Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
31.05.2012
0
3151
0

Мен Қазақстанның болашағымын

Год: 2012

Страна: Казахстан

№2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының

тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы 

Қызылорда облысы. Арал қаласы

Тақырыбы:

«Мен Қазақстанның болашағымын»


Мақсаты: Адам  баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң

                  қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу

                 Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу.

                Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт  

                көрсету

                Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға

               қалыптастыру

Әдісі :  пікірталас.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, интерактивті тақта.

Барысы.

Кіріспе:

Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.

Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа  ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.

Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

ХХI  ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?

                                                        1-жаттығу

                                                    «Мен хирургпын»

Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін анықтау.

Ауруханада бес ауру жатыр. Сіздер дәрігерсіздер. Емдеу үшін сіз ауырып жатқан адамдарыңызға жүрек салуларыңыз керек, бірақ жүрек жалғыз. Сіз кімге көмектесекр едіңіз?

  1. көп балалы ана.70жаста.
  2. 5-айлық нәресте,қыз бала.
  3. 6-жасар ер бала.
  4. құрылысшы.
  5. қаңғыбас.

                                                           2-жаттығу.

                                       «Кеш қалмаңыз бағдарламасы» бойынша

Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.

Деген мақсатта пікірталас ұйымдастыруға шақырамын.

Тақырыбымыз: «Менің болашағым білім бе, әлде ақша ма?»

Осы тақырыпты өрбіту үшін ортаға қонақтарымызды шақырайық.

1. қонақ

 

Жүргізуші: Жас мұраты-білім-тәлім талабы, өнер оқу-жастың қару-жарағы» дегендей, білімнен асар байлық жоқ дейсіз. Осы таөқырып төңірегінде не дейсіз?

Сақтағанова Ақмарал: мен бұл тақырып төңірегінде былай дер едім: Мен негізінен білімді жақтадым, себебі біз келешек Қазақстанның туын тұғырлы, елтаңбасын еңселі ететін Қазақстан жастарымыз. Сондықтан да келешекте тек қана білім керек дер едім. Білімді ұрпақ бар жерде ешқандай қиыншылық болмай тек қана келешекте елімізді көркейтер азамат пен азаматша боларына сенімдіміз. өз жүрегімненшыққан мына өлеңді сіздерге оқып берсем деймін.

Білім керек дер едім мен қолдаса,

Ақша деген бұл өмірде болмаса.

Білімсіздер жүреді тек шаттанып,

Ақшасы мен байлығына мастанып.

 

Жүргізуші:Білімді болып, ақшасыз, қалайша студент атанасыз? Ортаға 2-ші қонағымызды шақырайық.

Сейтімова Сәния: «Мен білім де, ақша да керек деймін. өйткені қазіргі нарыққа байланысты білімді ақша басып кетіп тұр. Сонымен қатар өқазір қалтаңда ақша болмаса, сен оқуға түсе алмайсың, мейлі сенің басыңда білімің бола берсін, сен сонда да ақшаң болмаса оқуға түсе алмайсың».

  1. 1.      2-қонақ

Жүргізуші: Адамдық борышың-халыққа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта соны біл.

–Маған ақшаның қажеті жоқ , мен тек адал еңбек қылсам болды.. Мысалы, менің таңдап тұрған мамандығым мұғалім. Мен мұғалім болып оқушыларға жақсы білім беріп оларды білген сайын тереңдетіп, үйреткім келеді. Мен ақшаны қаламаймын. Тек халқыма адал еңбек қылсам болды.

  1. 2.      3. қонақ

Жүргізуші: Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да.

-Мен мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек деп ойлаймын. Ол мамандықтың ақшасын, ол мамандық арқылы қандай үлкен жетістіктерге жететінін білу керек. Басқа лауазымды адамдар үлкен пайда тауып жатқанда біз неге сондай мамандықты таңдамасқа.

 

                                        3-жаттығу:

Егер мен Президент болсам...

Мұғалім...

Әкім...

Мектеп басшысы ...

Дәрігер..

Заң қызметкері..

 

                                     4-жаттығу:  «Домино»

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек.

                   «Білген сайын келеді біле бергім.»

Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын мұғалімдерге қояды.

Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады., дегендей бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

Оқушылар мен мұғалімдер үшін «Еңбек», «қуаныш», «бейнет», «болашақ», «егемен», «ертең»,т.б тақырып аясында айтылатын сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілек айтып қорытындылау.

 

Скачать урок

n_rsulu3.doc [35,5 Kb] (cкачиваний: 27)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения