі баланың мінез – құлық ерекшелігіне,дайындық деңгейіне және зерттелетін тақырыбына байланысты болады.
«Негізгі материалдарды өздігінен ізденуге мүмкіндік берген жағдайда ғана оқушылардың білім жоғары болады.»(Питер Клайн) Зертеу жұмыстары ұрпақ тәрбиесіне жауаптылығымызды сезіне отырып,ел болашағының тізгінін саналы ұрпақ қолына табыстаудағы алғашқы қадамдардың бірі болмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Хабаршы» №3(14) 2009 жыл. /61 бет/
2. «Химик анықтамалығы» №5 2010 / 1-2 беттер/
3. «Қазақстан тарихы» №1 2012 жыл /18 бет/

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения