Айнагуль Сагинтаева
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Восточно- Казахстанская область
21.01.2015
0
467
0

"Қазақстанның ғалымдары және етістік"

Сагинтаева Айнагүл Қалелқызы

 қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

 

№ 3 орта мектеп,

Курчатов қаласы

Шығыс- Қазақстан облысы

 

Қазақ тілі пәнінен 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары.

Сабақтың мақсаты: Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені қолдануын тексеру, білімдерін жүйелеп, өз пікірін айта білуге қалыптастыру.

 

Білімділік: етістік бойынша алған білімдерін нақтылау, етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру, етістік туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық біліктіліктерін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру, еңбек етуге шақыру, туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: ғалымдар туралы суреттер, слайдтар, интербелсенді тақта, бағалау парақшасы, семантикалық карта, үлестірмелі кестелер, тірек сызбалар.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: аудиовизуальды, интерактивті әдіс, ИКТ.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру  кезеңі.

2.      Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3.      Сабақты қорытындылау.

4.      Бекіту. Оқушы білімін бағалау.

5.      Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында өзін- өзі бағалайды.

II. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны

 

 

Кестеге түсініктеме:

(Цифлы кестеде жасырынды сұрақтар, бұл сұрақтар тышқанның сілтемесімен ашылады. «Етістік»  секторындағы 1-ші сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, 2-ші сұрақ- 20 ұпаймен, 3-ші сұрақ- 30 ұпаймен, 4-ші сұрақ- 40 ұпаймен, солай қалған секторлар да «Етіс», «Етістіктің шақтары», «Етістіктің райлары») Бағалау нормалары: «5» деген баға- 70-80, «4» деген баға- 40-60, «3» деген баға- 10-20

«Етістік» секторы

  1. Болымсыз етістік қалай жасалады?
  2. Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар? Олар қандай етістіктер?
  3. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  4. Тұйық етістік дегеніміз не?

«Етіс» секторы

1.      Қандай жұрнақ екі етіске ортақ?

2.      Көп адамның ісімен орындалатын етістікті қалай атайды?

3.      Қай етістіктің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

4.      Тек бір сөзге жалғанатын етіс жұрнағы?

«Шақ» секторы

  1. Етістіктің шақ категориясы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  2. Өткен шақтың түрлері.
  3. Келер шақ деген не?
  4. Нақ осы шақтың жасалу жолдары?

«Рай» секторы

  1. Қай кезде шартты рай қалау райға ауысады?
  2. Шартты рай қалай жасалады?
  3. Бұйрық райлы етістік деген не?
  4. Ашық рай деген не?

Бұл тапсырманың орындалуы қорытындысы  бағалау параққа енгізіледі.

IIІ.«Білімді де білікті» Оқушылардың назарларын  экрандағы дөңгелектерге аудару.

 

 

Мына дөңгелектерді ашқанда мәтіндерден үзінділер ұсынған. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын табу керек.

Көк түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

 «... Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде ол туралы ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған...» (Қаныш Сәтбаев)

 

Жасыл түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

«... Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді...» (Әлкей Марғұлан)

 

Сары түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

 «...1919 жылы кыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келеді. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды». (Жәутіков Орынбек)

 

Күлгін түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

 «...республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушыларының бірі. Бұл мектеп қазір оның есімімен аталды. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауға және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулық шығарған» (Асфендияров Санжар)

 

ІV. Ғалымдар туралы мәтіндермен жұмыс. Алдын ала топтарға бөлінуді ойластыру.  Оқушылар 5 топқа бөлініп мәтіндермен жұмыс орындайды.

V. Тапсырмалар:

  1. Мәтіннің мазмұнын плакаттарда тірек сызба арқылы ашу. Топтық жұмыстарды тақтада көрсетіп ұсыну.

2.      Тапсырмаларды орындайды (әр топқа үлестірмелі тапсырмалар таратылады):

·                         Мәтіннен етістіктерді белгілеңдер.

·                         Оларды топтастырып жазыңдар. Не себептен солай топтастырғандарыңды дәлелдеңдер.

·                         Семантикалық картамен жұмыс (топтағы оқушылар бұл тапсырманы мәтіндегі кез келген етістіктерді рай категориясына қатысты кестеге толтырады, тапсырма әр оқушымен жекеше орындалады)

 

Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні____________________________

 

 

Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай

«5»

7

4

3

4

«4»

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения